Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»

Мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, елін, жерін, жаудан қорғай білуге, ұлы аталардың өмірі үлгісінде тәрбиелеу.   Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап әлпештен өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтарымызды мәңгі естен шығармауымыз қажет. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Адамзат тарихындағы осынау Ұлы Жеңіске жетуде біздің жерлестеріміздің де зор үлесі бар. Жерлестеріміз ел басына күн туып, «ер етігімен су кешкен» қасіретті шақта Отанымыздың бостандығы мен...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»



Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі







Ұлы Отан соғысына 70 жыл толуына

арналған сынып сағаты





Дайындап-өткізген: Тлеуова А.С.






2015 жыл


Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен - аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Биыл еліміз Ұлы Жеңістің 70-жылдығын тойлайды. Сондықтан сынып жетекшіміз Айгүл Серікқызы бізге: «Отан соғысында майдангер болған аталарың туралы мәлімет жинап, тәрбие сағатында таныстырасыңдар» - деп талап қойды.

Бұл тапсырманы ерекше қызығушылықпен орындауға кірістік.

Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»

«Мәңгілік есте кетпес» - атты тәрбие сағатындағы сурет.






Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»

Мен атамның Әсел деген шөбересімін, менің ұлы атам Әлжапаров Қайырбек соғыс ардагері. Ол 1906 жылы Астрахан ауданында, Ковыленка ауылында дүниеге келген. 1920 жылы өз отбасымен бірге Ковыленка ауылынан Жаңа жол ауылына көшіп кетеді. Сол ауылының Жантаева Жекен деген қызына үйленеді. Ел қатарлы малдың арқасында күн көрген. 1941 жылы майданға шақырылады. Атамның әскери құрамы Қиыр Шығыстың шекарасын күзеткен. Жапон әскерілерімен шабуылда шекараны табандылықпен қорғаған. Смоленск бағытындағы шайқаста ауыр жарақат алып госпитальге түскен. 1944 жылы мамыр айында елге оралды. 1948 жылы Ақмола қаласында педучилищені бітіріп, Жаңажол ауылында бастауыш мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. Зейнетке шыққан соң , 1960 жылы Мәдениет ауылына көшіп келген. 1989 жылы 83 жасында дүниеден өткен. Ұлы атамның «Отан соғысы» 2- ші дәрежелі ордені, «Жауыңгерлік еңбегі үшін» медалі және басқа наградалары сақталуда.

Мен ұлы атамды мақтан етемін, өйткені ол ел үшін ерлік етті. Бұл суретте ұлы атам мен менің әкем Ғабит.

Әсел Серікбаева,

Ақмола облысы

Сандықтау ауданы

Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің 3-сынып оқушысы.


















Менің үлкен нағашы атам бар. Оның есімі Билял Жанайдар, ол 1924 жылы 7 қараша айында Мәдениет ауылында дүниеге келді. Атамның отбасында атам және Күлпаш қарындасы болыпты. Нағашы атамның әкесі Билял 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. Кеңес Одағының әскерлерінің 1-ші шабуылынан кейін әкесі Билял хабарсыз кетті. Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»

1943 жылы қаңтар айында атам әскерге кетті. Ол Монголия госпиталінде санинструктор болып 6 ай жұмыс істеді. Кейін Вологодск ауданына жіберілді, онда атам ВМ-13 «Катюша» минаметімен жүрді. Үшінші Белорус майданының шайқастарына қатысты.

Әскерден атам 1946 жылы оралды. Ауылға келгеннен кейін мұғалімдік училищені, Қарағанды мұғалімдік институтын бітірді. Атам Жанайдар 1954 жылы үйленіп, 4 ұл және 1қыз бала туды. 20 жыл мұғалім болып Жалтыр кентінде қызмет атқарған. 1970 жылы нағашы атам Мәдениет ауылына оралды.

Қазір нағашы атам Атбасар қаласында тұрады. Атамда 14 немере және 8 шөбере бар.

Алмаз Ким,

Ақмола облысы

Сандықтау ауданы

Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің 4-сынып оқушысы.







Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»

Топарбаев Айтман - 1928 жылдың 1 ақпанында Көкшетау облысы Енбекшілдер ауданы Казгородок аулында туған. Соғыстың басында оған 13 жас болды. Мектептің 5 сыныбын бітірді. Соғыс жылдары ауылда барлық жұмыстарды істеді, тракторды меңгерді, жер жыртып, егін екті, нан өнімін өсіру мен жинау арқылы майданға көмек көрсетті. Қыс уақытында малға қарады.

1948 жылы әскерге аттанды. №2873 әскери бөліміне түсті, 1951 жылға дейін үш жыл бойы мерген болды. Ерекше қызметі үшін және саясаттық дайындығы үшін В.И.Ленинның кесенесіне күзетке алынды. Әскерден кейін Мәдениет ауылына келді. Әртүрлі жұмыстарда істеді, тың жердің көтерісіне қатысты, тракторшы болып істеді, «Тың жерді ирергені үшін» атты медалімен марапатталды. (1957 жыл). 1975 жылы қайтыс болды.



Жасмин Топарбаева,

Ақмола облысы

Сандықтау ауданы

Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің 3-сынып оқушысы.



















Менің атам Бекбергенов Әлібек (1912-1983). Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 11 қаңтар 1912 жылы Ақмола облысы Жосалы ауылында туып, 8 жылдық мектебін бітіріп, қалаға медресе оқуына түсті. Мектепті бітірген соң ол Қарағанды қаласындағы «Горный» техникумға түсіп оқыды, 1934-1939 жылдары шахтада жұмыс істеді.Классный час: «Мәңгілік есте кетпес»

1939 жылы әскерге шақырылды. Менің атам Ұлы Отан соғысында Шығыс майданында болды. Совет Одағы Жапониямен шекарасында соғысты. Жапон фронтында сержант болып қызмет атқарды. 8 жыл әскери міндетін атқарып соғыстан аман келді.

Соғыстан кейін қарағанды қаласындағы № 47 шахтада жұмыс істеп 1948 Томский политехнический институтқа түсіп, «Горный техник» мамандығына ие болды. Институтты бітірген соң шахтаны басқарды.

1954 жылы партияның бұйрығымен «Ұлытау» МТС-ның директоры болып жұмыс атқарған. Зейнетке шыққан соң атам жұмысын жалғастырды. Осы қызметте жүріп, атам отбасын құрды, балалы-шағалы болды. 1969 жылы ауылға қайтадан көшіп келді. Ерлік үшін «За победу над фашистской Германией», «За отвагу» атты медальдармен марапатталды. Мен арғы атамды мақтан тұтамын. Атамның жеңісі - менің де жеңісім!

0




Ануар Әлібеков,

Ақмола облысы

Сандықтау ауданы

Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің 3-сынып оқушысы.






МӘҢГІЛІК ЕСТЕ КЕТПЕС

Мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, елін, жерін, жаудан қорғай білуге, ұлы аталардың өмірі үлгісінде тәрбиелеу.

Томирис: 1941 жылдың 22 маусымы күні сағат таңғы 4 -те фашистік Германия Отанымызға тұтқиылдан шабуыл жасады. Әлемде дүрліктірген алапат дауыл халықтың жүрегін қан жылатты. Тыныш жатқан халықты бір бірінен ажыратып, анасын баласынан, баласын анасынан, бауырынан айырған сұрапыл соғыс басталды.

Томирис: СОҒЫС

Айгерім: Жараланған жүрек,

Рустам: Үзілген армия,

Тамерлан: Отқа оранған орман,

Ануар: Төгілген жас қан,

Айсара: Өртенген аспан

Жараланған жүрек Отқа оранған орман

СОҒЫС

Үзілген армия Төгілген жас қан

Өртенген аспан


Соғыс туралы музыка ойнап тұрады.

Жасмин:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Асель:

Соғыс жалмап аға іні бауырды,

Зар жылатып тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Тамерлан:

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді.

Ануар:

Бейбіт көктем таң атқалы,

Шуақты күн таратты әнін.

Білемін тарихтан мен 45- тен бері

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

Сабина:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан әр күнге.

Рустам:

Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Азаттықтың жемісін.

Айгерім:

Ойлап, ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп.

Қуанышты мереке,

Жеңіс күні қай күн?- деп.

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым,

Тосты бәрі құлағын.

Дұрыс сенің сұрағың,

Бейбіт күннің бәрі де.

Жеңіс күні, шырағым!

Айсара:

Соғыс қайта болмасын

Бәйшешектер солмасын

Еліміз бейбіт күн кешіп

Бір алла өзі қолдасын

Соғыстың сөніп ошағы

Қайғыдан көңіл босады

Бірлікпенен күн кешсек

Бір бақыт бізді тосады.

Томирис: Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап әлпештен өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтарымызды мәңгі естен шығармауымыз қажет. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Адамзат тарихындағы осынау Ұлы Жеңіске жетуде біздің жерлестеріміздің де зор үлесі бар.

Мұғалім: Жерлестеріміз ел басына күн туып, «ер етігімен су кешкен» қасіретті шақта Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін кеуделерін от пен оққа тосты.

Оқушылар сөйлейді. (ұлы аталар жөнінде оқушылар өздері жинаған мәліметтерімен таныстырады). Алмаз, Асель, Ануар, Жасмин.

Оқушылар өлең орындайды.







© 2010-2022