Сабақ барысында қолданылатын тренингтер

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг - кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі. Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі.Оқушылар тәрбиесінде тренингтің көмегі зор.

Тренинг - әмбебап әдіс болып саналады. Өйткені оны мектеп оқушыларымен де, жасөспірімдердің арасында да, ата - аналармен, мұғалімдермен жұмыс жасағанда да қолдануға болады.

Психологиялық, әлеуметтік, мәдени тренингтер белгілі ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзетуге, өзін - өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі.Тренингті өзіне тән ерекшеліктеріне, мақсатына, шартына қарай таңдап алу қажет. Тренинг оқушылардың қызығушылықтарын арттыра алатындай, өз ойларын ортаға еркін сала алатындай жағдайда өткізілуі тиіс. Ендеше, әртүрлі жағдайда өткізілетін тренингтер түрлерін ұсынып отырмын. Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:

  • Тиімді қарым-қатынасқа машықтану (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);

  • Эмпатиясын дамыту;

  • Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;

  • Тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;

  • Айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;

  • Тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;

  • Тренингке қатысушылардың мәдениетін қалыптастыру;

  • Байланыс жасау іскерлігін меңгеру;

  • Өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру;

«Құрметті қонақ» тренингі.

Мақсаты: Қатысушылардың әртістік шеберліктерін шыңдау, басқалармен қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін арттыру. Жетекші ойынның мәнін түсіндіреді. Қазір арамыздағы бір адам осы ортадан сыртқа шыға тұрады. Біз шақырмайынша кірмейді. Қалған адамдардың бесеуі ойынға қатысатын әр адамның мінез-құлқын бағалауға әділқазылар құрамын құрады. Есіктің сыртындағы адам - біздің құрметті қонағымыз. Ол шетелдік, өзінің және біздің халық аралығындағы шынайы қатынасты дамытуға белгілі үлесін қосқан тұлға. Шетелдік адам алдын ала өзін кез-келген ұлтқа тиістілігін анықтап алып, қай ұлттың өкілі екенін таныстырады. Арамыздағы бір адам сол қонақты алып жүруші. Әрі біздің қонағымыздың тілмашы, осы ортаға ертіп келеді.Әрі қарай әр адам қонақпен қол алысып, одан бір нәрсені сұрап, әнгімелесіп,қалай да оның ішін пыстырмаудың амалын ойлау керек. Әділқазылар алқасы бір-бірімен байланыспай, шешім қабылдап, қай адам өзін қонақпен араласуда салқындық көрсетіп, қысылатын болса, оған ұпайды төмен қояды. Әділқазылар бағалары бойынша орта арифметикалық бағаны қатысушының әр қайсысына шығарады».

Талқылау:

  • Қарым-қатыныста қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

  • Егер осы ойынды қайталасақ, Сіз өзіңізді жеңіл, еркін ойнайсыз ба?

  • Мінез-құлқыңыздың бағытын өзгертер ме едіңіз?

«Таңдау» тренингі.

Мақсаты: Мақал - мәтелдердің, өсиет сөздердің мағынасын түсіне білуге, өз ойларын ортада еркін жеткізе білуге жағдай жасау. Топ мүшелері орындарынын тұрады. Орындықтарды екі жақтағы қабырғаға тізбектен орналастыру қажет. Жетекші қатысушыларға тапсырманы түсіндіреді. Сіздер ұрпақтан-ұрпаққа таралған, ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіндегі өсиет сөздермен, мақал-мәтелдердің сан түрін білесіздер. Қазір олардың кейбіреуін оқып беремін. Егер оның мазмұнымен келіссеңіз, оң жақта орналасқан орындыққа отырасыз. Ал келіспесеңіз - сол шеттегі орындықтарға отырасыз. Ортада қалмауы керек. Сіз жауаптың тек біреуін (келісемін немесе келіспеймін) таңдауыңыз қажет.

1. Жер тағдыры - ел тағдыры.

2. Әр адам өз халқының жасаған қателеріне кішкене болса да кінәлі.

3. Бір дінге сенген халықтардың бір-бірін түсінуі оңай.

4. Жаңбырсыз - жер жетім,

Басшысыз - ел жетім.

5. Бірлік бар жерде - тірлік бар.

6. Адамның ұлтынан әрқашан оның халқын көруге болады.

7. Есің бар да еліңді тап.

8. Адам өзін қандай да бір халықтың бөлігі ретінде сезіну қажет.

9. Ер - елдің қорғаны.

10. Әрқашан адам өз ұлты туралы есінде сақтау керек.

11.Халықтар арасындағы өзара ұғыну, олардың қандай дінге сенуіне байланысты емес.

12. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

13.Өз халқыңның өмірдегі салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыпын ұстауға тырысу керек.

14. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

15. Жер көркі-гүл, ел көркі-қыз.

16. Наннан үлкен ұлық жоқ т.б.

Қатысушылар екі топқа бөлініп, талқылау жүргізіледі. Жүргізуші топтың біреуіне мақал-мәтелдің, өсиет сөздердің мағынасын түсіндіруді талап етеді. Мұндай жаттығу ішкі бағыттың анықталуына, өз ойын жеткізуін қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Жаттығу: «Сиқырлы орындық»

Мақсаты: Қиын тапсырманы орындағаннан кейін топтағы қысымды шығару; ортада жаттығуды орындауда назар аудартқан қатысушылардың жетешілік деролизациясын жүргізу. Ортада жаттығуды орындауда аса назар аударқан қатысушыны сиқырлы орындыққа отырғызу керек. Орындықтың сиқырлылығы мынада: орындыққа отырған адамның еш кемшілігі жоқ. Тек мінезінде жағымды қасиеттері бар.Барлық топ мүшелеріне өздерінің білетін, осы адам туралы ойлайтын пікірлерін, барлық мейірімділігін айту ұсынылады. Егер жаттығу баяу, нашар жүрген жағдайда жүргізушінің өзі белсенділік көрсету керек. Содан кейін, бәріне ризашылығын білдіріп, орындықтағы адам басқалар ойларын айтқан кезеңде өзі не сезгені жайлы айтып беруді сұрау тапсырылады. Егер өз еркімен отырғысы келетіндер бар болса, жаттығуды жалғастыруға болады. Соңында ол адамға да қалай әсер еткені жайлы сұрау қажет.

Талқылау: Әр адамнан бұл жаттығу не үшін жүргізілгені сұралады.

«Суретші» тренингі.

Мақсаты: Қатысушылардың сезгіштік қабілеттерін арттыру. Қатысушылар жұптасып тұрады. Оларға серіктестің арқасындағы қағазға қолымен қалаған суретті салу керек. Әрі екінші адам не салғанын шешуі қажет.

Талқылау:

  • Денеге қолдың тигені ұнайды ма?

  • Жағымсыз қандай сезім болды?

  • Серіктесті түсінуге не кедергі жасады (тұлғалық қабылдау ма, қолдың тиген кезеңі ме?)

  • Қарым-қатынаста қалай кедергі жасайды?

«Қарым- қатынас» тренингі.

Мақсаты: Жаңа ортаға келген оқушыларға тренинг жүргізе отырып, оларды бір-біріне деген түсіністікке, достыққа, жолдастыққа, қарым-қатынастың қалыптасуына әсер ету.

Міндеті: оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсарту, адамгершілік қатынастарын қалыптастыру арқылы тұлғаның өсуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне және жетілуге ынталандыру.

Тренинг жүрісі: Қайырлы күн, оқушылар! Бүгін біз сіздің сыныпқа сәті түсіп, тренинг өткізбекшіміз. Сіздер жалпы тренингке қатысып көрдіңіздер ме? Қатысып көрмесеңдер сіздерге үлкен мүмкіндік туып отыр. Бүгін біз сіздің топтың бағалауы арқылы өзіңді жақсы түсінуге мүмкіндік алып қана қоймай, бұл тренинг сіздің бір-біріңіздің арасында түсіністік, жолдастық, достық қарым-қатынастың қалыптасуына әсерін тигізеді деп ойлаймыз.

Жалпы тренингімізді қарым-қатынас дегеніміз не деген сұрақтан бастасақ? Ия, дұрыс айтасыңдар,өзгелермен қарым қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алу деген сөз. Әрине қарым-қатынас ақпарат алумен шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсекте, лекция тыңдасақ да, телефонмен хабарлассақ та, дос-жаранмен сөйлессек те - осының бәрі қарым-қатынастың сан алуан қыры. Солай емеспе келісесіңдер ме? Ендеше бұл ұғымды түсіну үшін, біз алғашқы ойынымызға кезек берейік:

«Көңіл-күй» жаттығуы.

Жүргізуші: бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелеулерің керек.

  • Қабағы түйілген, ашулы адамның кейіпі;

  • Қасқырдан қорықан қоянның;

  • Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсетіңіз;

  • Ұядан тұсіп қалған балапанның бейнесін көрсетіңіз;

  • Мысықтан қорыққан тышқанның;

  • Жәй күліп тұрған қыздың бейнесі;

  • Қатты күліп тұрған қыздың бейнесі;

  • Иттен қорыққан баланың бейнесі;

  • Жылап тұрған баланың бейнесін көрсетіңіз.

«Кім жоғын табу» ойыны.

Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек. Осы уақытта жүргізуші бір баланың иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте ұстау қабілетін және бақылауды тексереді.

«Тазару» Реалаксация.

Өзіңізді жас баланың кейіпінде елестетіңіз. Жақындап көзіне терең үңіліңіз. Көздің тереңдігіндегі мұңды көруге тырысыңыз, өйткені бұл сізге деген махаббат мұңы. Әлгі кішкентай баланы өзіңізге жақын тартып, кеудеңізге қысыңыз. Сондай жақсы көретініңізді айтыңыз. Оның ақылына бас иетініңізді, қателіктер жіберсе де, жөндей білетін жан екеніңізді айтыңыз. Шындығында, бәрі де қателеседі. Қандайда бір көмек керек болса, қасынан табылатыныңызды айтыңыз. Енді осы баланы кішірейтіңіз, бұршақтай болып кішірейгенде қолыңызға алыңыз да, жүрегіңізге басыңыз, онда бүкіл әлемді тазартатын махаббат бар. Денеңізге жылу тарап, мамыражай рахатты сезініңіз. Өміріңіздің басқа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз.

«Тірек нүктесі» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың тіл байлығын дамытумен қатар бір-бірімен жақсы қарым-қатынасын жақсартып, еркін сөйлеуге дамыту.

Барысы: Әр оқушы өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін тіке, сеніммен айту қажет. Алайда сіздер «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай айтулары керек. Көрермендер қатысушыларға өз пікірін айтуға құқы жоқ.Оқушы бойындағы аталған жақсы қасиеттерге, яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндетті емес. Оған сенудің өзі жеткілікті.

«Жақсы тілектер» ойыны.

Мына менің қолымдағы сиқырлы гүл, яғни бұл гүлге жақсы тілектер сыйласаңыз олда сізге өз жүрек жылы сөздерін тілейді. Ендеше барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Мен қазір мына гүлді сол жақтағы оқушыға өз жақсы тілегімді айтып

беремін, сол жағыма беруімнің себебі, адам баласының жүрегі сол жағында болғандықтан мен өзімнің жүрек жылы сөзім және тілегімді білдіремін. Ойын осылай жалғасады.

«Сыйлық» жаттығуы.

Мақсаты: Жағымды көңіл - күй орнату. Өзгелерді қуанта білу сезімін қалыптастыру. Топтағы қатысушылардың әрқайсысы бір-біріне сыйлық сыйлайды. Сыйлықты сыйлау былай басталады: «Менің сізге сыйлығым - ...» Неге сыйлаймын? Не үшін? - деген сұрақтарға жауап беріледі.Тренинг рефлексиямен аяқталады.

«А д а м - с а н» тренингі.

Мақсаты: Бейненің визуалдылығы бойынша қабілеттерді дамыту, шығармашылық тапсырма бере отырып, интеллектуалды, еріктік, эмоцияналды функцияларын стимулдеу, ойдың қарапайым түрінен күрделі түріне өтуіне әсер ету;

Ресурстар: Кең бөлме немесе ашық алаң.

Уақыты: 7-15 минут

Жаттығу барысы: Араларыңыз 1,5 метрдей қашықтықта болатындай қатарға тұрыңыздар. Мен сіздерге 1-ден 9-ға дейінгі сандарды атаймын. Сіздердің міндеттеріңіз: сол сандарды денеңіздің көмегімен көрсету, отырып тұрып, жатып тұрып көрсетесіз бе өз еркіңіз. Ең бастысы -математикалық сандар мен денеңізбен көрсетіп тұрған сандардың сәйкестігі. Келесі кезеңде жұптасып тұра қалады да, оларға 2 мәнді сандар айтылады, 3 мәнді сандарды атағанда үш-үштен тұрғаны дұрыс. Ескерту: шығармашылықты дамытып қана қоймай, бұл ойын достық қарым-қатынасты қалыптастыруға көмектеседі, сонымен қатар дене бұлшық еттері бақылауды дамытады.

Талқылау:

  • Сізге бұл ойын несімен ұнады?

  • Ойынды ойнағанда сіз қандай қиыншылыққа тап болдыңыз.

«Әріптер әлемі» жаттығуы.

Нұсқау: «Қалампыр» сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет (уақыты - 3 минут). Сөз құрауда бір әріпті 2 рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі. Және оқушы оған өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы 9 және одан көп сөз. Орташа деңгей - 7 - 8 сөз. Төменгі деңгей - 6 және одан аз сөз.

«Заттың қолдану тәсілдері» жаттығуы.

Мақсаты: зейін шоғырландыру, құбылыс (заттардың) қалыптан тыс мүмкіндіктерін ашу арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Нұсқау: жақсы танымал бір сөз беріледі, мысалы: «кітап» сөзі. Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдануаясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады,т.б. сондай -ақ , тіс щеткасы, бөтелке, тоқыма сымы, т.с.с. сөздерді пайдалануға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады.

«Артық сөзді тап» жаттығуы.

Мақсаты: ойлау қабілетін, ұқсастықтарға жіктей білу қабілетін дамыту.

Нұсқау: кез - келген 3 сөз беріледі, мысалы: «ит», «қызан», «күн». Белгілері арқылы ұқсастықтары бар 2 сөз қалдырылады да, артық сөзді алып тастау керек. Қалған 2 сөздің өзара ұқсастықтарын, алынып тасталған сөзден айырмашылығын неғұрлым көбірек атау керек. Мысалы: «ит» сөзі артық, «қызан», «күн» сөздері қалдырылады, өйткені олар: дөңгелек, қызғылт, сүтқоректі емес, адамдарға қуат береді. Қалыптан тыс, нақты шешімдер қабылданады (бұлт, мақта, дән), т.б.

«Заттардың қасиеті» жаттығуы.

Мақсаты: ойлау жылдамдығын дамыту, ес қабілетінен ақпарат жылдамдығын алу, жаңа аймақтарға өту қабілетін сезіну. Құрал - жабдықтар: доп.

Нұсқау: қатысушылар шеңбер құрап тұрады.

Жүргізуші: «бұл доп «апельсин». Қазір біздер допты бір - бірімізге лақтырып, оның қандай апельсин екендігін атаймыз. Ойынға бәрі де қатысуы керек. Аталған сапаларды қайталауға болмайды. (дөңгелек, сары, бұжыр, сулы, тәтті, қышқыл, әдемі, симметриялы, т.б.) және басқа да сөздерді (күн, т.б.) қолданылады.

«Өрмекші торы» жаттығуы.

Ол үшін бір дөңгелектенген жіп орамасы қажет.Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші: «қазір әрқайсысыңыз өз есімдеріңізді атап және өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат беруге мүмкіндіктеріңіз бар. Мысалы,саған немен айналысқан ұнайды,сүйікті тағамың немесе ойының қандай?» Өздеріңіз жайлы не айтқыларыңыз келеді? Соны ойланыңыздар.Жүргізуші жаттығуды бастап,атын атап және өзі жайлы шамалы айтады да жіптің бос ұшын ұстап қалып, жіптің орамын қарама -қарсы тұрған қатысушыға лақтырады.Барлығы айтып болғаннан кейін жіп орамы кері «Мен мынадан құтылғым келеді...» деп жиналады.Барлығы бір-біріне қол шапалақтайды.Берілген жаттығудан кейін қатысушылар автобусқа қарай бет алады. Кірерде әрқайсысы ерекшелік белгісіне ие болады.

«Шатасқан шынжырлар» жаттығуы.

Қатысушылар шеңбер жасап тұрады,көздерін жұмып алға оң қолдарын созады.Созылған қолдар бір-бірін ұстайды.Екі қолын басқа адамның қолдарымен ұстасуы керек.Жүргізуші қолдардың бірігуіне және әркімнің екі адамның қолынан ұстағанын қадағалайды.Қатысушылар қолдарын ашады.Олар қолдарын бір-бірінен жібермей ұстай тұра шатаспақты шешуі керек.Қауіпсіздік ретінде қолдарды қалпынан ауыстыруға рұқсат беріледі.Нәтижесі: шеңбер болып немесе бірнеше адамнан құрылған шағын шеңберлер,сақиналар,бірнеше тәуелсіз шеңберлер және жұптар немесе үлкен бір ғана шеңбер шығуы мүмкін.

«Менің жағымды және жағымсыз жақтарым» тренингі.

Ең бірінші әр оқушы өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттерден арылуы қажет.Ол үшін әр оқушы қағазға бойындағы кездесетін,өзіне ұнамайтын жағымсыз қасиеттерді жазады.Барлығы жазып болған соң,қағазды жыртып,қоқыс жәшігіне тастайды.Міне,осылай бойдағы жағымсыз қасиеттерден арыламыз.Енді сендердің бойларында жағымды қасиеттер ғана қалды деп есептейміз. «Көршінің жақсы қасиеттерін ата». Әр оқушы өз көршісінің жақсы жақтарына сипаттама жасайды.

«Рулетка» жаттығуы. (10 минут).

Мақсаты:Топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін есте сақтауын дамыту. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін қаншалықты жақсы білетіндіктерін білуге мүмкіндік береді.Ойынға қызығу екі команданың арасында жарыс туғызады. Топты 2 командаға бөлу. Олар екі шеңбер құрып бір-бірлерінің жанына арқаларын беріп тұрады (топта 16 адамнан болған лазым,өйтпегенде ойын қарқынды түрде өтпейді). Шеңбердің дұрыс болғаны маңызды,себебі,дөңгелене отыра айналу керек және бір-біріне өте жақын,қиылыспағаны абзал.Ойыншылар дұрыс шеңберді ұстап тұру үшін бір-бірінің қолдарын алады.Ойынды бастау туралы Сіз белгі берген соң,екі шеңбер айнала бастайды,біреуі-сағат тілімен,екіншісі -сағат тіліне қарсы.Екі команда алдын-ала, қай бағытта қозғалатынын шешіп алсын. «Тоқта» дегенде орнында қатып қалады.Әр командада шеңберлердің жанасу (немесе түйісу) нүктесінде тұрған бір ойыншы болады.Олар бір-бірін көрмей,бір-біріне арқа жақтарын беріп тұруы керек,ал Сіз олардың бір-біоіне қарамауын қадағалаңыз. Сіз «Толық айналыңдар!» дегенде ,осы жанасу нүктесінде тұрған екеулері 180 градусқа бұрылып бір-бірлеріне қарайды.Қайсысы бір-бірінің есімін бұрын атаса,сол оны өз шеңберіне алады және ойын жалғасады. Талдау: Жаттығу ұнады ма?Не қиындық келтірді?Қандай әсер алдыңыздар?

«Орынды иемдену» жаттығуы.

Мақсаты: Көңіл-күйді көтеру.

Ортада тұрған ойыншы бос орындыққа отыра алмауы үшін,қатысушылар шеңбер бойымен орындықтан-орындыққа орын ауыстырады. Нұсқа:Ортадағы ойыншы өзі орын алу үшін,отырғандарды өзінің бұйрығы бойынша орындарынан ауыстырады (қолында сағаты барлар орындарын ауыстырады,кім түнде қорылдайды орындарын ауыстырады және т.б)

Талдау:Не ұнады?Не ұнамады?Алған әсерлеріңіз қандай?

«Жіп» жаттығуы.

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету.

Нұсқа: Екі қатысушы алынады.Олар 1-5м қашықтықта, бір-бірлеріне арқаларын беріп отырады.Жүргізуші еденге бір қатысушыдан екіншісіне қарай жіп тартып қояды.Жіптің ұштары екі орындық аяқтарының ортасына жату керек.Кім бірінші болып жүргізушінің бұйрығы бойынша жіпті өзіне тартып алса,сол жеңімпаз атанады. Талдау: Жаттығу ұнады ма? Өзімізді қалай сезінуіміз керек?

«Жыпылықтату» жаттығуы.

Мақсаты: Ойыншылар арасында жағымды сезім тудыру.

Қатысушылар жұптарымен шеңбер бойымен орналасады.Жұптың біреуі орындықта отырады,екіншісі орындықтың артында тұрады.Тағы бір ойыншы бос орындықпен тұрады да,отырғандарға білдіртпей кімде-кімге жымиып белгі береді.Сол адам оның орындығына келіп отыру керек.Ал оның артында тұрған ойыншы өз жұбының орнынан тұруына кедергі жасайды. Жұбынан айырылып қалса,бос орындықпен қалған ойыншы жүргізуші болады.

Талдау: Не ұнады?Не ұнамады?Қандай қиындықтарға тап болдың?Қазір не сезіп тұрсың?

«Допты шеңберден шығару» жаттығуы.

Мақсаты:Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету.Ойыншылар қолдарын тізелеріне қойып,шеңбер бойымен бір-біріне өте жақын тұрады.Ортада-жүргізуші.Оның міндеті -допты шеңберден шығару.Допты аяқпен соғуға және допты соққанға дейін тізеден қолды алуға тыйым салынады.Допты өткізіп жіберген ойыншы жүргізуші болады.Егер доп қатысушылардың арасынан өтіп кетсе,онда оң жақтағы ойыншы жүргізуші болады. Талдау: Не ұнады?Не ұнамады? Қазір көңіл-күйлеріңіз қандай?

«Соқыр теке» жаттығуы.

Мақсаты: Топ мүшелерінің арасында жағымды көңіл-күй туғызу.

Ұзын орындық,екі жай орындық және он зат керек.Қатысушылар орындықта отырады.Олардан 15-20 адым қашықтықта ұзын орындық үстіне он зат қойылады.Қатысушылар көздерін байлап алып,5затты өздерінің орындықтарына тасу керек.Осылайша,орындыққа дейін және керісінше 5 рет жүріа өтеді.Орындықтардың орнын ауыстырып жіберуге де болады. Кімнің орындығының үстіне 5 зат қойылса,сол жеңіске жетеді.Ол орындыққа кімнің әкеліп қойғаны есепке алынбайды.Ойыншының көзін байлаған шүберектің астына таза ақ қағаз салынады.Жүргізуші ойыншылардың бір-бірімен соқтықпауын,адаспауын қадағалап,керек жерде көмек береді.Жеңімпаз кез-келген біреуді жарысуға шақырады.Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Өзіңізді қалай сезінудесіз?

«Алфавит» жаттығуы. (20 минут)

Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бақылауға,өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік туғызу,ынтымақтастықты нығайту.Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар.Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді.Олар «команда сезімін» жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді.Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді.Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлаңыз.Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі.Бірінші адым-әркім өз есімін дауыстап және анық айтады (фамилиясыз).

Жүргізуші: Есімдеріңізді қатты,нақты,мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар.Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса,онда : «Тағы да қайталаңызшы» деу керек.Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды.Бәрі есімдерін атап болған соң тапсырманы айтыңыз.Барлығы алфавит бойынша бір қатарға,келесі ережені сақтап тұруы қажет:есімдер алфавиттегі әріптердің орны бойынша ,яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса,бірінші орынға, екінші әріптен басталса,соңғы орынға тұру керек.Қатарға тұру кезінде сөйлеуге,жазуға,есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз жазылған ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды.Қатысушылардың кейбіреуіне ғана өз орындарын ауыстыруға белгі беруге болады.Жаттығудың мақсаты,тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз.Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі,барлығы өзінің есімдерінің қатты дауыстап айтады.Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса,бәрі қайта қайталанады.Қатысушылардың бәрі араласып,алфавит бойынша қайта тұруға тырысады.Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек? Талдау:Тапсырма ұнады ма?Қазір өзіміз қалай сеземіз?Топ бірлігін біз сезе алдық па?

«Адасқан сандар» ойыны.

Шарты: Сандар үйінде түрлі - түсті сандар, геометриялық фигуралар орналасқан. Сол сандарды балалардың әрқайсысына бөліп беру қажет. Әр балаға алған сол санды атап, қандай түспен боялғанын айтып, оны өз орнына қоюы тиіс.

«Тығылмақ» ойыны.

Шарты: Әрбір геометриялық фигураның артына психолог балалардың көзінше аңдарды тығады. Бала сол геометриялық фигураның түсін және қандай фигура екенін айтады. Бала аңның атын атап, қолына алып, орнына отырады.

"Сын түзелмей,мін түзелмейді" психологиялық жаттығуы.

Бұл ойында оқушы алдында екі орындық тұрады.Оқушы өз сыныбындағы бір оқушының немесе ұстазының бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін "Алтын орындыққа" немесе "Қара орындыққа" отыру арқылы айтады.

"Сөйлемді жалғастыр" жаттығуы.

Жақсы өмір - бұл ...

Бақытты адам - ол ...

Мен адамдардың ... жоғары бағалаймын.

Менің өмірімнің маңызы мынада ...

"Тірек нүктесі" тренингі (өзі туралы жақсы пікір).

Әр оқушы өзінің жақсы қасиеттерін тіке, сеніммен айтуы керек.Алайда "бірақ","егерде","мүмкін"деген сөздерді қоспай айтуы керек.Оқушы бойындағы аталған қасиеттеріне яғни тірек нүктелеріне,күшті жақтарына түсінік беру міндет емес.Оған сенудің өзі жеткілікті.

"Есіміңді бейнеле" жаттығуы.

Шарты: Оқушыларға ақ қағазға түрлі-түсті қаламмен өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылады. Нәтижесінде ұқсас гүлдер жинақталып, барлығы тақтаға ілінеді. Балалар, қандай әдемі сурет шықты? Гүлдері ұқсас адамдар мінезі жөнінде де ұқсас болады.Біз ортамыздың гүлі екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз әрқашан қуаныш алып келетінімізді білуімізкерек.
« Карусель » жаттығуы.

Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады.

Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ; мұғалім - оқушы, дәрігер - қаралушы ; полиция -шофер; әке - бала; анасы -қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

«Бүлінген телефон» жаттығуы.

Мақсаты: Есту қабілетін дамытуға арналған. Бірсөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталайды, солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп дауыстап айтады. Мен әрқашан шындықты айтамын

«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» тренингі.

Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл-күйімізді жатықтыра алуға арналады.Жүргізуші:Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер:

1.Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер.

2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.

3.Жылап тұрған адамды көрсету.

4.Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету

5.Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу.

«Ауызша волейбол» жаттығуы.

Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге,бір-бірін терең түсінуге арналады. Допты бір-бірне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы: шыншылдық, мейірімділік, адамдық, адамгершілік,әділдік, кішіпейілдік, батылдық, ұстамдылық, жанашырлық.
Өзінде басым қасиетті айта білулері қаралады.

«Кім екенін тап» жаттығуы.

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі.
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды.Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін танып білуге үйретеді.

«Алып» жаттығуы.

Мақсаты: Ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын,екіншісінің оң аяғын байлайды. Сөйтіп бір белгіленген жерге жетеді. Немесе үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар
бірге жүруге тырысады, бақа құсап секіреді.

«Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйін көтеру, бір-бірімен қарым - қатынасын нығайту .

Шарты : балалар дөңгелене тұрып , жұп - жұп болып , бір - біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .

«Сенімділік» жаттығуы .

Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .

Шарты : Оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді, ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те, ортасы қырқылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.

«Биіктік» жаттығуы .

Мақсаты : Оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту. Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады. Оған мынадай нұсқау беріледі: «Қабырғаға жақын тұр, сосын секір. Қай жерге дейін секіргенін бергілеу».Талдау: бірінші және екінші белгі салыстырылады. Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек:

-Белгі қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?

-Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?

-Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма, әлде нашарлады ма ?

-Қалай ойлайсыңдар, өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме ?

«Мейірімді жануар» жаттығуы.

Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз.Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда.Рахмет.

«Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы.

Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш - бұл...

Мен мынадай адамдарға сенбеймін...

Мен ренжимін, егер...

Мен ұмытпаймын, егер...

Маған көңілсіз, егер...

Мен жақсы істей аламын...

Өзімді жақсы сезінетін орта...

Ең үлкен жетістігім...

Мен сенетін үш адам...

Егер маған дауыс көтерсе, мен...

Мен қарсыласқанда...

Егер мен сенімсіз болсам, онда...

Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік.

Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.



© 2010-2022