Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Қызықты математика»

Мақсаты:Балалардың танымдық қабілетін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру. 2.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. 3.Ұжымда бір- бірін сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу. Мазмұны:Сынып екі топқа бөлінеді.Әр топтан бір бала  «шыбық ат» мінеді.Ойынды басқарушы жүргізеді.Ойын басталатын жерге қазаншұңқырға ұқсатып шеңбер сызып қояды.Сызылған шеңберге ұқсайтын дөңгелек шеңбердің ортасына ыдыс қойып,соған «теңгелер» салынады.Әр топтан бір бала атпен шауып бара жатып тоқтамай,ыдыстан  «теңгені»іліп алып кетеді.Әр сайыскердің іліп алған «теңгелерін» есептеп.,сол  «теңгенің» нөміріне сәйкес карточкалардағы мысалдарды шығарғандары есептеледі. Қай топ көп «теңге» алып,сол...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп








Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Қызықты математика»













Пән мұғалімі Г.М. Атаева

2 «ә» сынып қызықты математикалық кештің үлгі жоспары

Тақырыбы: Қызықты математика

Мақсаты:Балалардың танымдық қабілетін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

2.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Ұжымда бір- бірін сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Кештің барысы:

Бастаушы сөзі

Өлеңдер «Математика»

1.Топтың аты ,ұраны,төсбелгі

2.Сөзжұмбақ

3.«Кім жылдам ойыны»

4.Есептер шығару

5.Мақал-мәтелдер айту (3 мақал)

6.Жұмбақтар айту ( 2 жұмбақ)

7. «Теңге ілу» ойыны

Топ жетекшілеріне

8.Сұрақтарға жауап беру

1-жүргізуші:-Сәлеметсіздер ме,жиналған оқушылар,ұстаздар!

2-жүргізуші:Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем! «Қызықты математика атты кешімізді ашық деп жариялаймыз»

1-жүргізуші:-Мұнда сіздер математикалық қызықты есептердің,фокустардың куәсі боласыздар.

2-жүргізуші: -Сіздер тек көруші, тыңдаушы ғана емес,кешке белсене қатысушылар боласыздар, біздер оған еселеп қуанамыз.

1-жүргізуші:Бірігіп бас қостық осында,

Ойланып көңілді көтеріп.

Бір есеп жүрсе басыңда,

Оны да шешіп кетелік.

2-жүргізуші: Бұл жерден естірміз талайды,

Есеппен сап басып не шуды

Сол есеп әрқашан қалайды,

Өз мәнін дұрыстап шешуді

1-жүргізуші:Есептің қызығын көретін,

Боламыз десеңдер білімгер.

Екеуі қосылып: Ең дұрыс шешімді беретін

Жауапты дәл таба біліңдер

2-жүргізуші:қазір сіздер «Математика өмірде» атты өлеңдер тыңдайсыздар.

1-оқушы: Сан мен таңба тұр сап түзеп,

Орындап формула әмірін.

Кім айтсын ән-жырдан жақсы деп,

Есептің қоңырқай өмірін.

2-оқушы: Болмашы ойға алаң ,сәл сабыр,

Мен айтсам, ағымнан жарылам,

Сенің бар айналаң,өмірің,

Есептің заңына бағынған.

3-оқушы: Заводтар салынып нуларда,

Шын оттар жанар ма жалынсыз.

Тепловоз рельспен зулар ма,

Матемаитканың заңынсыз.

4-оқушы:Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп,

Космостық сапарды мақтасақ.

Осының бәрін біз жасар ма ек,

Алдымен есептеп шықпасақ.

1-топ «БІРЛІК» топ жетекшісімен таныстыру

2-топ «ОНДЫҚ»топ жетекшісімен таныстыру

1-топтың ұраны:

Білімді мыңды жығар,

Білекті бірдіжығар.

2-топ ұраны:

Оқы да, біл,

Ойна да, күл.

-Сіздердің білімдеріңді бағалайтын әділқазылар сайлап алайық.

Әр топ өзінің атын,ұранын айтйп таныстырады.

«Кім жылдам» ойыны Әр топтан 1 адамнан шығып,50-100-ге дейінгі сандарды 1 минут ішінде кім көп санаса,сол топ ұтады.

Есептер шығару

-Бір килограмм түбіт ауыр ма, әлде бір килорамм қорғасын ауыр ма?

4 жұмыртқа 4 минутта піседі.Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек.

Сөзжұмбақ

3

2

1


2





Көлденеңінен:

1Азайтудың компоненті.

Тігінен:

1Арифметикалық амал.

2.Бір таңбалы сан.

3.Геометриялық фигура

1

3

2

2


2


Көлденеңінен:

Қосудың нәтижесі

2.Екі таңбалы сан.

Тігінен:

1.Бір таңбалы сан

2.81-81.

3.Белгісіз саны әріппен берілген теңдік

Ребусшешу

Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Қызықты математика»

Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Қызықты математика»

Мақал- мәтел(5 мақалдан айту әр топ)

Жұмбақтар айту (3 мақалдан айту)

Топ жетекшілеріне сұрақтар беру

1.Тік бұрыштан кіші бұрышты ата?

2.Тік бұрыштан үлкен бұрышты ата?

3.1кг-да неше грамм бар?

4.1тоннада неше килограмм бар?

5.Тік төртбұрыштың ұзындығы 6 см,ені 3 см .Периметрін тап?

6.Ең үлкен бір таңбалы санды ата?

7.Ең үлкен екі таңбалы санды ата?

«Теңге ілу» ойнының мазмұны

Дидактикалық мақсаты:балаларға берілген тапсырмаларды ойната отырып,орындату.Ұжымды түрде жұмыс істеуге баулу.

Керекті құралдар:Бірнеше нөмір жазылған дөңгелектер.Мөлшері өте үлкен болмау керек.

Мазмұны:Сынып екі топқа бөлінеді.Әр топтан бір бала «шыбық ат» мінеді.Ойынды басқарушы жүргізеді.Ойын басталатын жерге қазаншұңқырға ұқсатып шеңбер сызып қояды.Сызылған шеңберге ұқсайтын дөңгелек шеңбердің ортасына ыдыс қойып,соған «теңгелер» салынады.Әр топтан бір бала атпен шауып бара жатып тоқтамай,ыдыстан «теңгені»іліп алып кетеді.Әр сайыскердің іліп алған «теңгелерін» есептеп.,сол «теңгенің» нөміріне сәйкес карточкалардағы мысалдарды шығарғандары есептеледі.

Қай топ көп «теңге» алып,сол «теңгелердегі»жазылған нөмірге сәйкес карточкалардағы тапсырмаларды дұрыс орындаса,сол топ жеңеді.

Кешті қорытындылау

Жеңген топты марапаттау

© 2010-2022