• Преподавателю
  • Классному руководителю
  • Поурочный план. Мақсаты: Елбасының туып-өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру. Елбасының ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, адамзаттыққа, патриоттыққа тәрби

Поурочный план. Мақсаты: Елбасының туып-өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру. Елбасының ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, адамзаттыққа, патриоттыққа тәрби

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Такырыбы: " Елбасым - тірегім "

Мүбаракова Гүлшара Каратаукызы

" Балдәурен " МККК тәрбиешиси

С. Саралжын

Мақсаты: Елбасының туып-өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру. Елбасының ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, адамзаттыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасының портреті, рәміздер.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, слайд көрсету.

Өтілу барысы:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Армысыздар құрметті ата-аналар, әріптестер.

Сіздерді бүгінгі " Елбасым - тірегім " атты апталықтың ашылуын көуге шақырамыз.

Ер болдың, ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады! - деп апталығымызды бастаймыз ( слайд арқылы елбасы туралы бейнеролик жіберіледі).

Тәрбиеші: Балалар, мынау кімнің суретін көріп тұрмыз?

Балалар: Бұл кісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз.

Тәрбиеші: Бұл кісі бізге кім болады?

Балалар: Бұл кісі - біздің елбасымыз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл біздің елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев. Елбасымыздың өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы болған. Елбасымыз 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған. Ата-анасын құрмет тұтқан. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы ,міне, бірнеше уақыт өтті. Мемлекетіміздің тәуелсіздік ел болғаны осы елбасымыздың арқасы екенін ұмытпайық.

Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз,

Халқымызға пана болған данамыз.

Әрқашанда мақтан етіп жүретін,

Жазық маңдай кең пейілді данамыз.

Енді біз өзіміздің рәміздерімізге тоқталып өтейік. Мынау - біздің елтаңбамыз. Елтаңбамызда шаңырақ, пырақ бейнеленген. Ал мынау не?

Балалар: Ол - біздің туымыз.

Тәрбиеші: Туымызда не бейнеленген?

Балалар: Күн, қыран құсы және оюымыз бейнеленген.

Тәрбиеші: Туымыздың түсі қандай?

Балалар: Туымыздың түсі - көк, ал күн мен қыран құстың, оюымыздың түсі - сары.

Тәрбиеші:

Әнұраным- жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім - сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп,

Бақыт,бірлік күн талабы,

Тотамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам - Әнұраным

Қазақстан Республикасының гимні орындалады ( слайд арқылы бейнеролик жіберіледі).

Тәрбиеші: Балалар, біздің елордамыз қай қала?

Балалар: Астана қаласы.

Тәрбиеші: Ендеше балалар Астана қаласында қандай әдемі жерлер барын слайдтан қарайық.( слайд арқылы Астана қаласының көрікті жерлері көрсетіледі )

Тәрбиеші: Егеменді ел болып, тәуелсздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл-көсір оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін - мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш елбасысы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында.

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат - ел деп алғыс жауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, әріптестер! Бүгінгі елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арналған " Елбасым - тірегім " атты апталығымыздың ашылу салтанатына келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын. Сау болыңыздар!

Ән: Көк тудың желбірегені

Казакстан

Актюбинская область

© 2010-2022