Сыныптан тыс шара 6-сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шара 6-сыныпСыныптан тыс шара 6-сыныпСыныптан тыс шара 6-сыныпСыныптан тыс шара 6-сыныпТәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы бақыт- мекенім»

Мақсаты: Білімділік: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Тәрбиелік: балалардың отбасы, туыстық, қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсініктерін тиянақтау.
Дамытушылық:Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап
құрметтеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: сайыс сабақ, ойындар, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдері қолданылып, иманды, әдеп сөздері сөздік жұмысқа алынады.

Барысы: І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Негізгі бөлім

ІІІ Қорытынды

Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап

жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз

  1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

  2. Әкелеріңнің анасы кім болады?

  3. Отбасының тірегі кім?

  4. Үйдегі алтын қазық кім?

  5. Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

  6. Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

отбасым



Мейірімді Тату

Мм

Бір бірін сыйлау қамқор

Негізгі бөлім «Мейірімділік шаһарының сыйқыры»

Ескерту: «Мейірімділік шаһарына» жету үшін сыйқырлы 4 қақпаны ашуымыз керек.Оның ішіндегі тапсырмаларды орындасақ қақпа ашылады.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.

1қақпа «Шаттық шеңбері»

- Балалар! Сендерді «Шаттық шеңбері» деп аталатын тамаша шеңберге шақырамын. Қолдарымыздан ұстасамыз. Бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Өзімізге мейірімді, қамқор, бақытты болуға тырысамыз деп уәде берейік және «менің отбасым қандай?» Келістік пе?! Ал енді бір-бірімізге шын жүректен былай деп жар салайық:

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар.

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар-

Әкем мен анам бар.

Бiр туған ағам бар.

Бiр туған апам бар…

Бәрiн жақсы көремiн,

Еркелеймiн еремiн.

2қақпа «Өнерліге өріс кең»

Біздің арамызда өнерлі ән айтып би бейлейтін оқушыларымыз бар екен ендеше солардың өнерін тамашалайық

3қақпа «Даналар сөзі -ақылдың көзі»

Отбасы, ұл, қыз туралы мақал мәтелдер айту

Оқушылар «Тәрбие »сөзіне топтастыру құрайды.

Отбасы туралы мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу.

  1. Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

  2. Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

  3. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

  4. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

  5. Балалы үйдің еңсесі биік.

  6. Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.

4 қақпа «Бақытты отбасы» эссе жазу немесе айту

-Есіктердін барлығы ашылып болды енді емін-еркін ішке еніп шаһар ішін аралауға болады

Аралап неше түрлі қызықты айындар ойнаймыз

Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:

  1. Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған

ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

2Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап

өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

3Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің?

Ойын .«Тілек шоғы»

Мұғалім қолыңдағы гүлді жанында тұрған балаға есімің атап, отбасына бақыт тілеп жылы сөз айтып ұсынады.Бала тәрбиешінің ұсынған гүлдің өзінң гүлімен бірге тілек айта отырып,келесі балаға береді.Балалар кезекпен гүлді жылы сөз айтып, бір-біріне береді. Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы» болып, тәрбиешінің өзіне оралады. «Кімде-кім жақсылық жасап, жылы тілек білдірсе, ол өзіне қайта «тілек шоғы» болып жақсылықпен оралады».

«Менің отбасым» коллаж жасау

Шаһарымыздың ең жоғарғы қабатында мейірімді адамдар тұрады.

Сен өзінді қай қабатқа орналастырасын?Неге?

Балалар енді шаһарымыздың ірге тасын қалап қабырғаларын нығайта түсейік

Іргетасы татулық

Қабырғалары сыйластық шыншылдық тұрақтылық болсын

Шатыры шынайлық пен демеуші болу

Ең жоғарында бақыт жалауымыз желбіреп тұрсын

Сол жалаудың астында ата- анамызбен туыстарымызбен бірге бақытты өмір сүрейік Тәрбие сағатымыз аяқталды.



© 2010-2022