• Преподавателю
  • Классному руководителю
  • "Тақырыбы: Менің Елбасым Мақсаты: -қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып -өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; -елбасының өмір жолын үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматт"

"Тақырыбы: Менің Елбасым Мақсаты: -қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып -өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; -елбасының өмір жолын үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматт"

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Менің Елбасым

Мақсаты:
-қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы , туып -өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
-елбасының өмір жолын үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
-шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Елбасы туралы слайдтар, суреттер, буклеттер, кітаптар.
Барысы:
Азаптың арта қалды сан ғасыры,
Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.
Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді,
Төрінде көш бастаған Елбасыны.
Ежелде елтұтқалар ел орнатқан.
Ұласқан ұрпағына олар мақтан.
Елбасы- қасиетті аталы сөз,
Мазмұны, мағынасы терең жатқан.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысының Қаскелең (Қарасай)ауданындағы Шамалған ауылында туған.Мамандығы-инженер-металлург.Экономика ғылымының докторы,академик, «Ғасыр адамы»атанған қайраткер.Елбасының атасы Назарбай өз аумағында билік жүргізген,ел басқарған адам екен.Шамалған,Қаскелең,Үшқоңыр жайлауын мекендеген.Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Әкесі Әбіш ата, анасы Әлжан әже. Отбасында інілері Сатыпалды, Болат, қарындасы Әнипа болды. Үлкендердің мал бағуына, бау бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз маз малын өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы темір жол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Ата анасын қатты құрмет тұтты.
Мұғалім:НҰРСҰЛТАН АТАЛАРЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫН БЫЛАЙ ЕСКЕ АЛАДЫ:
- …Соғыстан кейінгі кезең, қырқыншы жылдардың аяғы мен елуінші жылдардың бас кезі. Анам колхоздан күтіп баптауға бір гектар қызылша алады. Көктемнен бастап алғашқы қар түскенге дейін бір толастамайтын азапты еңбек. Әкеме таудың қиын бетіне бірнеше гектар бидай егіп, астығын колхозға өткізу тапсырылғаны есімде қалыпты. Бидай піскенде әкем екеуіміз оны қолмен орамыз. Түнделетіп айдың жарығымен ордық. Масақ біркелкі, бірыңғай жату үшін шалғыға тырма қосақталынатын. Мұндай ауыр жұмыста екі-үш сағат осылай жұмыс істегеннен кейін тұла бойың сіресіп, белің жан шыдатпастай сыздайтын еді. Біз орып, шешем баулап, қызылдау үшін колхоз орталығындағы қырманға барамыз..
«Елбасының отбасы» «Қамқор әке,мейірімді ата»:
Жұбайы : Назарбаева Сара Алпысқызы. «Бөбек» қорының негізін қалаушы. «Өзін өзі» тану пәнінің негізін салушы, авторы.Бүгінгі таңда Елбасы-3 қыз, 8 немере,2 шөбере сүйіп отырған қамқор әке,мейірімді ата.
Үш қызы бар:
Дариға -саясат ғылымдарының докторы.
Динара- Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.
Әлия- бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев Қазақстанның Даму банкінің бірінші вице Президенті.

«Елбасының өрлеу жолдары» «Металлургтен бастаған еңбек жолы»: 1958 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Теміртау қаласында Қарағанды металлургия комбинатына жұмысқа тұрады.
1958-1960 жылдары Днепродзержинск техникалық училищесінде оқыған.
1962-1965 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыған.
Елбасымыз Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.
Еңбек жолы 1991 жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды.
1995 жылы 23 сәуірде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылы 10-қаңтарда жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,75% дауыс алып Президент болып қайта сайланды.
2005 жылы 4-желтоқсанда сайлаушылардың 91.5% дауыс алып Президент болып қайта сайланды.2011 жылы 4-сәуірде 95,5% дауыс алып Президент болып қайта сайланды.

Викториналық сұрақтар:
1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Қ. Р - ның Мемлекеттік рәмізі қай жылы бекітілді?(4 маусым 1992ж.)
9. Қай жылы ұлттық теңгеміз енгізілді?(15 маусым 1193 жылы.)
10. Қ. Р - ның астанасы қай қала?(астана)
11. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.)
12. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)
13. Ата Заң деген не?(Мемлекеттің негізгі заңы.)
14. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)
15. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?(әнұран, ту, елтаңба.)
16. Мемлекеттік туда не белгіленген?(күннің көзі, қыран, ою)
17. Қ. Р - ның туының түсі нені білдіреді?
18. Мемлекеттік рәміздердің авторларын білесіңдер ме?(әнұран: Н. Ә. Назарбаев, Қалдаяқов, Нажмиденов, елтаңба: Уалиханов, Малибеков.)
19. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9 орында)
20. Қ. Р - ның ұшқыштарын атаңдар?(Т. Аубакиров, Т. Мусабаев.)

Қорытынды.
Біздің президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Ән: «Жаса Қазақстан».

© 2010-2022