Адамның жоғарғы қасиеті оның адамгершілігі Тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін



тақырыбы

Адамның жоғарғы қасиеті оның адамгершілігі



Мақсаты

Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке,кішіпейілділікке баулу,жаман әдеттерден аулақ болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарауға, ізетті болуға тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже

Оқушылардың ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың ресурстары

Маркер,плакаттар,қанатты сөздер,өлең жолдары.



Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдас

тыру

Оқушыларға хаттар таратылады.Ол хатта оларға арналған тілектер және топтарының саны жазылған

Мейірімді бол

Өзіңе сенімді бол

Адал бол

Кішіпейіл бол

Ақылды бол
инабатты бол
әдепті бол

сабырлы бол
тәртіпті бол

Ұқыпты бол

Шыншыл бол

Қайырымды бол

Сыпайы бол

Шыдамда бол


Оқушылар көрсетілген топтарға орналасады

Қызығушылықты ояту

Алдымыздағы қағазды «Мен» деген сөзге әркім өзі туралы мына сұрақтарға жауап беру арқылы толтырады.
Кіммін?, Қандаймын?, , қоғамда қандай рөл атқарамын?,

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық. Жақсы +жаманСол сияқты адам бойында да әр түрлі қасиеттер болады және олар ұнамды және ұнамсыз болуы мүмкін.Біз бүгін соның ішінде жақсы яғни адам бойындағы асыл қасиеттерге тоқталамыз.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың да тақырыбы:

Адам бойындағы асыл қасиеттер

Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу - әр баланың өмір бойғы міндеті.


Оқушылар өздері туралы айтады.

Топтың атынан ортақ пікір жариялайды


Мағынаны тану


Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз…» -

Жалғасын табу

Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған -
Адамдықтың белгісі

Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, -

Ағаш түзу шығу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың


Әр топ топ мүшелеріне тән қасиеттерін жазады.

Оқушылар Абайдың өлеңін жатқа айтады


рефлекция

Сонымен оқушылар, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.

Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп сыйлау керек.


Оқушы қиялы

Өлең жолдарын немесе осы тақырыпта эссе жазу



© 2010-2022