1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий



С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп




1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий




( 1-қыркүйек Білім күні)


1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий


Қызылқоғам ауылы

2015-2016 оқу жылы


1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий


1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» атты салтанатты жиынының бағдарламасы.

Жүргізуші: Жакупбекова Инкар Муратовна

Жоспары:

1.Сапқа тұрғызу.
2. Қонақтармен таныстыру.
3. ҚР мемлекеттік туын енгізу.
4. ҚР Гимнін орындау.
5. 1 - сынып оқушыларының тақпақтары.
6. Ата-аналар атынан құттықтау сөз.
7. 2015-2016 оқу жылына арналған алғашқы қоңырау рәсімі.
8. Қорытынды сөз.
9. Білім күніне арналған сынып сағаттары.

Өтетін күні: 01.09.2015 жыл.
Уақыты: 10.00.
Сыныптар: даярлық тобы, 1-11 сыныптар.

I. Аралап көрікті жерлерді,

Жаз бойы тынығып демалдық.

Білімге шақырып келді күз,

Мектепке көңілді оралдық.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!Ұлағатты ұстаздар!

Ардақты ата-аналар және жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Қуаныш бүгін - мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем-деп ортаға

даярлық тобын мен оның жетекшісі Шакенова Ш.Қ және негізгі мектеп бітіруші түлектер 9-сынып оқушыларын сынып жетекшісі Кунафина Б.Е. шақырамыз.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Асыл ұстаз, мен өзіңе - балдырған.

Кесе өтпеймін әлі күнге алдыңнан,

Мен өзіңе өмір бойы қарыздар,
Шәкіртіңмін жүрегіңе табынған.-деп ортаға бастауыш 4-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Агинбаева Р.Д. шақырамыз.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті

Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

Құрметті қауым! Ортаға 11 сынып оқушылары мектебіміздің түлектері және

сынып жетекшісі Магзумов Талгатбек Уахитовичті қарсы алыңыздар!

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Айналайын, дарын бол,

Жақсы оқып, ер жетіп.

Оқу оқып, ғалым бол,

Жанған оттай жалын бол!

Әділ шешер әр істі

Ақылың асқан дана бол.

Шыбықтай өсіп шынар бол,

Білім жолын қуар бол!-деп тарыдай болып енгелі отырған 1-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Иманова А.Қ шақырамыз.


1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Ерекше күн,бүгін тілек-баталар,

Ән менен жыр түлектерге арналар.
Барлығының жүретұғын ақ жолы

Құт қонақтың тілегінен нұрланар-деп бүгінгі қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.Айтжанова Г.М-мектеп директоры.

2. Дюсенов Ж. К. - еңбек пәнінің мұғалімі.

3. Ақ жаулықты әжелеріміз Таңсық апа мен Пәриза Апамыз.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

II. Білім күнгі мерекелік жиында

Мектептен басталады білім нәрі.

Елімнің көк байрағы енгізіліп,

Шырқалсын қазағымның Әнұраны!

Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізуге дайындалсын!

Назар аударыңыздар! ҚР мемлекеттік Туы бүгінгі 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынға енгізілсін!

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Дәстүрлі 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Ән шашау 9-сынып оқушысы Болат Арайлымның орындауында «Аяулы мектебім» әні.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Құттықтау сөз:

  1. Мектеп директоры - Айтжанова Г.М. беріледі.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

  1. Келесі құттықтау сөз Дюсенов Ж.К.беріледі.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

III. Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем алтын мектебім!- деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған 1сынып бүлдіршіндеріне сөз кезегін береміз.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Жүргізуші:

Мерекелік шашу.

Оқушылардың бақыт гүлі ашылсын,

Ақылына әлем халқы бас ұрсын.

Деген асыл ниетпенен, ағайын,

Ақ жолына той шашуы шашылсын - 1-сыныптың әжелері шашу шашады.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Жүргізуші: Құттықтау сөз кәсіподақ ұжымының төрағасы Магзумов Талгатбек Уахитовичке беріледі.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Жүргізуші: 1-сыныпқа арнаған Елбасының сыйлықтарын табыс ету рәсімі.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Жүргізуші:

Құттықтау сөз Таңсық апаға беріледі.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Жүргізуші:

Алғаш келген ұстаздар,
Құтты болсын қадамдарың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Биік болсын талаптарың - деп жас мамандармен таныстыру үшін келесі сөз кезегін мектеп директоры Айтжанова Г.М береміз.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Қоңыраудың дауысы
Күмбірлетті аспанды.
Қағылмақ міне әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау.
Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.

Жүргізуші: Алғашқы қоңырауды соғуға 1 сынып оқушылары Батталов Абат пен Алибекова Ақерке дайындалсын!

Алғашқы қоңырау соғылсын!

Жүргізуші: (қоңырау соғылып жатқанда).

Бар мектептің басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Күмбірле қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік, біз бірге.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Жүргізуші:

Бүгінгі мерекеге арналған ән шашу, орындайтын 10-сынып оқушысы Уахитов Жаксылык.

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат аталады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы - деп келесі құттықтау сөз ата-аналарға беріледі. (ашық микрофон).

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Жүргізуші:

Ерекше бүгінгі күн,салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған - мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:

Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығаруға дайындалсын!

Назар аударыңыздар! ҚР мемлекеттік Туы бүгінгі 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиыннан шығарылсын!

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Жүргізуші:

Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені!

Бүгінгі 1-қыркүйек Білім күнінен арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» атты салтанатты жиынымызда жабық деп жариялаймыз!

Жаңа 2015-2016 оқу жылы баршаңызға құтты болсын!

Жаңа оқу жылы толағай табыс пен жетістіктер әкелсін!

Барлығыңызды Білім күніне арналған «Армысың, мектебім!», «Ғажайып ғылымдар мектебі», «Болашаққа» атты сынып сағаттарына шақырамыз! Қатысыңыздар!

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

© 2010-2022