Планирование на тему «Әлемді тербеткен Ана» 4-сынып

Тақырыбы:   Әлемді тербеткен Ана Мақсаты: 1. Оқушылар бойына 8 Наурыз мейрамы туралы білімдерін дамыту                   2.Өздерінің сүйікті аналарына деген балалық махаббатын, бірге                      оқитын қыздарға деген сыйластығын арттыру                   3.Оқушы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту   Көрнекілігі :  Нақыл сөздер, ойын материалдары, слайдтар, сабақ кезіндегі                         көріністер, аналарға, қыздарға арналған құттықтаулар                                  ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:









Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко қаласы

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тажигулова Батырхан Султансиховнаның

«Әлемді тербеткен ана» атты

байқауға ұсынған жұмысы






Тел:87025985269

Эл.почта: [email protected]













Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі






4»Б» сыныбында

«Әлемді тербеткен Ана»

тақырыбында өткен

сыныптан тыс шара жоспары




Өткізген: Тажигулова Батырхан


















03 наурыз 2015 жыл


Тақырыбы: Әлемді тербеткен Ана

Мақсаты: 1. Оқушылар бойына 8 Наурыз мейрамы туралы білімдерін дамыту

2.Өздерінің сүйікті аналарына деген балалық махаббатын, бірге

оқитын қыздарға деген сыйластығын арттыру

3.Оқушы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту

Көрнекілігі : Нақыл сөздер, ойын материалдары, слайдтар, сабақ кезіндегі

көріністер, аналарға, қыздарға арналған құттықтаулар

ЖҮРІСІ

1.Ертеңгілікті ашу

Құттықтау сөз сынып жетекшісі Тажигулова Батырханға беріледі

Жүргізушілер 1.Орысбаев Асылбек

2.Куанғали С алтанат

1.Құрметті ардақты әжелер, асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірменді ұстаздар! Көктеммен бірге келген дәстүрлі халықаралық әйелдер мейрамы құтты болсын!

2. Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған 4 «Б» сыныбының «Әлемді тербеткен Ана» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Планирование на тему «Әлемді тербеткен Ана» 4-сыныпсынып ұжымы

1-оқушы Сендерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті ата-аналар

2- оқушы Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

3-оқушы Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

4-оқушы Әлпештеген анасың

Ана-бақыт, ана-күн

Әркім сүйіп өзнің

Мақтан етер анасын

5-оқушы Бас қосты бүгін жиынға

Аналардың қауымы

Таусылмасын әрдайым

Отбасының сауығы

Алғашқы әніміз аналардың анасы әжелерге арналады, «Асыл әже» орындайтын Қуанғали Салтанат

1.Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып -толғанғаны кімнің есінен кетеді.

2.Шырылдап жерге түскеннен кейін сенің ең бір жақының, ең бір досың бар. Ол-ана. Ана саған бәрінен қымбат, жалпақ дүниеден де үлкен.

6-оқушы Ақ арман-аппақ анам

Өзіңсің бақ та маған

Шығамын ақ сүтіңді

Қалайда ақтап анам

7-оқушы Мен де сенің еңбегіңді

Ақтаймын деп ант беремін

Жақсы оқып барлық пәнді

Білімді боп ержетемін

8-оқушы Толған арман, мақсат тұр алдымызда

Бақыттымыз анамыз жүр жанымызда

Өсірген 5 баласын мақтан етіп

Менің анам отыр бүгін араңызда

9-оқушы Әлдилеген анамның

Аясында шалқыдым

Ұғып, тыңдап аламын

Бақыт тілін, бал тілін

Айналайын анашым

Көк те күн боп жанасың

Ет жүрегің елжіреп

Құшағыңа аласың

10-оқушы Балаға ең жақынсың

Сіздің ыстық құшығың

Сіздерге теңесер еш нәрсе жоқ

Теңесе алар бірақ ана махаббаты

Музыкалық сәлем «Ана туралы баллада» орындайтын Қуанышқали Алихан


  1. Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың ақ жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал ақ самайлы ардақты әжелеріміз болмаса , аналарға да бұл жарық дүние есігі ашылмас еді. Ендеше әжелерге деген ақ тілегіміз бар

11- оқушы Наурыз күні-Ана күні, Әлем күні

Әлемді тебірентер ана үні

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны

12- оқушы Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

1.Әлемде өзгермейтін 3 нәрсе бар. Ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәби күлкісі. Нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақанында, сондықтан ана алақаны сәби үшін ең жылы ұя.

2.Анаңды Мекке 3 рет арқалап барсаң да, ананың ақ сүтін өтей алмайсың деген. Бұдан ананы қадірлей білуді ешқашанда ұмытпау деп түсінеміз.

Ананың сүті -бал

Ананың тілі-бал

Анасыз ұл-панасыз

Атадан-өсиет, анадан-қасиет

Ананың көңілі-балада

Баланың көңілі-далады

Анаңа ауыр сөз айтпа

Атыңа ауыр жүк артпа

Жеті жеңге біргіп ана болмас, деген сөздерде қаншама мән-мағына бар

13-оқушы Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай-жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің

14-оқушы Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Ақ анамды мен әрқашан

Жүрсем деймін шаттандырып

15- оқушы Мерекелер мектептен басталады

Тез жетеді балаға , жасқа бәрі

Заман сырын алдымен аңғаратын

Мектеп - өмір айнасы, қас қабағы

Өзге жерде мереке, көңілді кеш

Асып мектептегіден қызған емес

Апайлар көп мектепте ағайлардан

Мектепте ұлдан байқасаң, қыз да аз емес

16-оқушы Аңғарған мұнда бар, әрине мән

Үлгі-өнеге үйрету анаға тән

Тәрбиенің ортасын құттықтаймыз

Тақпақ айтып, би билеп, шырқатып ән

17-оқушы Мен мұғалім анамның

Өнегесін аламын

Ертең мен де маманмын

Оқытушы боламын

18-оқушы Жан анам, қартайдым деп қайғы жеме

Ажары ақ бетіңнің тайды деме

Жетсе де сарғыш тартқан күзің мейлі

Әжелер әлі сені қызым дейді

Жан анам қартайдым деп қайғы жеме

Ажары ақ бетіңнің тайды деме

Ұл-қызың жұлдыздардың алабында

Көлеңке түсірмейміз қабағына

1.Осынау мерекелі күн сіздерге зор қуаныш, бақыт, мықты денсаулық, кез келген істе табыс тілейміз.

2.Аналарға өз қолдарымызбен дайындаған сыйлықтарымыз бар, соны тапсыруға рұқсат етіңіздер.

БӘРІ Ана -біздің күніміз

Біз - ананың күніміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

1.Тулеген Орынбектің орындауында «Анашым» әні

2.Сыныпта 12 қыз бар. Енді қыздарды мерекесімен құттықтаймыз.

Арнаған жыр шумақтарымыз бар. Соған кезек берейік.

1Асылбек Мерекеде көктемгі

Жақтырмайды өктемді

Мадинаны байқаймыз

Еркелігі көп тегі

Ақжол Ыңғай көңіл- күйінің

Келгенде байқап бейімін

Айтарымыз Мадина қыз

Еркесі ғой үйінің

Асылан Үздік оқып сабағын

Бәрімізге жағатын

Салтанат кейде қырсықса

Түйіп алар қабағынПланирование на тему «Әлемді тербеткен Ана» 4-сынып

Алихан Сабағын да меңгерген

Жақсылықты жөн көрген

Ата-анасы Әдеміге

Әдемі болсын деп теңгерген

Орынбек Айтқанда әнді әуелі

Ерекше шығар әуені

Биязы қыз Гүлдана

Өзі де ұяң әдемі

Орақ Демейміз өзін білімсіз

Ұнатамыз биін біз

Малика тентек болса

Сабағына мығым-ды

Мерей Билейді кейде айнала

Көркіне ақылы сай ғана

Ақерке біздің әдемі

Сөйлейді өзі жай ғана

Нұрахмет Өзіңді ұлдар еледі

Сыныптың өзің ерегі

Күйшіміз бар Іңкәрдай

Сен де еліңе ардақты бол

Планирование на тему «Әлемді тербеткен Ана» 4-сынып

Ақжол Сабағы ылғи үздікті

Шығарса есеп ызғытты

Арамыздағы Камшат қыз

Өзі жылдам қыз тіпті

Планирование на тему «Әлемді тербеткен Ана» 4-сынып

Асыланбек Сабағынан қалмайды

Жалқаулыққа бармайды

Мерекеде Гаухарға

Ұлдар жырын арнайды

Айбол Сабағын жақсы оқиды

Көңілге бәрін тоқиды

Үндемей жүрген Айзада

Биді жақсы билейді

Исламбек Алар дәйім бестігін

Аққұба қыз кескінің

Бойшаң біздің Нұргүлді

Ақылды деп естідім

Асылбек Жақсы оқуды бастады

Әліппені ашқалы

Гүл аттас қыз- Гүлжанат

Сабаққа алғыр ойлары

Барлығы: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз

ІІ бөлім

Ендігі кезекте сыныптағы 12 ұлдың сайысын тамашалаймыз.

«Ал,кәне,ұлдар» сайысын мерекелік әзіл-күлкілі болсын деп ойладық.

Сайыс шарттары

1.Таныстыру

2.Картошка аршу (мүмкіндігінше «Күміс құмған» әні біткенше)

3. Қыздарға бантик тағу

( «Шашы ұзын қыз» әні біткенше тағып болулары шарт)

4.Матаға 3 түйме қадау. ( Зорбай Гүлдананың «Су тасушы қыз» әні біткенше)

5. «Мақал жалғастыру,жұмбақ шешу) бәріне қағаз беріледі

6.Мергендік сайыс «Кім мерген»

Планирование на тему «Әлемді тербеткен Ана» 4-сынып

Сайысты қорытындылау кезінен.

Планирование на тему «Әлемді тербеткен Ана» 4-сынып

Марапат алған қуанышты сәт.


© 2010-2022