Разработка к внекласному мероприятию на тему Золотая осень

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алтын күз» мерекесі математика және жаратылыстану пәндерінің онкүндігіне арналған шаралар аясындағы байқау.

Жүргізуші 1: Алтын сары, қызыл, көк...

Алуан - алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.

Жүргізуші 2: Таудан салқын жел соқса,

Сыбдырлайды қалтырап.

Жақын қалды желтоқсан,

Жабырқайды жапырақ

Жүргізуші 3: Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Жүргізуші 4: Әй, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Айналамыз - алаша,

Аунар ма еді жатып ап!....

Жүргізуші 1: Қикулап көкте жүзеді

Құстардың керуен тізбегі.

Күйекте күйлі мал қанша,

Қырманда толы дән қанша.

Алтын күз, әсем айналам,

Қараймын көзім талғанша.

Жүргізуші 2: Барын беріп халыққа,

Жұмыстан соң қалжырап,

Дала ұқсайды алыпқа,

Дамыл алған маужырап.

Жүргізуші 3: Жарайды күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқып жүз.

Жүргізуші 4: Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арай таңыңда,

Шомыламыз нұрға біз.

Жүргізуші 1: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Алтын күз» мерекесі математика және жаратылыстану пәндерінің онкүндігіне арналған шаралар аясындағы байқауға қош келдіңіздер. Байқаудың тапсырмалары бойынша сыныптар кезегімен дайындығын көрсетеді.

Әділ қазылар алқасы: ______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

Жүргізуші 2: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді, - деп Қадір-Мырзаәлі табиғатты тамылжыта жырлап, таныстырса, табиғаттың ең ғажайып туындысы сіздер де өздеріңіз таныстырып өтіңіздер!


  1. Танысу бөлімі: ( 5 сынып, 6,7,8,9,10 )

  2. «Күзгі қиял» - натюрморт

Жүргізуші 3: Білім ақан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл - ойға кел дейді.

Білім - ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз!

Бұл бөліміміз «Қызықты есептер» деп аталады.

Жүргізуші 4: Көрсетер өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып.

Келесі бөліміміз «Ең тәтті тағам» деп аталады.

( Әр сынып тағамды өз пән бойынша қорғау)

Жүргізуші 1: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Біздерге бірлікпенен ортақтассын!

Жүргізуші 2: О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жанаңдар.

Шақырған сайыстарға бірі-бірін

Өнерпаздар - дарындар.

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер көрінісін.

Бұл бөліміміз «Көрініс» деп аталады.

Жүргізуші 3: Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалып айтпас,

Әрқашан да нанымды.

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.

Бұл бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады.

( Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған)

Жүргізуші 4: Ендігі кезекте «Алтын күз» кешінің жүлдегерлерін анықтайық. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Әділқазылар алқасына сөз береміз. (Жеңімпаздар марапатталады)

Жүргізуші 1: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен қғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен өлдің жұртынан қалыспаңдар, - дей отырып бүгінгі «Алтын күз» кешін аяқтаймыз.

Жеңісті күндерде кездескенше, достар!

© 2010-2022