Внеклассное мероприятие Алтын күз

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семей қаласы

«№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Атамбаева Назгүл Социалқызы

Тақырыбы: " Алтын күз"

Мақсаты: Оқушылардың күз туралы білімдерін кеңейту,

ұштастыру ,оқушыларды табиғатты аялауға,өз өлкесін

сүюге,еңбек адамдарының еңбегін қадірлей білуге

тәрбиелеу.

Мерекелік концерт 1-4сынып оқушыларының арасында өтті

Барысы:

1. Ассалаумағалейкум ардақты ағайын!
2. Кеш жарық құрметті көрермендер!
1. Бармысыздар жақсы ниетпен келген ұстаздар қауымы!
2. Бармысыңдар жалынды жастар қауымы!
1. «Алтын күз» атты концерттік кешіне қош келдіңіздер
1-бастаушы: Күз халқымның ежелден берекесі

Арай Жерден ғой адамзаттың несібесі

Тойлаймыз бүгінгі күз мейрамын

Алтын күз құтты болсын мерекесі!

2-бастаушы: Сары түсті атырабы

Алибек Туған жерге күз енді

Ағаштардың жапырағы

Бұтағынан күзелді.

Іңкәрбек. Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойнайық та, күлелік,
Енді оқуға кірелік.
Мұғалім: Балалар бүгін барлығымыз, күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ, біздің мерекеге біреу жетіспейді? Сендер білесіңдер ме?
Балалар: Ол - күз.
Мұғалім: Ендеше, күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді,
Мерекелі күз келді.
Қызықтыру сәті: залға «күз ханшайымы» кіреді.
Күз ханшайымы: Алтын күз деген мен болам. Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Алтын күз: Толтырып дәнге қырманды,

Бастадым қырда думанды.

Мәуемді терген бағбанның

Жанарында нұр жанды.

Өздерің аңсай сағынар

Шырыны-шәрбат,дәмі-бал:

Қауын-қарбыз,жүзімнің

Бәрі менен табылар.

Мұғалім: Балалар, бізге тағы кімдер жетіспейді?
Балалар: Күз айлары.
Мұғалім: Балалар, жел тұрған сияқты. Сірә; күз айлары келе жатқан секілді.
К.Ақнұр: Қыркүйек. Аспанды
Құс шарлай бастады.
Алғашқы қоңырау
Қуантты жастарды.
Л.Елдана: Қазанда халқымыз
Тойшыл. Ол - салтымыз.
Береке байлығын
Беріп тұр алтын күз.
І. Іңкәрбек: Қараша айында
Қыс қамын дайында.
Үйін жұрт жылытқан
Мал қора жайында.
Мұғалім: Балалар, күз айларына алғысымызды білдіріп, оларды жолдарынан қалдырмайық. Ду қол шапалақтап шығарып салайық.

«Құстар қайтып барады» әні. 3-сынып оқушылары.

1-бастаушы: Бұтағы бүге балбырап,

Көз тартады көріңіз.

Алма піскен албырап,

Маужырап барқыт қоңыр күз

Алтын күзге арналған тамашаны көріңіз!

«Бидай мен Қаңбақ» мысалы 4-сынып оқушылары.

1-оқушы: Алтын нұрдай тамшылап

Жапырақтар тізілді

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

2-оқушы: Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Атын астық айнала.

4-оқушы: Алақай, күз келді,

Қарық қып жеміске.

Сарғайды түз,белде

Толықсып егіс те.

5-оқушы: Маңдай тер жаз бойғы

Көл-көсір өнім боп.

Бақшада маздайды

Қауырт іс,терім көп.

6-оқушы: Мәуелі бақтардың

Уылжып алшасы

Ал қарақаттардың

Мөлдірер қаншасы!

8-оқушы: Көз жауын алады,

Бірінен -бірі өтіп.

Төгіліп қалады,

Жел соқса дүр етіп.

«Көкөністер» көрніс 1-сынып оқушылары .

2-бастаушы: Береке ,бақ дарыған,

Алибек Жомарт көңіл,жарқын жүз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне,алтын күз!

Жұмбақтар сайысы (көрермендерге)

1-бастаушы: Сары алтыннан бұрым да,

Арай Сары пүліш көйлегі,

Алтын күзді шынында

Ару дерсің бейнелі.

Ойын сыныптар арасында «бұршақ жинау»

2-бастаушы: Жоғары шық,кел,төрлет!

Алибек Абыройың, бағың-бұл.

Көңілдерді ән тербеп,

Арналады саған жыр.

4-сынып «Құстар қайтып барады» Қабитова Ақнұр

1-бастаушы: Өнерге жастайынан жақын туған

Арай Қазақтың дарынының жолын қуған

Өз өнерін көрсетер әр оқушы

Өзгеге ісі,үлгі болып тұрған

Өз өнерлерін ортаға салмақ.

2-сынып « жапырақтар» биін тамашалаңыздар

2-бастаушы: Берекелі күз келді.

Алибек Қосып білім-нұрға нұр

Бізде міне,жарқынбыз

Рахмет мыңда бір.

Рахмет,Алтын күз!
Күз: Жарайсыңдар балалар. Маған мереке қатты ұнады.Біз сендермен ән айтып, би биледік. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды. Сау болыңдар! Келер жылы кездескенше!
Мұғалім: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Тамашалағандарыңызға рахмет!


© 2010-2022