Сабақтың тақырыбы: «Қуғын-сүргін құрбандары»

Сабақтың тақырыбы: «Қуғын- сүргін құрбандары» Сабақтың мақсаты:Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Тәрбиелік: Оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қуғын- сүргін құрбандары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан - лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Концерттік

Көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, КарЛАГ картасы, қазақ зиялыларының суреттері, слайд шоу.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 1929-1938 жж аралығында қазақ зиялыларын қисынынан құлатқан «Құғын- сүргін құрбандары» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз. Кешімізді бастамас бұрын «Бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алсақ».

Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

2-жүргізуші:

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау " Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама " заманынан бастап, қойша қырылған " репрессия " жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

1-жүргізуші:

Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж. Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.

2-жүргізуші:

«Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен"
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны»

- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан еді

Оқушы: (Балауса) Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш - жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімнен қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?

Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады?Қу құдай, жаратқан ием, қолдай көр!Не жаздым бұл өмірде,не жаздым соншама?Найзаның ұшында , қылыштың жүзінде жүріп, ата-бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!

1- жүргізуші «Видеоролик: Қанмен жазылған хат»

2-жүргізуші:

1937-38 жылдары құрбан болған: «Алашшыл» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамбетов және т.б.; большевизмды Қазақстанда құрылуына ат салысқан халықшыл: С. Сейфуллин, Н.Нұрмақов, І.Жансүгіров, Б. Майлин және т.б., түркшіл Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов және т.б. олардың көздерін көріп, тағылымын бойларына сіңірген жаңа «Қазақшыл» азаматтар келді. Қазақ халқының қазіргі руханиятын осы «нағыз қазақшыл» азаматтар құрады, ал, 40-шы жылдардың екінші жартысынан жаппай белең алған Сталиндік репрессияларының үшінші кезеңі тікелей қазақ руханиятына бағытталғаны, тіпті, көзге басылады. Себебі, қазақшылдар саяси тұрғыдан өзге көзқарастарды ұстанбаған, тек қандайда болмасын руханияттың діңін құрайтын тіл, әдебиет және тарих саласында қызмет атқарған азаматтар. Репрессияларға қазақшылдардың тарихи шындықты ашық зерттеп, айтып, дәріптеулері себеп болды. Ал, ол ақиқаттар, қазақ халқының тәуелсіз ел болғандығын, теңдессіз тарихы, әдебиеті және өркениеті бар ұлт екенін көрсетті. «Ұлы державалық мүддені» қорғаған сырты социалистік, кеңестік, ал, ішінден «ұлы державалық шовенизм» үстемдік құрған заманда қазақшылдардың бұл істері қылмысқа парапар еді. Рухани тұрғыдан ең ауыр тиген соққы осы үшінші саяси-қуғын кезеңі болды.

1-оқушы (Жансая)

Ойсыраған орның толмаса да,

Күтті сені қанша жыл-Ел босаға.

Амал нешік?!

Дәстүрден тайды халқым,

Аққуларды атуға болмаса да!

Әлде кімге білгің жақпады ма?

Әлде кімге ұлы ұғым жақпады ма?

Отызға жасы жеткен ағаларды,

Ақ-құрасын айырмай атқаны ма?

2 оқушы (Аяжан)

Қанатымды самғатып қақтырмады,

Жан отымды лаулатып жзақтырмады.

Керек болған халқыма арыстарды,

Көзден қайып қылды да таптырмады!

Жұт кетпейді айналып аймағынан ,

Көңілге дақ орынды ойға күмән.

Сүттей таза халқымды іркіт қылып,

Алдымен айырды қаймағымнан.

3-оқушы: (Әсел)

Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,

Ағайыннан алыс кетті арамыз.

Үш миллион аштан өлген бабамыз,

Қалғанымыз қайда кетіп барамыз.

Шұбарала болып кеткен тілдерің,

Айтатұғын келді бүгін күндерің,

Тілің кетсе, күнің қоса кетерін,

Қайран елім, қалай ғана білмедің.

1938 жылғы (Ішкі істер халық комиссариаты - орысша нұсқасы НКВД) №00486 бұйрығына сәйкес, «халық жауы» атанғандардың жанұя мүшелері де (ата-аналары, әйелдері, балалары, өзге де отбасы мүшелері) қуғын-сүргінге ұшырады. Көтеген лагерьлер ашылып, жала жазаларын өтеді

Видеоролик «Алжир лагерлер»

Көрініс: «Абақтыда»

Тәуелсіздік жылнамасы

1991 жыл. 16 желтоқсан.Бұл күн -біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Ата заңы қабылданды.

1992 жыл.Қазақстан Бірікке Ұлттар Ұйымына мүше болды.Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты.

1993жыл. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясықабылданды.15 қараша .Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді.

1994 жыл.Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.30 маусым ұшқыш Талғат Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды.

1995 жыл.30 тамыз.Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды.

1996 жыл.Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.Білім заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды.

1998 жыл.Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Ел астанасы Ақмолаға көшірілді.

1999 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000жыл . Мәдениетті қолдау жылы.Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

2001 жыл.Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. Қазақстандағы Ресей жылы.

2002 жыл.Денсаулық жылы.

2003-2005 жылдар.Ауыл жылдары.

2006жыл.Тәуелсіздікке 15 жыл.Желтоқсанға 20 жыл.7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

2007 жыл.Қазақ тілін қолдау жылы.

2008жыл.Халық санағы болды.Астанаға 10 жыл.

2009 жыл.Қазақстанның Украинадағы жылы.

2010 жыл.Астана қаласында Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық ұйымының саммиті.

2011 жыл.7 қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында болып өтті.

26 сәуір кезектен тыс Президенттік сайлау.Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

16 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанға 23 жыл.



© 2010-2022