Классный часы на тему Ер есімі-ел есінде

Ер есімі - ел есінде Мақсаты: 1.Ұлы жеңісті дәріптеу,өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. 2.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік –істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту. Көрнекіліктер: Мақал-мәтелдер, суреттер,плакат,слайд,интерактивті тақта. 1 «Жеңіс күні» -музыкасы ойналады. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ұмытылмас ұлы мереке Жеңіске -70 жыл. «Жеңіс» деген ұлы сөз болмаса, бүгінгі жер шарында бейбітшілік пен еркіндік, біздің тәуелсіз Қазақстанымыз болмас еді . Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске жетуге біздің Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосты. Даңқты Қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында ... 14-оқушы. Ер есімі - ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды. 15-оқушы. Халық тыныштық үшін, бақытты өмір үшін күресті.Сондықтан да, әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты. 16- оқушы. Сол сұрапыл қанды ұрыста Түн түңдігі түрілген. Күн күлімдеп, таң шапағы білінген. Сол сұрапыл қанды ұрыст... 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған ауылымыздың тыл ардагерлерінің тізімі оқылды. 18- оқушы. Кептерлер қалқып көкте ойнап, Қызыл ту шалқып, көк бойлап Мәре-сәре мәз- майрам, Отанымыз той тойлап. Десеңдер бұл қай күні? -9 май күні! « Ақ көгершін» әні орындалады. 19-оқушы. Ер азат, еңбек, ерлік, ел ерікті, Еңбектің өрнегімен жер көрікті. Мыңдаған Қазақстан күрескері. Жеңі... Мұғалім қорытынды сөз сөйлейді. Оқушылардың шығармалары оқылды. «Әрқашан күн сөнбесін!»- әні. Оқушылар өз тілектерін жазды.
Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ер есімі - ел есінде

Мақсаты: 1.Ұлы жеңісті дәріптеу,өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

2.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік -істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

Көрнекіліктер: Мақал-мәтелдер, суреттер,плакат,слайд,интерактивті тақта.

1 «Жеңіс күні» -музыкасы ойналады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ұмытылмас ұлы мереке Жеңіске -70 жыл.

«Жеңіс» деген ұлы сөз болмаса, бүгінгі жер шарында бейбітшілік пен еркіндік, біздің тәуелсіз Қазақстанымыз болмас еді . Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске жетуге біздің Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосты. Даңқты Қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн.870 мың қазақстандықтар болды.Біздің халқымыз Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетовтың, қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің, Әди

Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров, Сергей Луганский, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров,

Ізғұтты Айтықов, Рақымжан Қошқарбаев, Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен атаймыз.

1-оқушы.

Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ.

Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық

Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

2-оқушы. Мөлдір аспанды бұлт қаптады.Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.

3-оқушы. Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті.Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды. «Майданға» әні орындалады.

4-оқушы. Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. «Бәрі де, Майдан үшін!» деген ұран тасталды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері Отаны үшін арпалысты.

5-оқушы.

Тастар көкке атылды

Орман шулап, тау құлап.

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ.

6-оқушы.

Оқ борады күн-түні

Жапты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ Тоқтаров.

7-оқушы.

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар тапталды.

Қасиетті жер үшін

Қастерлеп батыр елі үшін.

Әлия , Мәншүк , Төлеген,

Жаулардың көзін жойды олар.

8-оқушы.

Даламыздың гүлісің

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып,халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан.

Сенің балғын бейнеңді,

Жасап қойдық мәрмәрдан.

9-оқушы.

Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін,

Оқ борап снарядтар қаққанда ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

10- оқушы.

Қыр қызы орындады берген антты,

Халқына адал болу ердің салты.

Елі үшін қасық қанын аямаған

Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.

11- оқушы.

Бақыт деген келер дәйім күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.

12- оқушы.

Көрші үйіне қара қағаз келіпті,

Қайран аға қан майданда өліпті.

Ерлігіне ескерткішті орнатып,

Жолдастары басына гүл қойыпты.

13-оқушы.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, ата-бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып,әруақтарына бас иеміз.Өз ауылымыздың соғыс ардагерлері туралы айтылды,слайд көрсетілді.

14-оқушы.

Ер есімі - ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.

15-оқушы.

Халық тыныштық үшін, бақытты өмір үшін күресті.Сондықтан да, әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты.

16- оқушы.

Сол сұрапыл қанды ұрыста

Түн түңдігі түрілген.

Күн күлімдеп, таң шапағы білінген.

Сол сұрапыл қанды ұрыста

Біздің ерлік танылған.

Әрбір көше, әр бұрышта

Жеңіс дабылы қағылған.

17-оқушы.

Женіс келді далама

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған ауылымыздың тыл ардагерлерінің тізімі оқылды.

18- оқушы.

Кептерлер қалқып көкте ойнап,

Қызыл ту шалқып, көк бойлап

Мәре-сәре мәз- майрам,

Отанымыз той тойлап.

Десеңдер бұл қай күні? -9 май күні!

« Ақ көгершін» әні орындалады.

19-оқушы.

Ер азат, еңбек, ерлік, ел ерікті,

Еңбектің өрнегімен жер көрікті.

Мыңдаған Қазақстан күрескері.

Жеңіске жеткізді елін, ерлер елін.

Мұғалім қорытынды сөз сөйлейді. Оқушылардың шығармалары оқылды.

«Әрқашан күн сөнбесін!»- әні.

Оқушылар өз тілектерін жазды.






© 2010-2022