Сабақтың тақырыбы: Аялайық ананы

Мерекеңмен анашым !Мақсаты: Балаларды мейірімділікке,аналардың еңбегін бағалай білуге үйрету.Анасын сүю арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімділігі- нен тарайтынын ұғындыру.Көрнекілігі: нақыл сөздер,шарлар.Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан ,ананың сүтінен таралған.Құрметті асыл аналар, қадырлі апалар, қызғалдақ қыздарым «Мерекеңмен анашым» атты ертеңгілігімізді сіздерге арнаймыз! Біз ғана емес, Қадір ...
Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерекеңмен анашым !

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке,аналардың еңбегін бағалай

білуге үйрету.Анасын сүю арқылы еліне,жеріне

деген сүйіспеншілігін арттыру.Дүниедегі жақсылық

атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімділігі-

нен тарайтынын ұғындыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,шарлар.

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан ,ананың сүтінен таралған.

Құрметті асыл аналар, қадырлі апалар, қызғалдақ қыздарым «Мерекеңмен анашым» атты ертеңгілігімізді сіздерге арнаймыз!

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан балалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген - тіршіліктің тірегі,

Армысыздар қасиетті аналар!

Көркем безендірілген залға ұлдар музыкамен кіреді.

Жүргізуші: Ұлдар, бүгін аналар мерекесі ғой!,бәрі дайын ба?Ешкім кешіккен жоқ қой? Әне, қыздар да келе жатыр! Қарсы алайық!

(Музыка әуені естіледі де,қыздар залға кіреді)

Жүргізуші: Қараңдаршы,біздің қыздарымыз қандай әдемі болып кетіпті!

Ұлдар қыздарға басын иеді.

Жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы,

Ана табады,аялайды,бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,

Хормен балалар:

Сізді жақсы көреміз,

Әрқашан мақтан етіп жүреміз.

Жүргізуші: Бала, бала, бала деп,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Тал бесікті таянған

Түнде шошып оянған,

Кірлі көйлек кигізбей

Қолын қатты тигізбей,

Исін жұпар аңқытқан,

Мейіріммен шалқытқан,

Бұл кім балалар?

Балалар: Аналар!

Жүргізуші: Біз осы әсем безендірілген залға аналардың мерекесін тойлауға келдік.Ал сендер аналарыңа қандай тілек айтар едіңдер?

Раман: Ана деген не деген,

Ақ тілеулі жан еді .

Алғысын алып мен деген,

Бақыт тапқым келеді.

Ана - біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұланды ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Інжу:Бәрімізге анасың,

Біз үшін күйіп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

Жангүлім :Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Тәрбиелі анамды,

Үнемі айтып мақтанам.

Сізге бүгін сый - құрмет,

Жан анашым мерейім.

Қаласаңыз би билеп,

Ән де салып беремін.

Ән: «Айналайын ақ мамам!»

(Ортаға кішкентай қыз Айгөлек жүгіріп кіреді.)

Айгөлек қыз: Мен кішкентай Айгөлекпін.Жын менің інімнің жүрегін мұзға айналдырды.Маған інімнің жүрегін жібітетін бәйшешек гүлі керек.(жылап отырады.)

Қыс ханшайымы: Бұл кім? Менің патшалығымда не істеп жүрсің? Неге жылап отырсың?

Айгөлек қыз:Сәлеметсіз бе? Қыс ханшайымы.....

Қыс ханшайыымы: Жарайды көмектесейін,бірінші сен менің жұмбағымның жауабын тауып тап.

Қыстағы ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Айгөлек қыз: Қар

Қыс ханшайымы: Жарайды,дұрыс таптың.Қазір саған бәйшешек гүлін беру үшін ортаға, сиқырлы таяқшаммен Көктем ханшайымын шақырайын.

Көктем ханшайымы:Мені ұйқыдан оятқан кім? Не керек саған кішкентай қыз?

Айгөлек қыз: Сәлеметсіз бе! Сұлу көктем....

Көктем ханшайымы: Бәйшешек гүлі дейсің бе? жарайды көмектесейін өзің ержүрек қыз екенсің. Менің бәйшешек гүлдерім ортаға шығыңдар ( 10 қыз бәйшешек гүлін кішкентай Айгөлек қызға береді.)

Көктем ханшайымы: мінекей,кішкентай қыз бәйшешек гүлдерін ала ғой.

Айгөлек қыз: Рахмет сұлу көктем.Мен бәйшешек гүлін таптым,енді тезірек үйіме барайын.Інімнің жүрегін жібітемін.

(Айгөлек қыз шығып кетеді)

Би: Қол шатыр.

Ендігі кезекте балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Айдын:Бала,бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Тастай бесік таянған.

Менің анам - мұғалім,

Менің әжем шын - ғалым.

Одан жас та, кәрі де,

Оқып шыққан бәрі де.

Айнара:Аялаған анамыз,

Саялаған панамыз.

Шынары боп өсеміз,

Шырағы боп жанамыз.

Жайық:Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтанған,

Айналайын ақ мамам.

Карима:Жүре берсін қасымда,

Әйбәт мамам, ақ мамам,

«Ботам» деген дауысыңнан,

Мен мәз болып оянам.

Ұлболсын: Еркелесем күлімдейді,

Ұрысқаны білінбейді.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым,күнім»- дейді.

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде

Би: «Қамажай»

Балалар: Сәлеметсіз бе! Көктем аруы өлкемізге қош келдіңіз!

Көктем ханшайымы:Сәлеметсіздер ме! Рахмет.Балалар сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?

Балалар:Аналар мерекесі

Көктем ханшайымы: Ендеше мерекелерің қызықты, көңілді өту үшін ойын ойнап жібірейік.

Ойын: « Шаш өру »

Жүргізуші: Ендігі кезекте балалардың әжелеріне арнаған тақпақтарына кезек берейік

Дастан: Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем жыр әжем,

Аман - есен жүр әжем.

Іңкәр: Қайырымды,қасиетті,

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес ақ әжем,

Аман - есен жүріңізші,

Бар тілегім,сол әжем.

Жүргізуші: Балалар,бізді ата - әжелеріміз еркелеткенде төрт - түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады екен,ал сендерді әжелерің қалай еркелетеді.

Балалар: Құлыншағым, ботақаным, құлыным, лағым,қозым т.б

Жүргізуші: Міне, осы боташым, қозым деп жақсы көріп еркелеткен әжелерімізге арнап , «Әжетайым» әнін жолдаймыз.

Ән: «Әжетайым»

Ойын: «Өз анаңды тап»

Ендігі кезекте балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.

Мерлан: Күнде осылай шыдамай,

Қарсы аламын анамды.

Құшақтаймын қуана,

Ең әдемі адамды.

Жанару.Еркелеймін,шаттанам,

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші,келші ақ мамам.

Арай:Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген анашымды,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Анам менің аялаған,

Құшағынан сая табам

Қанша жақсы болса дағы,

Сендей ана қайда маған.

Қасымхан:Ең қымбатты өмірде,

Ана екенін біліңіз.

Ана жанын түсініп,

Ойнаңыз да күліңіз.

Слушай нашу песенку,

Мамочка любимая.

Будь всегда здоровая,

Будь всегда счастливая.

ӘН: Құттықтаймын мама,туған күніңмен.

Би: Орыс биі

Жүргізуші: Өмірге ана-бұлақ,ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем,талай шешен,

Талай ер,талай ақын,талай дана.

Ана! Ол-біздің елде ардақты адам,

Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы-Отанына

«Ана» деп біздің халақ текке айтпаған.

Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.









Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі жанындағы «Еркем-ай» шағын орталығы


Тақырыбы: «Мерекеңмен анашым!»

/аналарға арналған ертеңгілік/





Тәрбиеші: Галимова Н.К




Оқу жылы 2015 ж





© 2010-2022