Разработка на тему Тәуелсіздік (5 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернаты , 5-сынып жетекшісі Нұрманова Гүлзада Жалеловна

Тақырыбы: Тәуелсіздік- аңсаған арман,қол жеткен мұрат

Мақсаты: Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы мағлумат беру.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру,балаларды туған жерін, Отанын қастерлеп,сүюге баулу.

Тәрбиелік мәні:Жас жеткіншектерді Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Мемлекеттік рәміздер,Қазақстан картасы,Н.Ә.Назарбаевтың суреті, Тәуелсіздік күніне арналған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, қабырға газеттері,кітап көрмесі , буктемелер,интерактивті тақта,экран/слайд-шоу/,шарлар.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

А)Қызығушылықты ояту.
- Біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Басымыздан құт-береке қашпасын деп,найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Достықты сақтай білген елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.
1-жүргізуші:Қайырлы күн құрметті Қонақтар,Ұстаздар,оқушылар ! Баршаңызды алда келе жатқан біз үшін аса қасиетті,қымбатты мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
2- жүргізуші: Өзіндікі елің де,
Өзіндікі жерің де,
Жаса,Қазақстаным,
Тәуелсіздік төрінде!-дей келе,ҚР тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-аңсаған арман,қол жеткен мұрат!» атты кездесу кешімізді ашық деп жариялауды рұқсат етіңіздер.
Мемлекеттік ӘНҰРАН орындалады.
1-жүргізуші: Келген қонақтармен таныстыру. Бүгін бізде қонақта: мектеп - интернатының педагог-психологы, Желтоқсан оқиғасында зардап шегуші Ахметова Динаш Садыққызы, ауданымыздың балалар бөлімінің меңгерушісі Жәмила Тайымбекова.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,қастерлі ұғым.Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті алғанымызға міне, биыл тура 24 жыл толды.

Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы турған Тәуелсіздігіміз бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктетіп,тамаша табыстармен жігіт жасына жетіп отыр. Егеменді еліміздің тәуелсіздік алған 24жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әлі де берері тіпті мол.

2-жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін,егеменмін,дербеспін

ӘН «Қазақстан»/ сөзі:Ғ.жұмабаев,әні:С.Мұхамеджанов/ Орындайтын 5-сынып оқушысы Сабырханова Сымбат

1-жүргізуші:Қазақстан үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді.Халқымыз бостандықты аңсап,тәуелсіздікке зарығып жетті.

Іңкәр:Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ.Тәуелсіздік ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы.Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында Тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Ақниет: Бұл күнге дейін ұмтылмас оқиғалар-ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге,өлмес мұра ретінде сақталғаны рас.Еліміздің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар,батырлар,қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен.

2-жүргізуші:Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ-студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білу барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Міне сөзімізді ары қарай өрбіту үшін мектебіміздің педагог психологы -Ахметова Динаш апайға

Сөз кезегін беруге рұқсат етіңіздер. (Алдымен интерактивті тақтаға назар аударып.......)

1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің 24 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды.
Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық (слайд шоу)
Аяжан-1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Шыңғыс- 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы - суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары - сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.
Фатима - 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
Елнұр - 1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
Ақерке - 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
Ерхан - 1995 жылғы 1 наурызда - Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты - қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
Марал - 1996 жыл Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады
Нәйла - 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
Балнұр - 1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
2-жүргізуші.Көздегені, мақсаты, басқы арманы -
Егеменді елінің жақсарғаны.
Болашақты болжамдап алдын - ала,
«Қазақстан - 2030» - ды жоспарлады.

Алдарыңызда көрініс: «Тарих өткелдері» Немересі: (ұл бала) Әже, атам ылғи «Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірді ойлаймын» дейді. Атамның өткен өмірі қандай?

Әжесі:Е, балам, атаң, ата-бабаң не көрмеді дейсің?! 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы, 1930-1932 жылдардағы алапат аштық, одан 1937-1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұшырауы...1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. Міне, өткен өмір. Бұған да тәубә. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық

1-оқушы: Егеменді ел болудың белгісі -

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егеменді деген сөздер естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі. Әжесі: Еліміздің егемендігін осылай жырлаймыз, балам.Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым. Елін, жерін сүйетін үлкен азамат болыңдар!

Сымбат -2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды. 2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар.
Қаракөз - 2002 жылы Евразияның кіндігі - Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана - Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
Салтанат - 2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды. Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы - ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.
Нұрмұхаммед - 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
Нариман - 2005 жыл4 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің Бүкілхалқаралық сайлауы болды.
Жангүлім - 2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы - Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.

1-жүргізуші: 5-сыныптың ақын қызы Салтанат Тасыбай өз шығармашылығынан "Мен тәуелсіздік ұланы"

Алтынбек - 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы - Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.

Ералы - 2009 жыл.25 ақпан-6 наурыз аралығы. Қазақстан Республикасының ұлттық санағы жүргізілді.
Жібек - 2010 жыл. 7-қысқы Азияда ойыны өтті.
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Дильназ - 2011 жылы халқымыз үшін ең басты мереке - бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл - Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» жарлығына сәйкес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жылы деп жарияланды.
Гүлжазира - 2012 жыл.31 мамырда-Астанада 1932-1933 жылдары ашаршылық құрбандарына ескерткіш монументі ашылды.4шілдеде-Астанада "Хазірет Сұлтан мешіті ашылды"

1 желтоқсанда-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні болып жарияланды.

2-жүргізуші: Келесі сөз кезегі Ауданымыздың балалар бөлімінің кітапханашысы Жәмила Тайымбековаға береміз.

Нейла - 2013 жыл.21 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына қол қойды.18 қазанда Астанада Тәуелсіздік сарайында Нұр Отан партиясы кезектен тыс съезі болды.

Бекарыс - 2014 жыл 12 қараша Н.Назарбаев "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" жолдауы жарияланды

Нұрымжан -2015 жыл"Қазақ хандығына-550 жыл","Ұлы Жеңіске -70 жыл", 1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назаарбаев"Қазақстан жаңа жахандық нақты ахуалда: өсу,реформалар,даму" атты жолдауы жарияланды.

2-жүргізуші: Осы жиырма төрт жыл ішінде еліміз еңселі мемлекет болып қалыптаса алды. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен иық теңестіретін дәрежеге жеттік. Біз қолда тұрған ядролық қарудан бас тарттық, сол арқылы әлем елдеріне, әсіресе, азулы алпауыт державаларға үлгі-өнеге көрсеттік..
1-жүргізуші: Басты алға азат ел - анамыз,
Бастауда Нұрсұлтан данамыз.
Гүлденді кең байтақ даламыз,
Түрленді сәнді сан қаламыз.
Елдікке, бірлікке сенеміз,
Ерлікке, тірлікке кененбіз.
Қажырмен қарыштап келеміз,
Болашақ бағына енеміз.
Басқарған Елбасы ұлы іс -
Басталған жаңаша құрылыс.
Баянды басталды бетбұрыс,
Оңғарған ер көсем құрып іс.
Жаңаша дарыған білімім,
Жараса дамыған ғылымым.
Қазақтың өркенін өсірген
Азат күн - бақытым - ұлы күн.
2-жүргізуші: Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқырыған жарқын болсын!
Төзілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті,кемелді,
Жайна мәнгі тәуелсіз ел - Қазақстан!
Ән «Қазақ елі» Шайхысламова Қ, Сабырханова C

Қорытынды:Шығымды аттай бәйгеде оза шапқан,
Күн - күн сайын қарыштап алға басқан.
ТМД елдерін артқа тастап,Гүлденген Мәңгілік ел - Қазақстан,- дей отырып,бүгінгі ҚР Тәлеулсіздігінің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат» атты Ахметова Динаш Садыққызымен кездесу кешіміз өз мәресіне жетті.





© 2010-2022