«Қазақ халқының ерлік істері» (7 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып жетекшісі:Қ.Б.Умбетова

Ерлік сабағы

«Қазақ халқының ерлік істері»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық батырлар.
Жалпы мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді пысықтау, тиянақтау. Елі үшін мақтаныш сезімін оята отырып, оқушы бойына Отанқорғаушы бейнесін қалыптастыру.

Сабақ жоспары
Ойлау деңгейлері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық дайындық.Тренинг..
Білу. Берілген өлең жолдарын оқу.

Бір бассаң да, алға бас

Өжет елдің жігіті

Өшін алмай шыдар ма?

Кескілескен дұшпанын

Кесіп түспей тынар ма?

Тайынба, жолдас жауынгер,

Ел тағдыры қолыңда!

Тайынбасаң оқ пен от

Бөгет болмас жолыңа!

Халықтың ыза кегінен

Сауыт киіп сан қабат,

Жай түсер жаудың шебіне,

Жауызды өлтір саңлақ ат!

Қапы қалма, қырылсын!

Өздері қазған орына

Өздері мерт боп жығылсын!

Қасқия шап, қарсы бар

Өмірдің нұрлы таңы үшін!

Бір бассаң да алға бас,

Миллиондардың бағы үшін!

Жеңіс солдаты

Соққанда жылына бір Жеңіс күні

Жаныңың жазылғандай кеңістігі,

Қарт солдат өз полкінің туын ұстап,

Білдірмей жалғыз аяқ кемістігін.

Алаңға шығушы еді таңғы шақта,

Полктас бауырларын сан құшақтап.

Сүйісіп, амандасып болғаннан соң,

Қасқайып тұрушы еді алғы сапта.

Соңынан тізілетін жауынгерлер,

Отанның әр тұсынан келген ерлер,

Жарқырап өңірінде ордендері,

Бір кезде алып берген елге бедел.

Бір кезде алып берген елге Жеңіс,

Сабаздар бірте-бірте келмей тегіс,

Жыл санап сирек тартып бара жатты,

Сарқылып сабасынан бейне теңіз

Осы өлеңдерді оқып шығыңыздар.Бұл өлең жолдарында не туралы айтылған? -«Соғыс»дегенді қалай түсінеміз?
-Қандай ірі соғыстарды білесіздер?
-Ұлы Отан соғысы қашан,қай елдердің арасында болды?
-Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл қанша жыл?

Түсіну Оқушылар назарын экранға аударамыз.Бейнероликтер «Зұлмат заман»,

«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық батырлар». Оқушылар

бейнероликтерді тамашалайды.

Қолдану. Оқушылар көрген бейнероликтер бойынша бір-біріне ашық сұрақтар

дайындайды.
Оқушыларды смайликтермен бағалау.
Сергіту сәті «Бақыт сағаты» тренинг. Тренингке қатынасады.

Талдау. Ұлы Отан соғысына қатынасқан батыр Бауыржан Момышұлы туралы

мәлімет жинақтайды.(Бейнеролик)

Жинақтау «Эстафета таяқшасы» әдісімен сабақты қорытындылау. Оқушылар

шеңбер құрып бүгінгі сабақтан алған білімдерін сұрақ қою арқылы қорытындылайды.

Бағалау «Ардагер атаға хат» Оқушылар өздері білетін соғыс ардагерлеріне (аталары болуы мүмкін) хат жазады.

Рефлексия. Екі жұлдыз,бір тілек әдісімен сабаққа баға береді. Бүгінгі сабақтың екі ұнамды жағын,бір ұсыныс жазып қалдырады.



© 2010-2022