Классный час на тему Салауатты ел өмір салты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі



«БЕКІТЕМІН»

Жаңақорған аграрлы-техникалық

колледж директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________ К. Дәндібаев






АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: Салауатты ел өмір салты

Дайындаған: Алпамышева Қарлығаш









Жаңақорған 2014ж.

Сабақтың тақырыбы:Салауатты ел өмір салты

Сабақтың мақсаты:Студенттерге денсаулықтың маңызды екндігін түсіндіре отырып, дені сау, ағзасы мықты ұрпақтар тәрбиелеу салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру; маскұнемдікке қарсы күресу, есірткі мен темекінің зияндығын сезіне отырып,салауатты өмір салтын қалыптастыруға ат салысу; Отанын, жерін сүйе білуге, жаман әдеттерден сақ болуға баулу, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Денсаулыққа байланысты мақалдар. Шылымның, есірткінің, арақтың адам өміріне зияндығын көрсететін суреттер. Сөзжұмбақтар.

Сабақ әдісі:Баяндау, ой-пікірлерді тыңдау, сұрақтарға жауап.

Ұйымдастыру кезеңі:Мұғалім салауатты өмір салты туралы түсінік беріп өтеді, алкогольдің адам ағзасына зияны туралы баяндама оқиды.

Мұғалім: Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек.Оның ойдағыдай болуы қоғам мұшелерінің сайдың тасындай сау өмір сүруі, еңбек етуіне әбден байланысты. Сондықтан да бұл мәселеге мемлекеттәк тұрғыда мән беріліп отырғаны бекер емес. Әсіресе жас ұрпақтың ауырмай, сырқамай ер жетіп, қалыппен алға басуынан артық ғанибет бар ма?!

Әр ауылда, ауданда емханалар ежелгі қалыппен үздіксіз істейтін болса, одан ұтатын ең алдымен халық. Ғылыми зерттеулердің айқын дәлелдеп бергені: әдетте адам денсаулығының қалыпты деңгейде болуы адамның өзіне байланысты болмақ. Әрине, мұның өзі шартты нәтижелер екені белгілі.

Қалай десек те, өзін-өзі күтпей ішімдікке салынып, темекі шегетін адамдардың денсаулығы тез сыр беретіні жасырын емес.

Салауатты өмірді әркім өзінен,отбасынан бастауы керек. Әрбір адамның шымыр болуы сайып келгенде ел мықтылығының кепілі. Спорттық жетістіктерге де жетуді де жоққа шығара алмаймыз. Бұқаралық спортқа отандастарымыз белсене араласса, денсаулығы мықты адамдардың қатары да көбейе түседі.

Дене тәрбиесі-адамдардың денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл әрекеттерін қалыптастыратын, адамгершілік қасиеттері мен ерік-жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі.

Қандай жақсылық жаңалық болсын адам игілігі үшін жасалады.Таза су, ауа, табиғат адам баласының тәні мен жанын сауықтырып жаөсартатын, ауруға қарсылықты арттыратын қасиетті күш. Дәрігер -емдейді, табиғат - сауықтырады.

Бірінші байлық денсаулық. Ендеше осынау басты байлығымызды, денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауды естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ.

Тәні саудың жаны сау. Таңертең дене шынықтырумен айналысқан, қимыл-қозғалысы ширақ, жүріс тұрысы өнегелі адамның ағзасы анау-мынау ауруға бой бермейді. Қарапайым қағида: бой сергіту, таза ауа, су, күнделікті ыстық тамақ болуы тиіс.Тек қана басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса ғана дәрігерге жүгіріп жанымызға шипа іздейміз. Уыс-уыс дәрілерді ішіп, ағзамызды улап, аурудан арылғымыз келеді. Нәтижесінде ауру міндеген тұста селсоқ, қоғамға да, отбасына да пайдасы шамалы, өзі де бейшара, мүсәпір боласың да қаласың.

Баяндама: Алкоголь денсаулыққа өте зиян. Алкоголь-ашытқы сыңырауқұлақтарының әсерінен углеводтардың ашуы үрдісінде түзілген зат. Алкоголь есірткі заттарының бірі. Алкоголь құрамындағы улы заттардың бірі-сиызм майы. Бұл май ішімдіктің құрамында көп болады.

Алкоголь асқазанда қанның құрамына тез еніп, ми жасушаларының қызметін бұзады. Мишық жұмысының бұзылуынан адамның жүрісі, іс-қимылы өзгереді. Ол ағзада, орталық нерв системасындағы тежеу үрдісін баяулатып, ал үздіксіз қолданған жағдайда өзін-өзі сынау, сақтылық қасиеттерінің жойылуына әсер етеді. Алкоголь ақыл-ой және дене еңбегіне қабілетті, көру өткірлігін айтарлықтай төмендетеді, әр түрлі әрекеттерді орындау дәлдігін нашарлатады, бұл жол көлік оқиғаларына, жарақаттар алу жағдайларына душар етеді.

Алкогольді үнемі пайдалану маскүнемдікке апарып соқтырады. Асқазанның қабынуы, бауыр, бүйрек аурулары маскүнемдерге тән. Маскүнем ішімдік болмаса ауырып, жалпы әлсіздік байқалады.

Алкогольді ұзақ уақыт пайдаланудың әсерінен бауыр клеткалары нашарлайды, ас қорытудың бұзылғанынан оң жақ қабырғасының асты дуылдап қышуынан зардап шегеді. Маскүнемдер көбінесе гастрит, ұлпалардың жара ауруларына ұшырайды. Олардың жұқпалы ауруларға, әсіресе туберкулезге қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Маскүнемдік ақыл-ой қабілетін нашарлатады. Адамның тапқырлығы төмендейді, ашуланшақ, ұмытшақ, дөрекілік, аяусыздық, қатігездік пайда болады.

Алкоголь ұрпаққа әсер етеді. Бұл жағдайда бойы мен дене салмағы кем, нашар жетілген, ауруға шалдыққан бала өмірге келуі мүмкін.

Маскүнемдікті қолпаштамай оған қарсы тұру бұл әрқайсымыздың міндетіміз. Алкоголизммен күрес өте қиын іс, өйткені мерекені, атаулы күнді, жанұя қуанышын ағыл-тегіл ішкілікпен атап өту орын алған, сатып алған затты, істің басталуын немесе аяқталуын жуу деген бар. Кейбір жасөспірісдер арақты қылқытып сіміре беру ерлік деп ойлайды, сондықтан зиянды және жалған ерлікке қарсы күресуге тура келеді.

Қандай салтанатты, кездесуді болсын арақсыз да көңілді өткізуге, ал саулық үшін тост көтеретін болсаңыз, жеңіл шараппен де шектелуге болады ғой.

Алкогольдің зияндылығын оның жиынтығына, ішкіліктің күшіне, ішілген мөлшеріне байланысты. Ол әсіресе балалардың, әйелдердің, ауру адамдардың ағзасына кеселді әсер етеді. Есек еркектердің күш-қуаты мол ағзасы алкогольдің зиянды әсеріне бірден берілмей, оған едәуір қарсылық көрсетеді.

Егер адам бір рет арақ ішсе ол адам ары қарай арақ ішкісі келеді де тұрады, сөйте -сөйте өзінің дүние мүлкіне арақ алып үйсіз күйсіз далада мас болып жатады. Ондай адамдарды біз күнде көріп жүреміз. Арақ адамның өмірін қысқартады, адамды неше түрлі ауруға шалдықтырады. Мысалы: адамның иіс сезу мүшесі жойылады, өкпесін қарайтып жібереді де, жүрек ауруына, бүйрек ауруына шалдығады.

Адам ішімдік ішкенде өзінің не істегенін білмейді және өзін-өзі танымай қалады. Арақ ішкен адамның баласына да қаупі бар. Егер жүкті әйел арақ ішсе, ішінде жатқан баланы арақпен өоректендіреді. Соның кесірінен бала бір жері кем болып туылады. Ол балада көбінесе алқаш болып, алкогольдің әсерінен жоқшылықта өмір сүреді. Адам ішімдіктің кесірінен өзінің не істегенін білмей кісі өлтіріп қоюы мүмкін. Міне ішімдік адамды қандай жағдайға сүйрейді.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр студент салауатты өмір салтына, денсаулыққа, нашақорлыққа байланысты өз ойларын қысқаша айтып шығады.

Білімді тексеру кезеңі: Мұғалім жоғарыда көрсетілген баяндамаға байланысты сұрақтар қояды.

Мұғалім: балалар денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1- студент: Ас жақпаған ауру өледі

2- студент: Азған денеге ауру үйір

3- студент: Ауру атаңды да шөктірер

4- студент: Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады

5- студент: Ауруын жасырған өледі

6- студент: Байлық байлық емес, денсаулық- байлық

7- студент: Бірінші байлық-денсаулық

8- студент: Демі бардың емі бар

9- студент: Денсаулық кепілі -тазалық

10- студент: Дерті бардың дәрмені жоқ

11- студент: Жарлының байлыға-денінің саулығы

12- студент: Сау басыңа сақина тілеме

13- студент: Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы

14- студент: Сұрап алған ауруға ем табылмас

15- студент: Тәні саудың жаны сау

16- студент: Тер шықпаған кісіден дерт шықпайды

17- студент: Алла деп барсаң, аман келерсің

18- студент: Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде

19- студент: Арақ, шылым қасірет көзі

20- студент: Нашақорлық ғасыр дерті

21- студент: Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

Мұғалім: Денсаулық туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

1- студент: Үш нәрсенің алдын ал:

Аурудың алдын ал

Жаудың алдын ал

Қызған даудың алдын ал

2- студент: Айтшы ару неге шылым тартасың?

Белгілі ғой, өшсең қайта жанбассың

Енді қайта шекпеші оны өтінем,

Себебі сен-анасың ғой, Анасың!

Мақсат қою кезеңі: Бір ауыздан ортақ мақсатты белгілеу.

Материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалім студенттерді екі топқа бөліп сөзжұмбақтарды жасырады.

Зертханалық жұмыс:

Мұғалім: Темекінің адам өміріне зияндығына көз жеткізейік.

Бөтелкенің аузына мақта салып, жабылады. Қақпағына тесік жасалып, темекі орналасыды, тұтатылады.

Мұғалім: темекі саынған бөтелкені кімге ұқсатамыз?

Студенттер: Адамға.

Мұғалім: Салынған мақтаны ше?

Студенттер: Өкпеге.

Мұғалім: Не байқадыңдар?...

Мұғалім: Мақтаның сарғайғаны-кісінің тыныс жолынан ішке түтіннің кеткені. Олай болса темекі денсаулыққа осылай зиянын тигізеді екен.

Жаңа сабақты түсінгендігін тексеру: Кішігірім шығарма жарысы. Студенттер өз ойларын шығарма ретінде білдіреді.

Бекіту: Мұғалім қорытынды ретінде салауытты өмір салтын ұстануды, спортпен шұғылдануды, денсаулықты күтуді ұсынады.








© 2010-2022