Тәрбие процесін жергіліктендіру. «Таза орман» акциясы

«Тәрбие процесін жергіліктендіру арқылы іскерлік қызметтің әр саласында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тәрбиелеу» жобасы негізінде  өткізілген «Таза орман» акциясына колледжіміздің оқушылары қатысты. Акцияның мақсаты қалалық «Химия, биология, экология» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен және колледжішілік  «Тәрбие процесін жергіліктендіру арқылы іскерлік қызметтің әр саласында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тәрбиелеу» жобасы негізінде экологиялық комитетпен бірлесе оты...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тәрбие процесін жергіліктендіру арқылы іскерлік қызметтің әр саласында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тәрбиелеу» жобасы негізінде өткізілген

«Таза орман» акциясы




Дайындаған оқытушы:

Гайсина Б.С.





Эпиграф: Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.



Ертіс өзенінің экологиялық жағдайы.

Ертіс өзені - Қазақстандық Алтайдың ең басты су күретамыры болып табылады. Өзен бастауын Монғол Алтайының оңтүстік батыс беткейіндегі 2500 м биіктікте орналасқан мұздықтан алады. Зайсан көліне келіп құйғанға дейінгі ұзындығы 672 км-ге жетеді. Бұл тұста өзен Қара Ертіс деген атқа ие болады. Көлден ағып шығып, Ресей мемлекеті аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс транс шекаралық өзендер қатарына жатады.

Ертіс өзенінің Прапорщикова аулы маңындағы су сапасының сипаттамасы: 2003ж-2,16 (орташа ластанған), 2004ж-1,46 (орташа ластанған), 2005ж-1,45 (орташа ластанған),2006ж-1,15 (орташа ластанған) ,2007ж-2,04 (орташа ластанған) .

Соңғы он жыл ішіндегі өзен суын әртүрлі қажеттіліктер үшін пайдалану мүмкіншіліктерін талдайтын болсақ :

  • өнеркәсіп өндірісінің артуына байланысты суды пайдалану көлемі де артып отыр;

  • жүйелі суландыруға қолданылатын су суарылатын ауданға тәуелді болып келеді;

  • лимандық суаруға қолданылатын су суармалы аудандардың азаюына байланысты төмендеп отыр;

  • ауыл шаруашылығы сумен қамтамасыз ету бойынша пайдаланатын сулар мөлшері өзгеріссіз қалып отырады;

  • Жайылмаларды суландыруға пайдаланатын су мөлшері мал санының артуына байланысты өсіп жатыр;

  • Тоған-балық шаруашылығына қолданылатын сулар біртіндеп азаюда.

Бүгінгі таңда Ертіс өзені суларына түсетін улы заттардың көлемін азайту мақсатында кәсіпорындарда ағын суларда биологиялық тазалайтын қуатты тазалау қондырғылары орнатылуда. Өнеркәсіпте суды тұйық цикл бойынша пайдалану қолданылуда. Қазіргі кезде кері және қайта пайдаланатын сулардың көлемі жалпы су тұтынудың 48 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар, өнеркәсіп орындары аз және қалдықсыз технологияларды, қалдықтарды екінші реттік өңдеуге көшуде.

Қалалық «Химия, биология, экология» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен және колледжішілік «Тәрбие процесін жергіліктендіру арқылы іскерлік қызметтің әр саласында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тәрбиелеу» жобасы негізінде экологиялық комитетпен бірлесе отырып, Ертіс өзені жағалауын тазалауға шықтық. Тазалық жүргізуге колледжіміздің химия пәні оқытушысы Гайсина Б.С., 11 бухгалтер тобы барды. Бұл акцияға қаламыздың геология-бақылау және бизнес-құқық колледждері де қатысты. Акция барысында Ертіс жағалауындағы ластанған жерлерді қоқыстардан тазарттық. Біздің аталған акцияға қатысуымыздың мақсаты болашақ жастарымыздың санасында табиғатқа деген сүйіспеншілікті, қамқорлықты, қоршаған ортаға деген махаббатты қалыптастыру. Осындай іс-шаралар арқылы біз табиғатымызды, қоршаған өлкемізді қоқыстардан тазартып, басқа да оқушылар мен жас ұрпаққа үлгі көрсетсек, келешекте ол жастарымызда орынсыз табиғатты ластамай табиғатты қорғау, аялау акцияларына бізбен бірлесіп ат салысады- деген ойдамыз.



© 2010-2022