Әліппе деген - алтын жол

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Рахмет саған, Әліппе!» ертеңгілігі. №1 слайд
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Ата - аналарға балалардың қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.
Көрнекіліктері: «Рахмет саған, Әліппе!», нақыл сөздер, шарлар, оқушылардың үлгілі таза дәптерлері, Ы.Алтынсарин портреті. Презентация, фильм, кейіпкерлер.
№2 слайд. Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып-үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын - Әліппе оқулығы. Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Екі тоқсан бойы оқыған әліппемен қоштасатын сәт те келіп қалды. Алдарыңызда 1"ә" сынып оқушылары әліппеден алған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақшы. Қарсы алайық!

( әуенмен оқушылар кіреді.)

*Құттықтау сөзі мектеп әкімшілігіне беріледі.

Мөлдір:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достасып, Өсті білім, сан санат.

Аружан: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан "Әліппені" бітірдік.

Әдемі: Біз енді өзіміз - ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерімізді бөгетсіз оқи аламыз.
Бейне- Ән: «Тұлпарым»

(№ 3 слайд)

Дамиржан:

Бар кітапқа бас болған,

"Әліппе" ғылым ағасы, Әліппеден басталған, Даналықтың данасы.

Мұғалім:Қайда екен біздің Әліппе?

( әуенмен Әліппе келеді. Қолында сандық )

№4 слайд)

Әліппе:Армысыңдар жас достар,

Армысың ата-аналар. Болашаққа жол бастар, Әліппе келді ортаға. Менің атым әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ержеткен, Бауыржан да, Мәлік те.

Барлығы:Оны біз де білеміз.

Сондықтан да Әліппе. Мәңгілік сені сүйеміз.

Әліппе:Олай болса алғашқы.

Әліппені кім жазды?

(№5 слайд) Барлығы: Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім:Білім туралы Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?
Дамиржан:
Кел, балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Әліппе: Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Барлығы: 42 әріп бар.

(№6 с) Әліппе : Ал әріптер қайдасыңдар, сапқа тұрыңдар!

( оқушылар кейбір әріптерге байланысты тақпақтарын айтады. )

Жания: А-дегенім ардақты, Ақ сүт берген апамыз.

Адиля: Ә-дегенім әнімнің, Әнге айналған әуені.

Диас: С-дегенді ел сәбидің, Сылдырмағы ұқпай ма?

Ерсултан: У жалауша мұны біл
Еліміздің туы бұл.
Дильназ: М дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.
Азиза: Ш Шытырмақ текше ғой
Алты қырын екшей ғой.
Мөлдір: Ғ Ғажап бояу жағады
Ғали сурет салады.
Әдемі: Р Ракета зымырап
Ғарышқа оны ұшырам.
Дамиржан: Б-дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой.
Аружан: Ұ Ұшақ ұшатын
Бұлтарды құшатын.
Азиза: Ф Футбол ойыны
Аяқ доп дейді оны.

Мұғалім: Әріптердің сыры бар,

Алфавитті біліп ал!

Ән: «Әнші балапан».

(№7 слайд.) Мұғалім: Ойын. «Жоғалған әріп»

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін, лагерь, хоккей, т.с.с
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

(№8 слайд) "Сұрақ - жауап" ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар: 1 топқа сұрақтар
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?

2 топқа сұрақтар: 9. Күзде не сарғаяды?

10.Сен қайда тұрасың?
11.Сенің Отаның қай ел?
12.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

13.Орман дәрігері қай құс?

14.Қыста қоянның түсі?

15.Егінді қашан орады?

16. Иіс сезу мүшесі?

Әдемі: «Жарқын жүзді ұстазым.» Ш.Смаханұлы

Келгенімде алдыңа

Қызыл-жасыл гүл алып.

Жақын тарттың жаңына

«Шәкіртім» деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың,

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

(№9 слайд) Ән. "Рахмет саған, әліппе" (орындарына отырады)

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар!

Мұғалім: Қазақ халқы шешен халық.Шешендік өнер біздің халқымыздың асыл мұрасы. Ата-бабадан балаларға жеткен баға жетпес байлық, асыл қазына.

(музыкамен залға екі пират кіреді )

(№10 слайд щелчокпен басу 1 рет) 1-пират:Естідіңбе, мына кітапта қазына, байлық бар екен!

2-пират: Тезірек алып қашайық! Іші толған алтын, ақша шығар! Бұл нағыз байлық!

(екеуі залды айналып ,Әліппені қоршап алады. Қолындағы сандығын ашады)

1-пират: Мынау не? Әріптер, суреттер?! Байлық қайда?

2-пират: Қазынаны қайда тықтың?

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі(Әліппеге рахмет!)











Тақырыбы: «Әліппеге рахмет!»
Мақсаты: білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
Отаным, мектебім, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті, интерактивті тақта, көрініс, ертегі кейіпкерлерінің макеттері

Барысы: 1. фонфар қосылады

Жеміске құты тола ма?
Бір - бірлеп теріп алмасаң?
Әп - сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал: білім боларың
Шам - шырағың жолында.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға...

Ортаға 1 «а» сынып оқушыларын шақырайық Балалар өздерін таныстырады
Патша: Менің рұқсатымсыз неге Әліппемен қоштасқалы жатырсыздар?

Мұғалім Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің кішкентай достарым сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, біліп, үйреніп, жазып оқи алатын жағдайға жетті. Осы қуанышымызды мына жұрттың алдында паш етеміз. Одан да ашуыңызды басып, 1 «а» сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыз. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз.
Патша: - Жарайды, онда рұқсат берейін, өнерлерін көрейін.

Рамазан
Рахмет, білім патшасы!
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар!
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.

( оқушылар кіреді)
1- қыркүйек 2015 жылы 1- сыныпқа қадам басқан, сүйкімді әліппе оқулығын қолдарына ұстаған 17 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.

Мұғалім: - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің 1 «а»
сыныбының әзірлеген «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. ( Слайдтан мақсаты оқылады ) Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы Әліппе. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

3- жүргізуші: Исламбек
Армысыздар, құрметті көреремендер! Ата - аналар, ұстаздар және оқушылар!

4- жүргізуші: Каусар Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік қой,

3- жүргізуші: Исламбек
Біз енді кез -келген сөздерді, сөйлемдерді тіпті қысқа әңгімелерді де оқиаламыз.

Мұғалім:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Балалар, олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
( Әліппе келеді)

Әліппе: Меруерт Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім - көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!


Мұғалім:
- Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету - біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсетіп, ән - күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
- Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
Мұғалім: - Қане, Әліппеге арнаған қандай өлеңдерің бар, айтып берейік.
1- оқушы: Мей3ржан
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе


2-оқушы: Айсу
Ата - апа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.

3- оқушы: Дастан
Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым,
Бірге жүрген қасымда,
Әліппе болды сыңарым

4- оқушы Темирлан
Әсем ою өрнекпен
Көмкерілген Әліппем
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.

5- оқушы: Диас
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
6- оқушы: інкәр
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп, әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

7- оқушы Нұржігіт
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
ана тілге әкеліп жалғастырдың
Әр әріпті қостырып сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың
Әліппе: Балалар, жаңа сендер менен 42 әріпті үйрендік, енді өзіміз оқи аламыз дедіңдер. Қане, оқып көрейікші:
( тақтада мәтін жазылады)
Хор: Әліппе
Тапсырма: Жоғалған әріптерді табу: Әліппе, мектеп, мұғалім, асхана, дәрігер, оқушылар, ұя, аюлар, шахтёр
Енді, балалар, осы сөздерге сұрақ қояйықшы
- Балалар, Біз Әліппеден оқи алатынымызды көрсеттік, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік.Осы уақытқа дейін математикадан не үйрендіңдер?
- Ендеше, сандарды сөйлетейік
Ералы 1 дегенім - білім,
Білім - жарық күнің.
Сырым 2 дегенім - еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Әлкен 3 дегенім - үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Ершат 4 дегенім - талап,
Талмайтұғын қанат.
Рамазан 5 дегенім - бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік
Перизат 6 дегенім - арман,
Атар таңың алдан.
Нурасыл 7 дегенің - жігер,
Жеңер жолын білер.
Исламбек 8 дегенің - сенім,
Сүйенішің сенің
Тамирлан 9 дегенің - талғам,
Тура жолға салған
Бәрі 10 дегенің - Отан
Отанды сүй ботам.
Мұғалім: Балалар, біз сандарды сөйлеттік. Енді қазір мен сендерге математикадан білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып шешіңдер!
1. 5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
2. Сымда 7 үйрек отыр еді, 4 еуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады?
4. Он асықтың жетеуін
Досың сұрап алады
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? 3
Мұғалім: Балалар, біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін, бағаларды сөйлетіп көрейік
1 дегенім жаман баға, алады оны жаман бала
2 дегенім - нашар баға, інішегім нашарлама
3 дегенім - орта баға, Сапасы оның орта ғана
4 дегенім - жақсы баға, алады оны жақсы бала
5 дегенің үздік баға, оқитын бол үздік қана
Мұғалім: ең жаман бағалар қандай екен?
Исламбек : Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді арнайық
Ән: Ұстазым!
Мұғалім: Балалар, енді әліппемен қоштасатын да кез келді. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз Әліппенің арқасында оқып, жазуды үйрендік ендеше не дейміз?
Хормен: Әліппеге мың алғыс!
Әліппе: меруерт
Сендерге де рахмет, балалар!
Оқуда зейінді болыңдар
Еңбекте бейімді болыңдар!
Ақ жол болсын, қарақтарым
Айдай болсын қабақтарың
Күнделіктерің беске толсын
Қош бол менің балаларым!
Хормен: ӘН

Мұғалім: - Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету - біздің міндетіміз.
Ардақ
6-ға сен де келесің
Рамазан Әліппең сенің Әліппең
Мұны қолыңа алып сен
Есігін ашасың мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен!
Даярлық сынып оқушысы:
6-ға мен де толамын,
Таудай биік талабым.
Ойыншықты сыйға беріп
Әліппемен дос боламын

9- оқушы: Нұржігіт Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
10 - оқушы Інкәр
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың

Би «Айгөлек»
- Балалар, сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ортаға ана тілін ортаға шақырайық.
( Ана тілі келеді)
Ана тілі: Нұржігіт
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылдым.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
- Ана тілі - ұраным
Ана тілі - құралым.
Ана ттілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық
- Ана тілі: Балалар, ең алғаш әліппені кім жазды?
Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы
Ана тілі: Ең алғашқы ұстаз кім?
Оқушылар: Ең алғашқы ұстаз Ы. Алтынсарин
- Рамазан «Осы біз қандаймыз?»
1. Талабы биік таудаймыз
2. Жанып тұрған шырақпыз
3. 9. Елтаңбасымен еңселі
10. Туымен тұғырлы
11. Әнұранымен әйбатты
Хормен: Біз қазақ елінің болашағымыз
Отан туралы мақал мәтелдер: -

Би
Мұғалім Балалар, енді өлең - жырларымызды білім алып жатқан алтын - ұя мектебімізге арнайық
11- оқушы: Айсу
Ата - анадан кейінгі
Жарқыным сенсің
Ержеткенге дейінгі
Ақылым сенсің мектебім
12 - оқушы Диас

Біліміңді аяма
Ата - анадай аяла
Мектеп ана болмаса
Бала құшақ жая ма?
13 - оқушы Әлкен

Күлімдеген, күнім деген
Қамқор болған ұстазым,
Жаны жайсаң, жайдарлы жан
Ұғындырған сөз сырын
ағылшынша тақпақтар өлеңдер
Ән: «Балдәурен» Қали Наргиз

Мұғалім:
- Міне, біз ертегі еліне саяхат жасап, онда ән айтып, би билеп, тапсырмалар орындап, білімімізді көрсеттік. Әліппені оқу барысында ата - аналардың қосқан үлесі өте мол. Ата - аналар сіздерге көп рахмет!
Келесі сөз кезегі ата - аналарға беріледі
Патша:
- Мынадай, білімді, өнерлі, тәрбиелі, тату, ұжымы жарасқан, елін, жерін сүйетін, Тәуелсіздік туын биік ұстап өсіп келе жатқан оқушылар бар мектепті ешқандай дау алмайтынына бүгін менің көзім әбден жетті. Ендеше, осы білім ордасында ұлттық рухты, дарынды балалар көбейе берсін деп тілеймін.
- Мұғалім:
Білім патшасының сөзіне мен де қосыламын. Біз сендерден үлкен үміт күтеміз. Қымбатты балалар! Мектептегі алғаш жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерге тек әріптерімен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір - біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! -деп осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңызға рахмет!
- Бірге: Сау болыңыздар!




Қош бол, қасиетті әліппем!
1 - жүргізуші: Ақылы дария
Ойы аспан
Қариялар, Армысың!
2 - жүргізуші: Өнегелі сөздері Еркелеткен біздерді Әжелерім, бармысың!
1 - жүргізуші: Асқар таудай
Өрісі кең
Әкелерім, Армысың!
2 - жүргізуші: Ақ сүт берген
Аялаған
Аналарым, бармысың!
1 - жүргізуші: Білім берген
Саясы мол
Ұстаздарым, Армысың!
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, ата - аналар бүгін сіздер 1 «ә» класс шәкірттерінің «Қош бол, Қасиетті Әліппем!» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!
«Әліппе» - әлемдегі бар ғылымның тұнық бастауы.
- Дүниенің тылсым құпиясын білуге деген бала құштарлығын оятуға ең алдымен «Әліппені» қалай меңгергені әсер етеді.
Ақын Мұзафар Әлімбаев «Әліппе» туралы былай жырлаған екен:
Жеміске құты тола ма?
Бір - бірлеп теріп алмасаң?
Әп - сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал: білім боларың
Шам - шырағың жолында.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»
Әліппе - білімнің, ғылымның алғашқы жолы
- Енді шәкірттердің Әліппеден не біліп, не үйренгенін тамашалаңыздар!
2 - жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекеге
Қош келіпсіз бәріңіз де
Әліппемен қоштасамыз
Ана тілмен достасамыз
1 - жүргізуші: Қазақстан елінің
Балдырғаны боламыз
Мақтанышы болатын
Болашағы ұланбыз.
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым!»
2 - жүргізуші: Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Барлығы: Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті, Әліппе!
Мұғалім: - Ал енді осы Әліппенің алғашқы бетінде қандай алғы сөз жазылған еді және оны кім жазған екен?
Ақарыс: «Айналайын!»
Мұғалім: - Қымбатты балалар, алғашқы қолға ұстаған Әліппені ортамызға шақырайық. Онсыз біздің тойымыз қызықсыз болар.
Бәрі: - Әліппе (3рет)
Әліппе: Армысыздар, жас достар,
Армысыздар ата - ана
Болашаққа жол бастар
Әліппеңіз мен болам
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Мұғалім: - Балалар әліппеге арнап айтатын тақпақтарың бар ма?
1 - оқушы:
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді
2 - оқушы:
А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын, айырып буынды енді.
3 - оқушы:
«Әліппе» деген - алтын жол,
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
4 - оқушы
«Әліппем», менің «Әліппем»,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
5 - оқушы:
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық тәртіпті
Ардақтайды қолдайды
6 - оқушы:
«Білім» деген бар жүгім,
«Беске» толы қоржыным.
Осылай мен меңгердім
Әліппенің бір жылың.
Мұғалім: Хор «Сәлем саған, мектебім»
Пошташы келді: - Алақай, алақай! Балаларға сендерге Астана қаласынан Аяз атадан хат келді, хабар келді! Ата ананың қандай хабар жібергенін оқығыларың, білгілерің келе ме?
Балалар: - Иә
Пошташы: - Ендеше маған «Астана» туралы өлеңді жатқа айтып беріндерші!
1 - оқушы: «Астанам»
Мұғалім:(хатты оқиды, пошташы кетіп қалады)
« - Құрметті балалар мерекелерің құтты болсын! Мен де сіздерге баруға дайындалып, қамданып жатырмын. Шыршаларының шамдарын жарқыратып жағып қойыңдар! Көп күттірмей мен де барып қалармын. Сәлем мен Аяз аталарың» - депті.
Мұғалім: - Шыршамызды жарқыратып қою үшін Әліппеден алған білімімізді, өнерімізді ортаға салайық, солай емес пе, - Құрметті Әліппен?!
- Балалар ендігі Әліппенің шарты мынадай екен. Тақтадағы сиқырлы сандардың арында әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар жазылған. Дұрыс жауап берсеңдер, құпия суретті сөз ашылады.
1 - оқушы:
Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
2 - оқушы:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқан оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
Мұғалім: - Балалар, біздің алдымызға және бір сүйіп оқитын пәніміз «Ана тілі» келе жатыр қарсы алайық!
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар? Енді мені оқып, менен білім аласыздар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер, қадірлеңдер!
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл!
Өз тіліңді құрметте!
Ана тілі: - Балалар ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміз қалай аталады?
- Осы ана тілі - қазақ тілдерің туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?
Әсем: «Ана тілі» өлеңін оқиды.
Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Ендеше Қазақстан біздің?
Ал, «Отан» туралы қандай өлең білесіңдер? Кәне кім айтады?
Хор «Отан»
Мұғалім: - Берілген тапсырмалардың барлығын орындадық. Енді ортамызға шыршамызды жарқыратып жағып қояйық.
Қане, бәрімізі хормен: Шырша, шырша таңырқат!
Шамдарыңды жарқырат!
Қар шашу, фейрверк шашу
Би «Жаңа жыл»

© 2010-2022