Дарынды оқушы-2013 Дарындылар додасы

Тақырыбы:   «Дарынды оқушы-2013» мектепішілікбайқауы   Мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, болашақ жол сілтеу, білім-білік деңгейлерін бағалау. Жүру барысы: І. Жұлдызды сәт  (сұрақ-жауап) ІІ.«Тамсантып тілін, тұлпарын, білімге ұмтыл ұрпағым»   (мақал-мәтелдер) ІІІ.«Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды   ғажабың»     (халқымыздың салт-дәстүрлері) ІҮ. «Ой толқын, білім-теңіз» (жұмбақ  сурет) Ү. ... Өз тіліңді құрметте (аударма жасау) ҮІ. Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау   І. Жұлдызды сәт ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Дарынды оқушы-2013» мектепішілікбайқауы

Мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, болашақ жол сілтеу, білім-білік деңгейлерін бағалау.

Жүру барысы:

І. Жұлдызды сәт (сұрақ-жауап)

ІІ.«Тамсантып тілін, тұлпарын, білімге ұмтыл ұрпағым» (мақал-мәтелдер)

ІІІ.«Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды ғажабың» (халқымыздың салт-дәстүрлері)

ІҮ. «Ой толқын, білім-теңіз» (жұмбақ сурет)

Ү. ... Өз тіліңді құрметте (аударма жасау)

ҮІ. Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау

І. Жұлдызды сәт (сұрақ-жауап)

1. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? (5)

2. Дүние жүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы 1992ж қазанда қай қалада болды?(Алматы)

3. Астананың символы Бәйтеректің ұзындығы қанша метр? (97 метр)

4. Еліміздің мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (1992 жылы, маусым)

5. Тұңғыш Президентіміз қай жылы сайланды? (1991, 1 желтоқсан)

6. Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде таныған тұңғыш мемлекет? (Түркия)

7. Ақмола қаласы Астана болып жарияланған жыл? (1998)

8. ҚР Туының авторы? (Ш.Ниязбеков)

9. Ұлттық теңгеміз туралы жарлық қай жылы бекітілді? () (1993ж, 15 қараша)

10.Қазақ хандығының «алтын ғасыры» кезеңі кімнің тұсында болды? (Тәуке)

11.1778 жылы патша үкіметі кімді Орта жүз ханы деп таныды? (Абылай)

12. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қай жылдары? (1723-1725ж)

13. «Тіл туралы Заң» қашан қабылданды? (1989ж, қыркүйек)

14. Еліміз жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)

15.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн (1995ж. 30-тамыз)

16. 2004 ж Афина олимпиадасының жеңімпаз бокс қолғап шебері (Бақтияр Артаев)

17. Қазақстанның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006ж 6-қаңтар)

18. Елбасының «Сындарлы он жыл» еңбегі қай жылы жарық көрді ? (2003ж)

19. Тәуке ханның заңы? (Жеті жарғы)

20. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек кімдер? (Бейімбет, Ілияс, Сәкен)

ІІ.«Тамсантып тілін, тұлпарын, білімге ұмтыл ұрпағым»(мақал-мәтелдер)

1. Отан - елдің анасы , Ел - ердің анасы

2. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас

3. Отан оттан да ыстық.

4. Ел іші - алтын бесік

5. Оқығаныңды айтпа,тоқығаныңды айт.

6. Білімге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.

7. Кітап - алтын қазына.

8. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.

9. Оқу - білім бұлағы, Білім - өнер шырағы.

10. Білім арзан, білу қымбат.

11. Адам болатын бала алысқа қарайды.

12. Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,

Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар.

13. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

14. Ел бірлігі - ел теңдігі.

15. Жер шежіресі - ел шежіресі.

16.Ел жаусыз болмас, жер даусыз болмас.

17.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл

18. Отан үшін отқа түс-күймейсің.

19. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.

20.Жігітке жеті өнер де аз.

ІІІ.«Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды ғажабың» (халқымыздың салт-дәстүрлері)

1.Қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Бұл рәсім әдетте, тойға жиналған халық алдында өткізіледі. Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады (беташар)

2. Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң жасалатын рәсім. Өз аяғымен туған жердің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап, ұшқан балапандай бала да ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілейді. (тұсау кесу)

3. Бұл той барынша салтанатты өтеді. Рәсімге ауыл әйелдері, балалар, көрші-көлем, дос-жарандар жиналады. Арнаулы ас пісіріліп, рәсім жасалынады. Жөргектен шығарылып, иткөйлек кигізілген сәбиді құтты орнына салады. Бұл рәсімді кез келген адамға істетпейді, аяулы, ардақты адамға салғызады. (бесікке салу)

4. Қазақта киелі ас. Бұл әрі тамақ, әрі жанға шипа дәрі. Арнайы ағаштан жасалған ыдыста бапталып дайындалады. Бұл сусынның бірнеше түрі бар. Бұл сусынды кемінде үш күннен соң ішу керек. Қанша уақыт көп тұрса, сонша құнарлығы да, дәмі де арта түседі. Бабына келген сусын иісінен белгілі. (қымыз)

5. Ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында бұл ойынға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде "Улак тартыш", тәжік тілінде "бузкаши" деп аталады. осы сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Бұл ойын жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Ол жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды. (көкпар)

6. Жиналған жастар екіге бөлінеді. сандары бірдей болады. Сонон жазыққа шығып, алған затты екі бүктеп дәл ортасын белгілеп, қызыл шүберек байлайды. Сонон соң екі топ оны екі жаққа тартады. Белгі тағылған жерде көмбе тұрады, көмбеде қазы тұрады. Қашан жеңген жақ осы заттың ұшын қазының алдынан әкеткенше ол қозғалмайды. Сонымен тартыса-тартыса бір жақ жеңіп, жеңілген жақ оған бодан болады. (арқан тарту)

7. Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы. Бұл ас қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек (табақ тарту)

8. Қазақтың ұлттық ойын-сауықтарының ішіндегі ең бір думанды көңілді өтетін түрі. Ойынның өткізілетін шағы-жаз бен күз. Ойынға қыз, бозбалалар мен жас жігіттер, келіншектер қатысады. Бұл ойынды ойнау үшін алты бөрене және бірнеше арқан керек. Қыздар мен жігіттер көрікті киініп, ойынға шығады. Негізгі шарты қазақ халқының әндерін, ғашықтық жырларын айтады. Шын мәніндегі өнер сайысы басталады. Ойынға шыққан жастарға екіге бөлініп тұрған қыз-жігіттер ойынды ойнауға көмектеседі, яғни тербейді. (алты бақан)

9. Тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен алғашқы осынша күнді «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Баланың «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Осы уақыттан аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, осы тойды жасайды. Шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салыпған су - ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды. Баланы шомылдырып болған соң, «қарын шашын» алып, ақ шүберекке түйіп, тұмарша етіп, баланың оң жақ иығына немесе бесігіне қадап қояды, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге немесе «ұрпағы көп болсын», - деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды. (қырқынан шығару)

10. Той-томалақ кезінде жиі қолданылатын және оны қызықты етіп сәнін келтіретін қазақтың ескі дәстүрлерінің бірі. Күш, ептілік сынасудың жолы.мұнда білекті жігіттер қабырғалы аттарға арнайы мініп шығады. Білегі күшті, тақымы мықтылары бірін-бірі ат үстінен жұлып алуға дейін барады. Кейде әлдісіәлсізін аты, айыл-тұрманымен сыпырып алады. Ат қашып кісі аударылып қалады. (аударыспақ)

11. Ең ескі салттарымыздың бірі. Ер қанаты деп дәріптеп, баптап, қосқан. Аста, үлкен ұлттық мерекелер кезінде өткізіледі. Ойынның басты шарты-жүйрікті таңдай білу. (ат жарысы немесе бәйге)

12. Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған өнер. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр (қалпақтық биязы киіз) басу процесстері де осы дәстүрдің технологиясымен бірдей. Бұл өнер қазақ халқына өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын жасап келгендіктен, бұл технологияны әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында бұл іс маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады. (киіз басу)

13. Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, малды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі малдың дене мүшесімен байланысты болып келеді. Сондықтан бұл ойын ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейтін ойын түрі. (асық ату)

14. Бұл зат Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған. Ол түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Оны саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды.. Оның бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын мойнына бекітіп қояды. Кейбіреулеріне арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.(торсық)

15. Бұл өнер тіршілік қамы ғана емес, көңіл көтеру, бойға күш алу,қызықтау әрі спорт ретінде қазақ даласында тым ерте дамыған. Негізінде аңды құс салу арқылы аулайды. Бұл өнер ептілікті, білгірлікті, табиғат тылсымын жете білуді, сондай-ақ аталған құстарды ұстау, баулу сияқты «бір сырлы, сегіз қырлы» болуды талап етеді. Бұл кәсіппен айналысатын адамдар ел ішінде өте сыйлы, құрметті адамдар қатарына жатады. (саятшылық)

16. Қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде басқаша деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген . (қыз қуу)

17. Қазақта сонау ертеден келе жатқан ата салт. Қазақ халқы оларды әрқашан ардақтап, мақтан тұтқан. Балаларды жастайынан осы спорт түріне баулыған. Бұл ойында іштен шалу, жамбасқа салу, көтеріп алып айналдыра ұру сықылды әдістер болады. Бірақ бұған екі жақ та оңайлықпен келтірмейді. (күрес)

18. Қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Ол арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы - 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны - бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны - қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін - ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. (тоғызқұмалақ)

ІҮ. «Ой толқын, білім-теңіз» (жұмбақ сурет)

1. Беташар. 2. Тұсау кесу. 3.Бесікке салу. 4. Қымыз 5. Көкпар 6. Арқан тартыс 7. Табақ тарту 8. Алтыбақан 9. Сәбиді қырқынан шығару

10. Аударыспақ 11. Ат жарыс немесе бәйге 12. Киіз басу 13. Асық ату 14. Торсық 15. Саятшылық 16. Қыз қуу 17. Күрес 18. Тоғызқұмалақ

Ү. ... Өз тіліңді құрметте (аударма жасау)

1. Өзі жүреді, орнынан қозғалмайды. (сағат)

2. Суға батпайды, отқа жанбайды. (мұз)

3. Қара атым қалтырауық, қабырғасы жалтырауық. (су)

4. Болғанда бірі қара, екіншісі-күмістей жарқыраған, сүттен аппақ (күн,түн)

5. Ай далада ақ отау, аузы, мұрны жоқ отау.(жұмыртқа)

6. Қатар-қатар тісім, сүзген орман ішін.(тарақ)

7. Қырға кілем жайдым (гүл)

8. Таптым-таптым тап жорға, табаны жалпақ бозжорға.(түйе)

9. Тікен, тікен, тік пісте. Қысы-жазы бір түсте. (шырша)

10. Тікен, тікен, тік пісте. Қысы-жазы бір түсте. (кітап)

11. Жер астында жез қазық (сәбіз)

12. Шашы жоқ, тарағы бар, егіні жоқ, орағы бар. (тауық)

13. Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді (хат)

14. Ортасында қазығы, бұтағында азығы (алма)

15.Бағалайсың еңбегін, байытатын сананы. Көрмесең де бергені, бар асылдан бағалы. (ұстаз)

16. Қабат-қабат қалып, іші толған әріп. Үйретері көп деп, құрметтейді халық. (кітап)

17. Түрлі-түрлі шапаны,ижолдары көп, іші аппақ. Киізқапта жатады, жазғанымды құшақтап. (дәптер)

18. Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі (сызғыш)

19. Қимылдаса қос шебер, алуан-алуан іс бітер (қол)

20. Тал басында түндіксіз отау (ұя)

ҮІ. Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау


© 2010-2022