Ардагерлер өсиеті. (Ұлы Отан Соғысы ардагерінің өсиеті)

Ардагерлер өсиеті Өткен сайын алда күн азайып біздер келеміз, Алдағы Жеңіс көктемін қаншамыз енді көреміз?! Кейінгі ұрпақ білсін деп, сол сұрапыл кезеңді, Ақ қағазға біз бүгін естелік – жыр төгеміз!   Отан үшін отқа түстік аласапыран қырғында, Төтеп бердік сіздер үшін Гитлердей құзғынға! Тозақ ішін шарлап жүріп, біз есейіп ер жеттік, Жалындаған жастығымыз қалды жеңіс жолында.   Атақ үшін барған жоқпыз біз ұрысқа қан майдан, «Құтқар!» - деді Отан – Ана төнген бізді обадан! Талай жастар құрбан бол...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ардагерлер өсиеті

Өткен сайын алда күн азайып біздер келеміз,

Алдағы Жеңіс көктемін қаншамыз енді көреміз?!

Кейінгі ұрпақ білсін деп, сол сұрапыл кезеңді,

Ақ қағазға біз бүгін естелік - жыр төгеміз!

Отан үшін отқа түстік аласапыран қырғында,

Төтеп бердік сіздер үшін Гитлердей құзғынға!

Тозақ ішін шарлап жүріп, біз есейіп ер жеттік,

Жалындаған жастығымыз қалды жеңіс жолында.

Атақ үшін барған жоқпыз біз ұрысқа қан майдан,

«Құтқар!» - деді Отан - Ана төнген бізді обадан!

Талай жастар құрбан болды елі үшін, соларды

Бар тілерім кейінгі ұрпақ, ұмытпаңдар ешқашан!

Олар құрбан болды сіздер бейбіт өмір сүрсін деп,

Ашық аспан аясында ойнасын деп, күлсін деп.

Қарғыс атқыр сұм соғыста талай боздақ оқ құшты,

Біз көргенді көрмесін тек жарқын өмір сүрсін деп.

Сондықтан да ұмытылмас жарқын мамыр мейрамы,

Біз жеңсек те сұм соғысты, жеңе алмаспыз ажалды.

Бар сұрарым ұмытылмай есте болсын әрдайым,

Батырлардың есімдері жеңген соғыс тажалды!

№7 жалпы білім беру орта мектебінің биология пәні мұғалімі

Алимбаева Алмагуль Хабдушовна

© 2010-2022