Сынып сағаты: Әдепті ұл-қыз болайық

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты.6 «в»-сынып.Күні:19.11.2015.

Тақырыбы:Әдепті ұл-қыз болайық

Мақсаты: 1. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір

заңдылықтарын білуге үйрету;

2. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының

рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін,

дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;

3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге

тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері. Мұғалім. Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет. Енді әсем әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.

Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін! Адал бол! Қайрымды бол! Жүрегің жақсылыққа толы болсын! Алланың нұры жаусын!

Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Иманды ұл, инабатты қыз- өмір көркі» атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз.

Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін мына түстерді таңдауларыңызды сұраймын. ( Оқушылар түстерді таңдар орындарына отырады)

ІІІ. Тренинг. Алдарыңдағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерді жазыңыз.



© 2010-2022