Оқушылардың шығармашылық жұмыстары (2-сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары



Менің Отаным-Қазақстан

1.Қазақстан кең байтақ даласы бар,

Астанадай әсем биік қаласы бар.

Отанымның туын көкке көтерер,

Нар тұлғалы қайратты дарасы бар

2.Ұлағаты үлгі болған әр елге,

Кеңдігімен аты шыққан әлемге

Келешектің көшін алға бастайтын

Тартып тудым бабалардай нар ерге.

3.Еркіндігін бүкіл әлем таныған,

Қазақстан Республикам дамыған.

Еліміздің мәртебесін көрсетті

Елтаңбасы,көк байрағы,әнұран.

Қаражал қаласы №5 жалпы білім беретін орта мектептің 2-сынып оқушысы

Мухидинова Ерке





Мәңгілікке сүйікті туған өлке

Туған жерім теңдесі жоқ мекенім,

Қадіріңе қайтсем ғана жетемін.

Құшағыңда қысылмай білім алып,

Алаңсыз,асыр салып,ер жетемін.

Туған жерім байлығым емес пе едің,

Мен өзіңе әрқашан нәрестемін.

Шыға қалсам өзіңнен жыраққа ұзап

Сағым болып көзіме елестедің.

Мынау менің тұнып тұрған жыр далам,

Мен өзіңе қараймын да нұрланам.

Тауы,тасы,құмы,белі бәрі де,

Айтып жатыр,айтып жатыр сыр маған.



Қаражал қаласы №5 жалпы білім беретін орта мектептің 2-сынып оқушысы

Сүйіндік Дильназ



Ұстаз

Ертеден ел танитын ұлы аңыз

Ұстаздарға айтамыз мың бір алғыс

Үйретіп ана тілін,қазақ тілін

Ел сүйер тұлға етті бізді нағыз.

Еліктеп ұлы ұстаз еңбегіне

Ұқсап өстік біздер де ендігіде

Ғажабы ғаламаты бұл ғаламның,

Егіз сынды ұлы ұстаз ерлігіне

Қазақстан

1.Қазақстан барымда базарымда,

Алыс кетсем сағынам ажарында.

Қазақтың қасиеті қалыптасып,

Ұмтылуда ұлы күш назарына.

2.Жарысып бірлігімен беделіде,

Ел танитын ұлы дала кеңелді ме

Тұсауын кеше ғана кескен едік,

Бүгін міне елу елмен теңелді ме...

Қаражал қаласы №5 жалпы білім беретін орта мектептің 2-сынып оқушысы

Қыдырбай Ақнұр







© 2010-2022