План классного часа Қазақстан кереметі

–классный руководитель 8 класса. Коллектив моего класса выступает на открытых классных часах. Веду в классе мониторинг успеваемости учащихся по месяцам, предметы, четвертям. Мной проводит родительские собрания, индивидуальные беседы, знает условия жизни каждого жизни каждого ребенка, посещает неблагополучные семьи. Родительское собрания: " Семья и общество». Пользуюсь авторитетом среди общественности, детей, родителей и учителей, школьных праздниках. Воспитательная работа с учащимися основана на...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План классного часа Қазақстан кереметіҚазақстан кереметтері


Мұғалім сөзі: Бүгінгі тәрбие сағатымызда 7 керемет жайында айтылмақшы. Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан?

1-оқушы: «Жеті» санын қадірлеу көне заманнан басталады. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан жеті құдай атымен байланыстырып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті деген санға табынды.

2-оқушы: Қазақстандағы тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Бұл салада Қазақстан Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытай, Үнді және Жерорта теңізі бойындағы мемлекеттермен теңеседі. Осы бағытта біз: «Қазақстанда ғажайыптар көп, соның ең керемет жетеуі қайсысы?» деген сауалға жауап іздеп, Қазақстанның кереметтерінің тізімін жасауға, дәлелдеуге тырыстық.

3-оқушы: Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті саналатыны белгілі. Мысалы: «Жеті қат жер», «Жеті нан», «Жеті ата», қазақтар жеті атадан асқанша құда болмаған. Оның дұрыстығын қазіргі ғалымдар дәлелдеп отыр. Ал енді «Қазақстанның жеті кереметіне» тоқталайық. Бірінші кермет - Түркістандағы ғаламат ғимарат - Ахмет Иассауи кесенесін алып отырмыз (суретін көрсету).

4-оқушы: Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстанбабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және басқа да көп түркі тайпалары Ахмет Иассауиді рухани басшы санап «Әулие ата» атап кеткен.

5- оқушы: Қожа Ахмет - өз өмірінде өлеңмен жазылған екі жүзден асатын хикметті дүниеге келтірген пәлса-пашыл ақын. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында, күн сәулесін көрмей өткізді. Атақты қолбасшы Ақсақ Темір Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Оның көлемі 46,5*65,5 метр. Орталық залдың айналасынаәр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы. Бұл күнде Қ.А.Иассауи ғимараты - шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі.

6-оқушы: Кесенедегі бағалы ескерткіштердің бірі - тайқазан. Петербург Эрмитажынан өз тұғырына қайта қонған тайқазанды Әбділәзиз шебер құйып жасаған. Ол Қаратау ішінен, Ащысай, Мырғалымсай кеніштерінен тайқазанға қажетті қорытпа шығатын тастарын жинап, Қарнақ қаласына жеткізеді де, қазанды жасауға кіріседі. Тайқазан дайын болғанда, оны арбаға тиеп әкеліп, Қожа Ахмет ғимарат күмбезінің астындағы кіре-беріс ғажайып кең бөлменің ортасына үш бұт етіп иген шойын тұғырдың үстіне орнатты (суреті көрсеттіледі).

7-оқушы: Теңдесі жоқ тарихи ескерткіштердің бірі -Тараз қаласынның оңтүстігінде жиырма шақырымдай жерде тұрған Айша бибі мазары. Ол - ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді сол Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Халық ауызындағы аңызға қарағанда Айша бибі Қараханды қарсы аттаннады. Таразға жақындап қалғанда қасындағы құрбыларымен бірге өзенге шомылады, өзеннің жағасында жылан шағып қайтыс болады. Бүгінде Айша бибі мазары маңынан адам үзілмейді.

8-оқушы: Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салған. Қазақстандағы жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі - Алматы облысындағы Тамғалы тас. Оны археологтарымыз әбден зерттеді. Нәтижесіндегі олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Бұл - үшінші керемет.

9-оқушы: 1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласынна жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол бұдан 25000 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігнің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі (суреті көрсетіледі). Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де осы негіз болып отыр. Бұл да Қазақстанның кереметінің бірі деп санауға болады.

10-оқушы: Ендігісі - қазақ халқының жан сезімі жан сергі - домбыра. Ол - халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным - сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы жәдігер.

Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті (Домбырада күй ойналады).

11-оқушы: Енді 7-керметке тоқталсақ: Менің ойымша бұл - Күлтегін ескерткіші (суреті көрсетіледі). Күлтегін ескерткіші - Әлемдік өркениеттің асыл қазынасы, түркі халықтары мәдениетінің ортақ мұрасы, символы. Күлтегін ескерткішінің дәл қайталанған көшірмесі - Астанадағы Еуразия университетінің үлкен залына қойылды. «Күлтегін» жазуы - Түрік қағандығының қолбасшысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Құтылық қағаның кенже ұлы Күлтегін батырдың ерлік істері туралы құлыптасқа ойылып жазылған эпикалық шығарма.

Қорытынды сөз: Міне, бүгін біз сіздерге Қазақстанның жеті кереметіне осы ескерткіштер кірсе деген ойда қысқаша айтып кеттік. Олар:

  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.

  2. Тайқазан.

  3. Айша бибі мазары.

  4. Тамағалы кешені жартас суреттері.

  5. Алтын Адам.

  6. Домбыра.

  7. Күлтегін ескерткіші.

Осы жеті керемет - біздің мақтанышымыз.




Интернационал орта мектебі








ТІЛДЕР АПТАЛЫҒЫ





План классного часа Қазақстан кереметі



Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет

мұғалімі Сарсенева Р.Е.

2011-2012 оқу жылы



© 2010-2022