Есептік, реттік сан есім

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Сан есімнің мағыналық түрлері. Реттік, есептік сан есімдер

Мақсаты: 1. Сан есімнің мағыналық түрлерімен таныстыру, алған білімдерін пысықтап, теориялық ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту;

2. Сұрақ-жауап, тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау, өз бетінше ойлау, өзіндік пікір айту іскерліктерін дамыту

3. Ынтымақ пен бірлікке, жолдастық көмек көрсету, адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, кубизм, ой стратегиясы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, халықтық педагогика

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру: а) оқушылардың сабаққа қатысуы қадағаланады; ә) оқу құрал-жабдықтары тексеріледі, б) сынып 3 топқа бөлінген

ІІ. Үй жұмысын тексеру.161- жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып

«біздің сынып » деген тақырыпта жазған шығармалары тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ .Сан есімнің мағыналық түрлері.

Біздің мектеп

Ауласы кең, үш қабатты ғимараттан тұратын біздің гимназия 1992жылы маусымның 1 жұлдызында қазақ орта мектебі болып ашылған. 1993ж мектепке Төле би есімі беріліп, 1997ж қазақ тілінде дәріс беретін мектеп-гимназия болды. Біздің мектепте мың екі жүздей оқушы білім алады. Бір сыныпта жиырма бес-жиырма жетіден оқушы отырады.

Өтілетін пәндердің өз сынып бөлмелері бар. Солардың ішіндегі үшеуі-қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері.

рйцъ

Сан есімнің мағыналық түрлері


  1. Есептік сан есім- есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша, неше, деген сұраққа жауа береді.

  1. Реттік сан есім- есептік сан есімдерше -ыншы,-інші, -ншы, -нші жұрнақтарын қосу арқылы жасалып, заттардың сандық ретін білдіреді.

  1. Болжалдық сан есім

4. Топтау сан есім

5Жинақтық сан есім

6.Бөлшектік сан есім

ІҮ. Жаңа білімді бекіту. 162 жаттығу( ауызша)

Дара сан есім Күрделі сан есім

Үш, тоғыз, жеті, бір, мың. екі жүз тоғыз, тоғыз мың екі жүз,

екі миллион екі жүз мың, жиырма екі,

жүз мың, жиырма екі, жиырма алты,

жүз елу, он жеті

163- жаттығу ( ауызша) Үлгідегі есептің жауабын табу. ( жауабы: 1311 оқулық әкелінген, күрделі, есептік сан есім)

Ү.Сергіту сәті. Әр топқа бір-бір математикалық жұмбақтарды беріп, есептік сан есімді тапқызу. Оларды құрамына қарай ажырату.

І топ: Мұз айдында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап

Сырғанамай екі бала

Жағалауда тұр қарап

Енді осы баланың

Санын айтсаң жарадың ( 9 )

ІІ топ: Екі аяқ пен екі қол

Бір ауыз бен бір тілің

Нешеу болды, қане, бол

Санап шығар кім бұрың? (6)

ІІІ топ: Тал басында тізіліп

Он жапырақ тұр еді

Жел соқты да үзіліп

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлынып

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі? (4)

Ү. Дамытушылық кезең.

1. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді жазып, қалай түрленіп тұрғанын анықтандар.

1. білекті ......... жығар,

( бір -есептік сан есім, -ді табыс септік)

Білімді мыңды жығар

( мың- есептік сан есім,- ды табыс септік)


2 ..... ...... тістен шыққан сөз

( отыз екі- атау септік, күрделі)

...... рулы елге тарайды.

( отыз-атау септік, дара)

3 ...... бірі -қыдыр. ( қырық-есептік сан есім, - тың ілік септік)

4. ...... атасын білген ер ( жеті-есептік, атау септік)

........ жұрттың қамын жер ( жетпіс- есептік сан есім)

  1. Ер жігіттің........ сөйлегені өлгені

( екі- есептік, атау септік)

  1. ....... кесері ...... тиеді

( бір- есептік,- дің ілік септік) ( мың- есептік сан есім, -ға барыс септік)

2. Семантикалық картаны толтыру

3. ойтолғаныс стратегиясы. Сан есімдерді қатыстырып, берілген тақырыптарға ойтолғау жазыңдар.

І топқа- 20 теңгемен сөйлес

ІІ топқа- 10 жылдан кейін тақта қандай болады деп ойлайсың?

ІІІ топқа- 8 шиден мүсін жаса.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Кубизм әдісі арқылы сабақты қорыту.

1.Салыстырыңыз (сан есім, сын есім)

2. Зерттеңіз( құрамы, мағынасына қарай бөлінуі)

3. Қолданыңыз

ҮІІ. Үйге тапсырма. Есептік сан есімдерді пайдаланып жұмбақ құрастыру. Мысалы : Үш-төрт қана тісі бар, шөп көтерер күші бар (айыр)

ҮІІІ. Бағалау.


© 2010-2022