Қызықты калейдоскоп ( сыныптан тыс жұмыс)

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықты калейдоскоп танымдық ойын сайысы

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту

Барысы: Сәлеметсіздерме, білім сүйер қауым! «Қызықты калейдоскоп» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер! «Оқу білім азығы, білім- ырыс қазығы» деген халық даналығының маңызы күн өткен сайын артып келеді. Білім- теңіз түбіндегі інжу-маржан деп тегін айтылмаса керек. Қазақ деген текті ұлттың ұрпағының білім мен оқуға деген ұмтылысы рухани байлықты кеңейтуге деген ұмтылыс деп білемін. Солардың бірі біздің қатысушыларымыз.

5 «А»-

5 «Б»-

6 «А»-

6 «Б»-

7

қатысушыларымызға қошемет көрсетіңіздер!

Құрметті қатысушылар, ендеше бүгінгі «Қызықты калейдоскоп» атты танымдық ойын- сайысымыздың барысымен таныс болыңыздар!

  1. «Жорға» деп аталады. Бұл айналымда әр командағы сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 10 балмен бағаланады.

  2. «Өлең жолдарын қалпына келтір» ойыны

Ойынның шарты: Өлең жолдарын ауыстырып жіберу керек. Балалар өздері әр сөзді өз орнына қойып, өлең жолдарын қалпына келтіреді.

  1. «Кім жылдам» сайыс шарты әр командаға мозайка беріледі. Сол мозайканы 1 болып құрастырған топ жеңіске жетеді.

  2. Пантомима Яғни қатысушылар конвертте жасырылған процесті дыбыссыз іс- қимылмен көрсетуі тиіс.

  3. «Кім тапқыр» берілген сөзден сөздер құрастыру

  4. Топ басшылар сайысы

  • Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап,
    Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
    Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
    Білімің мен ақылың екі жақтап!!- деп бүгінгі сайысымызды бастаймыз! Бүгінгі біздің сайысымызда сіздерге төрешілік ететін төрешілермен таныс болыңыздар!

Ендеше, қарсыластарға сәт- сапар тілей отырып, бүгінгі сайысымызды бастаймыз!

1 айналым. 1 команда:

1. Астана қаласының бұрынғы аты.

2. Жағасынан Астана орын тепкен өзен.

3. Астананың символы.

4. Қырғызстанмен шекарамыздағы тау.

5. Әр адамның асылы.

6. Алматының тәтті алмасы.

Жауабы: Ақмола, Есіл, Бәйтерек, Алатау, ана, апорт.

2 команда:

1. Кең жазақты алқап.

2. «Ұлы ғұлама» сөзінің синонимі.

3.«Жалғыз» сөзінің синонимі.

4. Желістің бір түрі.

5. «Егінші» сөзінің синонимі.

6. Жыл аты.

Жауабы: дала, дана, дара, дөнен, диқан,доңыз.

3 команда

1.Ұлттық ойын

2. Ерте гүлдейтін гүл

3. Елордасы.

4. Алғаш мектеп ашқан адам.

5. Тарих атасы

6. Сақтардың патшайымы

Жауабы: асық, бақбақ, Астана, Ыбырай.

4 команда

1. Облыстың бөлігі.

2. Қазақ халқының діни мейрамы.

3. Құрманғазының күйі.

4. Түнде ойналатын ұлттық ойын.

5.Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тау.

6. Таулы жерде тіршілік ететін аң.

Жауабы: аудан, айт, Адай, Ақсүйек, Алатау, арқар.

5 команда

1. Ұлттық ойын

2. 2-ші ай

3. Апорттың отаны

4. Жеміс ағаштарын тозаңдандыратын жәндік

5. Жеміс

6. «7 күн» бір сөзбен қалай аталады?

Жауабы: ақсүйек, ақпан,Алматы, ара, алма, апта.

Болғым келеді ғалым

Байлығын жер ақтарған.

Келеді жалын болғым,

Тастардан жасайтын гүл.

Дұрыс нұсқасы

Ғалым болғым келеді,

Жер байлығын ақтарған.

Жалын болғым келеді,

Гүл жасайтын тастардан.

сөз айтса білімділер
атындай бәйгі аңқылдап,
басын өзгелер изейді,
деп мақұлдап әрине
көйлекті ақ таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
әрі малыңды қайтар деп,
қаңқылдап малшыларға.

Дұрыс нұсқасы

Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.

3- айналым. «Кім жылдам» сайыс шарты әр командаға мозайка беріледі. Сол мозайканы 1 болып құрастырған топ жеңіске жетеді.

Сіздер құрастырып болғанша Боранбайұлы Ақниетті «Вокзалда қауышқан қыз» әнімен шақырамыз.

4- айналым.Пантомима Яғни қатысушылар конвертте жасырылған процесті дыбыссыз іс- қимылмен көрсетуі тиіс.

5- айналым.«Кім тапқыр» берілген сөзден сөздер құрастыру

Ойлануға уақыт береміз. Сіздер сөз құрап болғанша ортаға Бақтыбаева Ақторқаны «Туған жер» әнімен шақырамыз!

Топ басшылар сайысы. Әр топ басшыға 500тг ақша және кішкентай бос банка беріледі. Ақшаны банканын аузына койып, ақшаның үстіне ауыр зат қойғанда зат банканың ішіне түспейтіндей етіп орналастыру қажет.



© 2010-2022