Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. 4-сынып

Сыныпты ұйымдастырып алғаннан кейін, сабақта топтық, жұптық жұмыстар болатынын айтып, сыныпты  «Амандасу түрлері» әдісі арқылы екі топқа бөліп алдым. Үй тапсырмасы «стикердегі сауал» әдісі арқылы тексерілді. Екі топқа жай сөйлемдер жазылған парақшалар беріліп, құрмалас сөйлемге айналдыру тапсырылды. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, олардың қандай іс-әркет жасалғаны анықталды. Оқушылар өз іс-әректтерінен жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын және табыс критерийлірін анықтады. 1-жаттығуд...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі. Қысқа мерзімді жоспар. 3-сабақ


Сыныбы: 4

Күні

Сабақтың тақырыбы:

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем.

Мақсаты:

Сөйлемді құрамына қарай қалай түрлендіреміз?

Күтілетін нәтижелер:

А: Жай сөйлемнен құрмалас сөйлем жасауды біліп түсінеді.

В: Құрмалас сөйлемдерді қатыстырып мәтін құастырады

С: Өлең жолдарын құрмалас сөйлемге түрлендіре алады.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Қазақ тілі 4-класс Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова.Алматыкітап баспасы 2011ж

Флипчарт, интербелсенді тақта, маркер, бояу.

Мектептегі тәжірибе кезіндегі тапсырма:

2,3,4,5,6,7 тапсырмалар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

4 мин

«Амандасу түрлері» арқылы топқа бөлінеді бөліп аламын

«Стикердегі сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Топқа бөлінеді.

.

Өткен сабақ бойынша білімдерін еске түсіреді.

Тұсау

кесер


3 мин

Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырады

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге ашу.

Сабақтын табыс критерилерін анықтау:

1) Жай және құрмалас сөйлем туралы біліп түсінемін;

2) Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата аламын;

3) Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді қатыстырып мәтін құрастыра аламын.

Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырады Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашу.

Дәптерлеріне күннің жадысы мен тақырыпты жазып алады.

Негізгі бөлім:


2 мин








3 мин



1мин



3мин




5мин



5мин




Оқулықтағы 1-жаттығуды оқып шығады.

Жұптық жұмыс:

Мақалды оқып, тұрлаулы мүшелерді анықтайды. Мақалды жаттап бір -біріне жатқа айтады. Бірін-бірі өзара бағалайды.

Топта мақалдың мағынасын ашады.

2-жаттығу Екі топ сурет бойынша әңгіме құрастырып жазады. Құрастырған әңгімеде құрмалас сөйлем болуы тиіс.

Сергіту сәті: «Жер сілкінісі»

Жеке жұмыс

3- жаттығу: Жұмбақты шешіп, жатқа жазу.

Шешуін көршісімен салыстыру

5-жаттығу Жұпта жаттығуды талдап алады, құрмалас сөйлемнің жалғасын тауып жазады.

Зерттеушілік әңгіме: «Ойлан, бірлес бөліс» 1 оқушы құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін жазады да бүктейді, екінші оқушы екінші жай сөйлеммен сөйлемді аяқтайды. Шыққан құрмалас сөйлемді оқиды.


Жұбымен тұрлаулы мүшелерді анықтайды. Мақалды жатқа айтып береді.

Өзара бір-бірін бағалайды

Топта сурет бойынша әңгіме құрайды.

Екі топ бір-бірін өзара бағалайды.


Тапсырмаларды көршілері сағат тілімен бағыттас тексереді.

Жұбымен ақылдаса отырып, ертегіні еске түсіреді.

Оқушылар құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер өзара байланысып жататынын түсінеді.

Қорытынды:

4 мин

2 мин

2мин

«Крестиктер -ноликтер» әдісі арқылы сабақ қорытындыланады

Үй тапсырмасын беру:

4 жаттығу

«Сабақтағы жұмысыңды бағала»

Әр топ жаңа сабақтан алғандарын жинақтап , қорғайды.


Рефлексивті парақ толтырады

Сабақтың өзіндік талдауы:

Сыныпты ұйымдастырып алғаннан кейін, сабақта топтық, жұптық жұмыстар болатынын айтып, сыныпты «Амандасу түрлері» әдісі арқылы екі топқа бөліп алдым. Үй тапсырмасы «стикердегі сауал» әдісі арқылы тексерілді. Екі топқа жай сөйлемдер жазылған парақшалар беріліп, құрмалас сөйлемге айналдыру тапсырылды. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, олардың қандай іс-әркет жасалғаны анықталды. Оқушылар өз іс-әректтерінен жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын және табыс критерийлірін анықтады. 1-жаттығуда өлеңді жатап. Топта бір-біріне жатқа айтты.Топта өзара бірін-бірі бағалады. Бағалау кезінде көтермелеп бағалау болды. 2- жаттығуды орындау барысында оқушылар сурет бйынша «Аспазшы», «Дүкенші» тақырыбына әңгіме құрастырды. Оқушылардың жұмыстарын ынталандыру сөздерін мадақтап отырдым. Оқушылардың шаршағанын байқап, «Жер сілкінісі» ойынын ойнаттым. Оқушылар сергіп алғаннан кейін, келесі тапсырмада жұмбақты жатқа жазу тапсырылды. Жазып болғаннан кейін сағат тілімен бағыттас дәптерлерінен көршілерімен алмастырып, бір-бірінің қателіктерін тексеріп шықты. 5- жаттығуды топта құрмалас сөйлемнің екінші бөлігін анықтап алды. Содан кейін дәптерлеріне жазды.Орындаған тапсырмаларын оқып шықты, қалған оқушылар тексеріп отырды. Оқушыларға зерттеушілік тапсырма берілді. «Жалғасытыр» деп аталатын бұл ойында бір оқушы бірінші жай сөйлемді жазып, қағазды бүктеді, ал екінші оқушы екінші жай сөйлем жазып, сөйлемді аяқтады. Шыққан сөйлемнен оқушылар өз қорытындыларын шығарып, сабақ бойынша ереже құрастырды. Жаңа сабақты қорытындылау үшін «крестиктер мен ноликтер» әдісін қолдандым. Оқушылар ойында жеңіске жету үшін сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Оқушылармен «сабақтағы жұмысыңды бағала» парағы арқылы кері байланыс жасалды.


Сабақ бойынша өзгертулер



© 2010-2022