Сынып сағаты Ұлтына қамқор әке - Нұрсұлтан аға

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебі» ММ

Ұлтына қамқор әке - Нұрсұлтан аға



Сынып сағаты Ұлтына қамқор әке - Нұрсұлтан аға





(Сынып сағаты - 6 сынып)



Мұғалім: Саметова Д.С.


Юльев селосы 2014 жыл

Ұлтына қамқор әке - Нұрсұлтан аға!


Мақсаты:

  • Оқушыларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың отбасы мысалында адамгершілік-рухани құндылықтарды сіңірумен қоса, жанұялық ауызбірлік, татулық пен толеранттылық сияқты қасиеттерді ұғындыру.

  • Заманауи отбасыдағы әкелер мен балалар арасындағы қарым-қатынас негізінде, Назарбаевтар отбасындағы әкелік мәртебесінің дәрежесін көрсету.

  • Ұлтжандылық, отансүйгіштік, салт-дәстүр, әдет-ғұрып және ұлттық құндылықтарды сақтап, бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөздері, интерактивті тақта, деректі фильм.

I. Кіріспе

Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті. Біздің президентіміз - қазіргі саясаткерлердің ішіндегі өз елінде ғана емес, бүкіл әлем танып, үлкен беделге ие болған әйгілі тұлға.

Н.Ә.Назарбаев әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы.

Н.Ә.Назарбаевтың барлық жетістіктері мен еліне сіңірген еңбектері үшін, осы жылы 1 желтоқсан - Президент күні деп сайланды. Сондықтан біз сіздерге елбасымыз туралы деректі фильмді ұсынамыз.

II. Деректі фильм

2.1. Перзенттері әкесі туралы

2.2. «Мәңгі достық жарасады» (Н.Ә.Назарбаев туралы сыныптастары мен достары)

2.3. «Ағасы бардын - жағасы бар» (қарындасы Анипа)

2.4. Ой-толғау

III. Қорытынды

Рефлексия (кері байланыс)

Мұғалім: Балалар бұл фильмнен қандай әсер алдыңдар?

Бұл фильмді көре отырып елбасының әке рөліндегі, өзінің жанұясындағы қарым-қатынас мысалында өздеріне алған қандай қағида бар? Н.Ә. Назарбаевты тек қана әке емес, сонымен қатар адам, жеке тұлға ретінде достары, сыныптастары мен мұғалімдері қалай көрсете білді?

Тәуелсіздік баршамызға жарық күн

Бауырмалдық мінезімді таныттым

Ұлылығын дәлелдеді Елбасы,

Қазақ деген қаңы таза халықтың,

  • дей отырып бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022