Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс шара

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өскекен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп гимназиясы»КММ

Тарих пәні мұғалімі, 6 «Б» сынып жетекшісі

Жақсыбаева Мадина Солтаншариповна

Тақырыбы: « Тәуелсіздік ел тірегі»

Мақсаты:

Білімділік: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл- әкімшіл, солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл - қыздарымыздың ерліктері жайлы түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Тәрбиелік: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білуге қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Желтоқсан оқиғасына арналған слайдтар, видео көріністер.


  1. жүргізуші:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырда.

Азаттық дейтін ұғымның,

Желтоқсан тұрар басында!

  1. жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар. Бүгін төрткүл дүниені дүр сілкіндірген, 80-жылдары КСРО-да тұңғыш рет шынайы ұлттар теңдігін талап еткен Желтоқсан көтерілісінің 29 жылдығына, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған кездесуімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

  1. жүргізуші:

Жергілікті уақыт сағат 10.00 Қазақстан тарихында өзінің жаңғырығымен өшпес із қалдырған республика Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті. Небары 18 минут ішінде ширек ғасыр бойы Қазақ басқармасының Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы Д.А.Қонаев орынан алынды. Мұның бәрі Мәскеуде әзірленген сценарий бойынша жүргізілді. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылады. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың наразылық ұшқыны лаулай түсті.

2-жүргізуші:

Экраннан келесі көріністі тамашалайық (видео көрініс)

  1. жүргізуші:

Слайд «Тәуелсіздік - ел тірегі»

Келесі сөз кезегі осы Желтоқсан оқиғасының куәгері болған Ахметжанова Альмира апайымызға беріледі.

  1. жүргізуші:

Келесі кезекте Желтоқсанға , тәуелсіздігімізге байланысты жыр шумақтары:

1- оқушы:

Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

2-оқушы:

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы,

Күтпеген іс ақыры «не болды» деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік «аттан»атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

«Желтоқсан» жеті әлемді жалт қаратты.

3-оқушы:

Туды халық небір көсем, ақынды,

Бөгенбайдай, Қабанбайдай батырды,

Кенесары, Махамбет пен Исатай,

Қас дұшпанға жебе болып атылды.

Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,

Талай-талай ерлеріміз жан кешті.

Ахметтер, Әлихандар,Тұрарлар

Тәуелсіздік жолын іздеп қан кешті.

4- оқушы:

Тәуелсіздік - қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік - жойылуы азаптың!

Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс, аяқталды тозақ күні.

Тұрағым Қазақстан - елді мекен,

Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен,

Танытқан бар әлдемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем!

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп,бойда алар

Әсем әнмен тәтті күй,- демекші, келесі кезекте әсем ән:Қазақстаным

2-жүргізуші:

Би:

1-жүргізуші:

Жаң ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат- ел деп алғыс, сауапты,

Әр отбас, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты,

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!- дей келе, кездесуімізді аяқтаймыз,Мерекелеіңіз құтты болсын!


© 2010-2022