Елбасы-кемеңгер көшбасшы

Оқушыларға елбасы туралы мағлұмат беру.Оқушыларға елбасының балалық шағы,отбасы,саясаттағы өмірі туралы мағлұмат беру.елбасының кемеңгер көшбасшы екенін ұғындыру,елбасының ерен еңбегі туралы мағлұмат беру.Елбасының отан үшін , ел үшін терін төккен еңбегін оқушыларға насихаттау.Оқушыларға отанын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.Басшылыққа деген құрмет көрсету. оқушылардың сөздік қорларын дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағыландыру.Отанға деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту, тіл байл...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Елбасы- кемеңгер көшбасшы

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қадір-қасиетін,

тұғырын түсіндіру. Қазақстан Республикасының

президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін

мақтаныш сезіммен оқушы бойына сіңіру.

Еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Тұлғалы адамдарды құрметтеуге, қадір тұтуға

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелді тақта, слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе сөз

Ән ұран орындалады.

Бүгін бізде ерекше сабақ, Өйткені біз бүгін өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз. Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру - біздің басты міндетіміз.

Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы - мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын!

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

Н.Ә.Назарбаевтың өмір және еңбек жолын атап өту:

1960-69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-73 жж. - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977-79 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-89 жж. - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-91 жж. - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Есбол

Әр сөздің астарында осы арада,

Ағайын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара

Назерке

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

«Елбасы - Назарбаев» - егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы - елге қалқан». Бұл - бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе - Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.

Сонымен қатар, «Қазақстан - бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры, Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

Ақнұр

Қазақстан - елім менің

Отаным жерім менің

Өзіңнен өскен тарап

Ата - бабам тегім менің

Дилназ

Сені Отан қасиетті

Сүйеді бар ұланың

Байрағың желбіреген

Асқақтап әнұраның

Ақбота

Отан - менің өз елім,

Отан туған өз жерім.

Отан далам өзенім,

Гүлдей жайнап өсемін.

Илияс

Отан біздің әніміз,

Отан біздің сәніміз.

Ер жетеміз туған ел,

Сені сүйіп бәріміз.

Ән: «Отан»

Нұрсұлтан Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті. БҰҰ-ға мүше болдық, республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, мемлекеттік Рәміздеріміз белгіленіп, Ата заңымыз қабылданды, Ұлттық валютамыз шығарылып, ЕҚЫҰ-ның саммитінде төрағалық етіп, 7-Қысқы Азиада ойындарының жалауы еліміздің көгінде желбіреді.

Диляра

Алтын Заңда парасатым, пайымым,

Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаңа күн.

1998жылы 6-мамырда Елбасының жарлығымен мемлекет астанасы Ақмола қаласына ауыстыылды. Ақмола атауы Астана болып өзгертіліп, осы жылы 10-шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп, медальмен марапатталды.

Мейрамбек

Астана сұлу қала, бас қала,

Көк туын көтерген басқаға .

Егемен тәуелсіз жас қала ,

Қазақстан Республикасының,

Атағын шығар, сен Астана.

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы теңге айналымға шықты.

Назгүл

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнелеген хан,ақын,ғалымдарын

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Карина

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт -береке болшы бір елге келген.

Өз туы, елтаңбасы,әнұран бар,

Айтыңдаршы енді елім кем де неден?

Елбасының өзекжарды сөзі.

« Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін Қазақстан деп аталатын республикасының жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді,осы жерді қорғаған қайсар жандарды аруағының алдында қашанда қарыздармыз».

Балалар ,біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар-ол-«Тәуелсіз Қазақстан»

Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан - туған өлкеміз,оны сүйіп,құрметтеу-барлығымыздың парызымыз.

Елбасымыз-Қазақстан елін дамытып,одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға.

Біз әрқашан Елбасымызды мақтан тұтамыз.!

Айнұр

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші ағайындар, бәріміз.

Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

Жанұяр

Еліммен бірге,есейіп өсіп толамын,

Ақылын тыңдап,үлкеннің тілін аламын.

Елінің қамын ойлаймын деген елбасы,

Қазақтың ұлы Назарбаевтай боламын!

Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.

Қорытындылау.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда Егемен еліміздің 20 жыл ішіндедегі жеткен жетістіктеріне куә болдық.Қазақстанның болашағы сендер,сондықтан да саналы,білімді,адами қасиеттерің зор болып ел сеніміне ие бола біліңдер.


© 2010-2022