Т. Ахтановтың «Күй аңызы»

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талдықорған қаласы №4 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сәуле Төлендіқызы Бейсенбинова

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Әңгімедегі өнер тақырыбы

Сабақтың мақсаты :

1. Білімділік: Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесін мазмұндата, талдата отырып, оқушылардың әңгіме жайлы білімдерін тереңдету және әңгіме тақырыбы бойынша жаңа білімді игерту ;

2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ойларын нақты, дәл жеткізе білу, позициясын қорғай білу дағдыларын, сөйлеу тілін,сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын дамыту;

3. Тәрбиелік: төл өнерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, күй өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : дәстүрлі аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих, ән-күй

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныпты түрлі-түсті қағаздар тарату арқылы топқа бөлу

1 - топ - Естемес

2 - топ - Жаңыл

3 - топ - Оразымбет

2. Топта жұмыс жүргізу ережесімен таныстыру

Топта жұмыс жүргізу ережелері:

  1. Топ мүшелері бірлесіп, түгел жұмыс жасайды.

  2. Топ мүшелері өзара ақылдасады, ортақ шешімді қабылдайды, жауапты топ мүшелері таңдаған адам жариялайды.

  3. Жұмыс жүргізгенде уақытты ескереді.

  4. Берілген жауаптар толық, тиянақты, дұрыс болуы тиіс.

  5. Жұмысты өзара бөлісіп алады.

  6. Өзге топтарға құрметпен қарайды, оларды мұқият тыңдайды, қажет болса, олардың жұмысына сын айтып, қатесін түзетіп, баға береді.

  7. Топ мүшелері сабаққа белсенді қатысады.

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сәттілік сәті.

«Кел ойнайық» сәттілік сәті
1. Жақсы адам болғылары келетіндер, орнынан тұрады.
2. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен келгендер, орындарына отырады.

3. Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, қолдарын жоғары көтереді.
4. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайды.
6. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын, бүгінгі сабаққа жақсы өтсін дегендер, бір-біріне қол жалғап жылу сыйлайды, сабақты жоғары көңіл күймен бастайды!

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :

1. Т. Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі бойынша «Сөздерді сөйлет» ойынын ойнату, топтар интерактивті тақтаға шыққан сөз қатысатын оқиғаны мазмұндап береді

1 - топ: қамзол, қамшы, қайнар, отбасы

2 - топ: дұға, ұстаз, қараша үй, сусын

3 - топ: тостаған, қолқа, күй, көз жасы

ІІІ. Жаңа сабақ:

1) Күй тыңдату арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтату

2) Топтық жұмыс:

1 - топ

1. Күйшілер неге ел аралап жүр, Естеместің арманы қандай?

2. Әңгіменің тақырыбын анықтаңдар. Мәтіннің тақырыбы бірден байқала ма?

3. Жаңыл қандай қулық істеді? Жаңылға мінездеме беріңдер.

4. Осы мәтінде дүниеге келген күй қалай аталады?

5. Күй құдіреті туралы өздерің не білесіңдер?

2 - топ

1. Күйшіге ой тастаған қыздың сөзін тауып оқып беріңдер. Қыз сөзінде қандай сыр бар?

2. Күй неге бұл үйде дүниеге келді?

3. Оразымбет қандай күйші? Оразымбет күй шерткенде неге шелекке сүт сауылдады?

4. Оразымбетке мінездеме беріңдер

5. Қандай күй аңыздарын білесіңдер? Айтып беріңдер.

3 - топ

1. Жаңыл неге Естеместің жүрегінде жағылған отты сөндірді?

2. Естемес мәтін басында: «Күйге қыз берген қазақты көріп пе едің», - деген сөзді неге айтты?

3. Ботасы өлген аруана күйшіге қалай әсер етті?

4. Естемес Жаңылдың істеген қулығын сезді ме? Естемеске мінездеме беріңдер

5. Жазушы неге осы тақырып жайлы тебірене жазған?

3) Шығармашылық жұмыс

Берілген «Үш тағанды» бір-бірімен байланыстырып, бүгінгі сабаққа қатысты 3 сөйлеммен тақырыпқа анықтама беріңдер

Өнер

Күй Домбыра

4) Интернетпен жұмыс

Ғаламтор мүмкіншілігін пайдаланып, сабақ үстінде «күй, өнер, домбыра» туралы мағлұмат тапқызу, оқыту

5) «Күй аңызы» - бейнефильмін көрсету

6) Венн диаграммасы

«Күй аңызы» әңгімесі мен видео бойынша

IV. Сабақты қорыту:

Ұжымдық шығарма

Топ болып әңгімеден, сабақтан алған әсерлерін 5 сөйлемге сыйдырып, мәтін құрап жазыңдар

V. Білімді бағалау: Оқушылардың қолындағы смайликтер суреті бойынша білімдері бағаланады.

VI. Үйге тапсырма: Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап келу

№ 4 орта мектеп

5-8 сыныптарға арналған деңгейлік тапсырмалар

С.Т. Бейсенбинова

Талдықорған қаласы, 2014 жыл
Алғы сөз

Әр ұстаз өз шәкіртінің өзінен озып, өмірден өз орнын тапқанын қалайды. 14 жыл бұрын І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген меніңде көкейіме де осы арман мақсат болып ұялады. Ал қазір бұл мақсатты жүзеге асырып жүрмін десем қателеспеймін. Шәкірттерім ҰБТ-да қазақ тілі пәнінен жылдан-жылға көрсеткіштерін арттырып, 2014 жылы білім сапасы 100 % межеге жетті. Бұған басты септігін тигізіп жүрген жұмыс - оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру бағытында өткізілетін деңгейлік тапсырмалар. Алғашында сеңге соғылған қайықтай оқушыларым жаман нәтиже көрсетсе, олармен бірге қапаланып, абдырап қалғаным рас. «Көш жүре келе түзеледі» деген атам қазақтың мақалы қазір менің ұстаздық жолымда жүзеге асып отыр.

Мен сіздерге 5-8 сыныптарға арналған деңгейлік тапсырмаларды ұсынып отырмын. Бастапқыда мен 3 тапсырма ғана орындаудан бастады, келе-келе тапсырма санын арттырдым, сосын жұмысты уақытылы орындатуды жүзеге асыру үшін, нұсқаға бөліп орындатуды ұсындым. Бұл тапсырмаларды орындатқан кезде, оқушының білімін жан-жақты қадағалауға болады. Біріншіден оқушы ереже жаттап жүр ме, жоқ па, екіншіден әр түрлі заттардың ортақ белгісін таба ала ма, үшіншіден талдау жасау білігі мен дағдысы қалыптасқан ба және тағысын тағылар. Осы тапсырмалардың бәрін орындату оқушының ойлау дағдысын жетілдіреді, шығармашылық қабілетін дамытады. Бастысы кез-келген тақырыпта өз ойын айқын жеткізе білетін, кез-келген жағдаят пен ұжымда жұмыс жасай алатын «дара тұлға» тәрбиелеп шығуға септігін тигізеді.

Ең күрделі шығармашылық тапсырма деңгейі жылдан-жылға күрделеніп отырады, 5-6 сыныптарда оқушыларға суретпен немесе тірек сөздермен мәтін құру ұсынылса, 7-8 сыныптарда шығарма ғана жазып қоймай, өлең шығару қабілетін де дамыту көзделіп, соған лайық тапсырмалар беріледі.

Шығармашылық пен қажырлы еңбекті қажет ететін біздің сындарлы жолымызда осы тапсырмалар сіздердің де айнымас серіктеріңізге айналады деген сеніммен осы жинақты назарларыңызға ұсынамын.

Ізгі тілекпен С.Т. Бейсенбинова

Деңгейлік тапсырмалар

5 сынып

Жеке оқушыға арналған тапсырма

І деңгей. Төмендегі сөздерден антонимдік қатар құра.

Түзу, қалың, араз, қисық, жұқа, тату, жыртық, бүтін, артық, қиын, кем, оңай.

ІІ деңгей. Сөздерді аудару арқылы мақалдардың жалғасын тауып жаз және антонимдердің астын сыз.

А) Көз - ...(трус),

Қол - ... (храбрый)

Ә) Ашу - ... (враг)

Ақыл - ... (друг)

Б) ... (много) тыңда,

... (мало) сөйле

ІІІ деңгей. Антонимді қатыстырып, табиғат туралы мәтін құра.

Кіріспе бақылау жұмысы

І. Ажырату

Р, л, б, в, г, д, у, ғ, й, н, ң,з, м, ж

І нұсқа

ІІ нұсқа

Үнді:

Ұяң:

ІІ. Еске сақтау

І нұсқа

ІІ нұсқа

Зат есім - ?

Сын есім - ?

ІІІ. Түсіну

І нұсқа

ІІ нұсқа

Артығын тап

Жақсы-жаман, ақ-қара, үлкен-кіші, ұшан-теңіз

Әдемі, сұлу, жақсы, ажарлы

Жалпылау

Кеше, бүгін - ?

Жуан, жіңішке - ?

Жалқы, жалпы - ?

Р, м - ?

Қарағанды, Алматы - ?

А, ы - ?

Мезгіл, мекен - ?

Дауысты, дауыссыз

Ұқсастық

Әріп - буын - сөз - ?

а) сөйлем ә) сөз тіркесі б) мәтін

Бастауыш - баяндауыш = сапалық - ?

а) тұрлаулы ә) сын есім б) қатыстық

IV. Білік пен дағды

Сөйлемдердегі сөздерге сұрақ қой, үлгі бойынша талда

Үлгі: Мектептер - нелер? Зат есім, негізгі, дара сөз, жалпы есім, деректі, атау септік, көпше түр. Түбірі - мектеп, - тер - көптік жалғау

І нұсқа

ІІ нұсқа

Балалар далада жүр

Қонақтар үйге кірді

V. Шығармашылық тапсырма

Сөздерді қатыстырып мәтін құра, мәтінге ат қой

Тіл, халық, Республика, ана, Қазақстан, сыйлау, сүю, біз, келешек, міндет, азамат

«Сөздік құрам» бойынша деңгейлік тапсырмалар

І. Ажырату

Саптыаяқ, әнұран, садақ, елтаңба, би, сынып, құжат, абдыра

І нұсқа

ІІ нұсқа

Көнерген сөздер:

Жаңа сөздер:

ІІ. Еске сақтау

І нұсқа

ІІ нұсқа

Антоним - ?

Омоним - ?

ІІІ. Түсіну

Тұрақты сөз тіркестеріне балама жазыңдар

І нұсқа

ІІ нұсқа

Тайға таңба басқандай - ?

Ит арқасы қиянда - ?

Жұлдызы жану - ?

Қоян қолтық - ?

Таяқ тастам - ?

Жүрегі жарылу - ?

Бетінен оты шығу - ?

Ат ізін салмау - ?

IV. Білік пен дағды

Сулы, көңілді, құпия, ұзақ - сөздерге әр нұсқа өз тапсырмасына сәйкес жұп жазсын

І нұсқа

ІІ нұсқа

Синоним

Антоним

Сулы -

Көңілді -

Құпия -

Ұзақ -

Сулы -

Көңілді -

Құпия -

Ұзақ -

Шығармашылық тапсырма

«Қысқы көрініс» тақырыбына акроним әдісі бойынша өлең жаз

................ борайды,

.................орайды.

.................қатады,

.................жатады.

Директорлық қима жұмысы

І. Ажырату

Бәдірен, құлақ, әңгелек, тұқым, шиті, пісте, пышқы, дарбаза

І нұсқа

ІІ нұсқа

Диалект:

Кәсіби сөз

ІІ. Еске сақтау

І нұсқа

ІІ нұсқа

Заттың дәмін, түрін, түсін, көлемін, және тағы басқа белгілерін білдіретін сөз табы - ?



© 2010-2022