Жол белгілері және оның мақсаттары

Бұл тәрбие сағаты 5-6 сыныптарда "Жол белгілері және оның мақсаттары" тақырыпта сабақтан тыс іс-шара түрінде өткізілді.Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.
Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Жол белгілері және оның мақсаттары»

Мақсаты: Оқушаларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

Көрнектілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, жол белгілері, оқушылар салған суреттер т.б.

Алибек: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің қаламызда, еліміздің барлық қала, ауылдарына - бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Осы мақсатта 6 ә сыныбының «Жол белгілері және оның мақсаттары» атты тәрбие сағатығымызды ашық деп жарниялаймыз.

Дамира:

Біз тұратын қаланы

Байқар болсаң егерде

Оны әбден болады

Әліппемен теңеуге

Көшелері көлбеген

Құпия әр бұрышы

Ойлап көрсек - ол деген

Сабақтың ең дұрысы

Құтты боп әр қадамың,

Күлсін десең әр күнің,

Әліппесін қаланың

Ә дегеннен біліп ал!

Алибек: Біздің тәрбие сағатымыз екі топтың арасында сайыс түрінде өтеді.

Дамира: Ендеше сол топтарды ортаға шақырайқ

1. «Бағдаршам» тобы. Топ басшысы - Дильшат

2. «Жол сақшылары» тобы. Топ басшысы - Шыңғыс

Алибек: Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады

1 - кезең. «Жол ережелері»

2 - кезең. «Жол белгілері»

3 - кезең. «Көше көмекшілері»

4 - кезең. «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар»

5 - кезең. «Топ басшылар сайысы»

Дамира: Жол белгілері - көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Алибек: 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері, басымдылық белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері,

қосымша ақпараттық белгілер.

Дамира: Әділ қазылармен таныстыру.

Алибек: Сонымен I кезеңді бастайық. «Жол ережелері»

Дамира: Бұл кезең «Жалғасын тап» деген ойын түрінде өтеді. Қазір мен бірнеше жол ережелерін бастап оқимын, соңын Алибек аяқтайды. Сендер бұл ережелерді мұқият тыңдаңдар.Оқып болған соң, жалғасы екі топқа таратылады. Мен қайтадан жол ережесін бастап оқығанда сендер жалғасын тауып жалғастырыңдар.

1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

2.Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

3. Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек.Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді.

5. Транспорттың артына жабысуға болмайды,құлап, апатқа ұшырауын мүмкін.

6. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр.

7. Көшеде тоқтап тұрған көліктің қасынан абайлап өт, көлік есігін ашып қалуы мүмкін.

8. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол!Асықпа! тек тратуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

Алибек: Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

Дамира: Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Алибек: Сайсымыздың II-кезеңі «Жол белгілері» Бұл кезеңде әр топ өздерінің дайындаған жол белгілері бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

Дамира: Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

Алибек: Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

Дамира: Сайысымыздың келесі III-кезеңі«Көше көмекшілері» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа үй тапсырмасы берілген. Әр топ өздерінің дайындаған жұмысын көрсетеді.

Ортаға «Бағдаршам» тобы шақырылады! Ортаға «Жол сақшылары» тобы шақырылады!

Дамира: Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны - 12.

Алибек: Сайысымыздың келесі кезеңі «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар» деп аталады.

Дамира: Бұл кезеңде әр топ көше оқиғаларына байланысты көрініс көрсетеді.

Ортаға «Бағдаршам» тобы шақырылады!

Ортаға «Жол сақшылары» тобы шақырылады!

Алибек: Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.

Дамира: Сайысымыздың соңғы кезеңі «Топ басшылар сайысы»

Алибек: Бұл кезең «Кім тапқыр» ойыны түрінде өтеді.Әр топ басшысына жасырылған сөзді қолданбай түсіндіру қажет. Ал 2-нші топ басшы жасырылған сөзді табу керек.

Алибек: Қорытынды сөзді Әділ - қазылар алқасына берейік.

Дамира: Сайысқа түскен екі топты ортаға шақырайық.Топтардың орындауында «Бағдаршам» әні.

Алибек: Жолда жүріп үйрендік,

Жамандықтан жирендік,

Енді қорықпай жүреміз.

Сары жанса күтеміз,

Тоқтауды да білеміз.

Қызыл жанса тоқтаймыз

Машинадан қорықпаймыз.

Жасыл жанса жүреміз,

Біз бәрін де білеміз!

Дамира: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көшеде, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.

Қорытынды:Оқушылардың қосымша дайындаған деректері мен салған суреттері көрсетіліп, кеш қорытындыланды.

3


© 2010-2022