Внеклассное мероприятие Ұлылардың үндестігі (әдеби кеш)

Ұлылардың үндестігі (әдеби кеш) Жоспар: 1.     Құнанбай туралы 2.     Ұлжан 3.     Зере 4.     Абайдың балалық шағы 5.     13 – 28 жасқа дейін 6.     Крылов И.А. (өмірбаяны) 7.     Көрініс а) шегіртке мен құмырсқа ә) есек пен бұлбүл б) қарға мен түлкі 8.     Пушкин А.С.  туралы Онегинның Татьянаға жазған хаты 9.     Абайдың  «Татьянаның әні» өлеңі 10.                       Лермонтов  М.Ю. «Жартас», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде» 11.                       Неміс классиктері  туралы 12.         ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлылардың үндестігі (әдеби кеш)

Жоспар:

  1. Құнанбай туралы

  2. Ұлжан

  3. Зере

  4. Абайдың балалық шағы

  5. 13 - 28 жасқа дейін

  6. Крылов И.А. (өмірбаяны)

  7. Көрініс

а) шегіртке мен құмырсқа

ә) есек пен бұлбүл

б) қарға мен түлкі

  1. Пушкин А.С. туралы

Онегинның Татьянаға жазған хаты

  1. Абайдың «Татьянаның әні» өлеңі

  2. Лермонтов М.Ю.

«Жартас», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде»

  1. Неміс классиктері туралы

  2. Гете

  3. Қараңғы түнде тау қалғып...

  4. Гейне «Ein Fichlen baum» - «жалғыз арша»

  5. Германиядағы «Abaijtrabe» туралы

  6. Абай сазгер (әндерін орындайды)

а) «Айттым саған Қаламқас»...

ә) «Желсіз түнде жарық - ай

б) «Көзімнің қарасы»

  1. Абайдың ұлдары

  2. Әбдірахман ауырып жатқанда

«Я, Құдай, бере гөр!»

  1. Әбдірахман өлгенде

  2. Қорытынды



Қазақтың Гетесі жоқ, Пушкині жоқ,

Казақтың деме бірақ ешкімі жоқ,

Есесіне басқаның Абайы жоқ,

Халқының мәңгі тұрар кескін боп.

Абайы бар елдің бақ талайы бар,

Абайсыз бізді өзгелер қалай ұғар?!

Мұғалім: Дейді ақын Мұзафар Әлімжанов. Бірақ біз осы өлеңнің соңғы жолдарын өзгертіп, біз Абайсыз өзгелерді қалай ұғар едік дегіміз келеді. Абай арқылы біз шығыс классиктері Сағдиді, Аизамиді, Рудакиді, Хафизиді, Фирдоусиді Батыстың Шиллерін, Гетесін, Гейнесін, орыстың Лермонтовын, Пушкинін, Крыловын таныдық . Абай арқылы ұлылардың шығармаларын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік алдық.

Абай, Пушкиннің Татьянасын қазақша жырлатты, Крыловтың шегірткесін қазақша шырылдатты. Бірағ біз Абайдың кім екенін, көрген қиыншылықтарын, шығармашылық ізденістерін, жеткен жетістіктерін білеміз бе?

«Ұлылардың үндестігі» атты шараны «Абай кім? - деген сұраққа жауап іздейміз.

Оқушы: Абай ақын, ол жай ақын емес, ұлы ақын. Философ, сазгер, ағартушы, Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы.

Ол қазіргі Семей облысы, Абай ауданындағы Жидебай қыстауында 1845 жылы жиырма екінші қыркүейк күні дүниеге келген.

Оқушы: Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы туралы.

Оқушы: Шешесі Ұлжан туралы.

Мұғалім: Абай 13 - 27

Абайды әкесі Семейдегі Ахмет риза медресесінеоқуға береді. Осында жүріпАбай өз бетімен орыстың «Бриходская» школасына барып орыс тілін үйренеді. Бірақ баласының алымдылығын байқаған Құнанбай оны ел басқыру ісіне араластыру мақсатымен ауылға алып келеді . Сөйтіп 13 жасынан 27 жасқа дейін ел ісіне араласып, әкесіне көмекші болады. Абай ел басқару ісінде әкесімен жиі келіспейтін. Сондықтан 27 жасқа келгенде әкесімен мүлде ат құйрығын кесіп, өз бетімен білім алудың ұзақ жолына бет бұрады. Абай өлеңін 12 жасынан бастап жаза бастаған. Бірақ 40 жасқа дейін оның өлеңдері жанала атпен шығып тұрды, тек «Жазғытұры» өленінің астына өз атын «Ибраһім» деп жазды. Абай үнемі ізденесте болды. Лев толстайдың, С.Щедриннің, Пушкиннің шығармаларын сүйіп оқыды. жылдын быстап 40 жасында ол Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аудара бастады.

Оқушы: Крылов И.А (өмірбаяны шығармаларынан көрініс) «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі».

Оқушы: Лермонтов Ю.А «Жартас», «Қанжар».

Мұғалім: XIXғ аяғында орыс журналдарынан Абай неміс классиктері туралы оқып білді. Ол кезде Ресейде Шиелердің, Гетенің, Гейненің шығармалары жиі жарық көріп тұратын (Феттің, Байнбергтің, Лермонтовтың аудар).Абайға Гетенің «түнгі кезбенің әні» немесе қарауғы түіңе тау қалғып өлеңі қатты әсер қалдырды.Абай осы өлеңді қазақ тіліне аударды,және ән шығарды.Қазір Ильменау қаласындағы мұражайға кіре берісте, домбырамен осы өлең немісше және қазақша орындаларды.

Қыздар «түнгі кезбенің әні» орындайды.

Мұғалім: ЮНЕСКОның шешімі бойынша 1997 ж. Германияның астанасы Берлин қаласының ең бір әдемі көшесі Абай атымен аталды.Бұл да болса немістердің біздің жаңадан егемендік алған,дербес,тәуелсіз мемлекетімізге деген ,қазақ халқына деген құрметі деп білуіміз керек.

Мұғалім: Абай тек қана ақын болмаған ,ел өзінің көп өлеңдерге ән жазған .Соның бірі «Желсіз түнде жарық - ай» 1888.

Бұл өленде желсіз, жарық айлы тұның түн. Осындай тамаша түнде жігітітен кездесуге шыққан қыз...

Осындай әсем әннің тығы бірі «Айттын сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық - ай» әндері орындалады.

Оның көптеген күйлері де бар. Сәулем -ай, желдірме.

Абайдын үш әйелі болған. Олардан Абай 7 ұл, 3 қыз сүйген .Абай ұлы Әбдірахман ауырып жатқанда Айықпас дертке ұшыраған ұлының жазылып кетуін алладан жалбарына сұрап «Иә құдай, бере гөр!» деген өлең жазған.

Оқушы «Иә құдай, бере гөр!» өлеңін оқиды.

Мұғалім: топас, дөрекі жауларынан қалжыраған,Әбдірахман өлімінен серпіле алмаған Абайға екінші ұлы Мағауляның өлімі қатты соққы болып тиді. Мағауияның өлімінен 40 күн өткен соң, 60 жасында ақын өзінің даласында қайтыс болды. Абай өлгенімен ,оның өлеңдері өлген жоқ. Халықпен мәңгі жасай бермек!(Абай әлемнің 40 тіліне аударылған).


© 2010-2022