Сыныптан тыс шара Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты

Тақырыбы: «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты»Мақсаты:1)    Сыныптың  ұл - қыздарын  әдептілікке, адамгершілікке,  жаман  әдеттен  аулақ  болуға үйрету. 2) Адам  бойындағы  ұнамды,  ұнамсыз  қылықтарды ажырата  отырып,  әдеп  әліппесін  бойына  дарыта, тіл  байлығын,  таным  білімділігін  арттыру. 3) Әдептілікке, сыпайлыққа, тәрбиелеу.  Көрнекілігі: Слайд, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, «Ержетер ұл ережесі, бойжетер қыз ережесі» атты флип – чарт. 
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шара Ұл ұятымен , қыз қылығымен ардақтыТақырыбы: «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты»


Мақсаты:

  1. Сыныптың ұл - қыздарын әдептілікке, адамгершілікке, жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.
    2) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыта, тіл байлығын, таным білімділігін арттыру.
    3) Әдептілікке, сыпайлыққа, тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, «Ержетер ұл ережесі, бойжетер қыз ережесі» атты флип - чарт.

Барысы


I. Ұйымдастыру.


II. Кіріспе бөлім.


Мұғалім:

15 сәуір - Ғашықтар күні. Махаббатқа тұнған жүректер лүпіл қағып, осы бір аяулы мерекені асыға күтіп жүрген шығар. Әлбетте. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер де бар-ау. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық.

Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.

Жырдағы Көрпештің Баянға арнап айтқан мына сөздерін оқыған кім-кімнің де жүрегі тебіренері хақ:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен оған

Ішіме қайғы толғызды...

Әлкей Марғұлан "Мәңгілік жыр" деп атаған бұл жыр қазақ халқының төбеге көтерер мақтанышы, қос жүректің ұраны іспетті.

Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді.

Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

Құрметті қонақтар, бойжеткен мен бозбалалар бүгінгі сабақ барысында біздер қыз балалар мен ер балаларға ұнамды қылық пен ұнамсыз қасиеттер туралы айтып, ең сүйкімді жұпты анықтайтын боламыз, оларды өздерің тандайсыңдар, ер балалар тобы, әр айналымда 1 қызда, қыз балалар әр айналымда 1 ер баладан шығарып отырады, ойыннан шығып қалған қатысушылар, көрермендер ортасына орналасады.

Баяндаманы ер балалар оқиды:

«Әдет - ғұрпын білмейтін ауылға әйеліңді апарма» - деп кетіпті аталарымыз. Сол мақалды ұмытып, батыс елінің жылтырағына қалай алданып екі жүзділердің ықпалына қалай ғана ерік беріп қойғанымызды байқадыңдар ма? Жақсы мен жаманның, пайда мен зиянның, ұят пен мияттың, қуаныш пен қайғының арасындағы шегараның тас-талқанын шығарып, періште өмірден, пері тірлікке қарай кіріп кеткенімізді байқамай қалдық емес пе? Ой-қиялы қорғасындай балқып тұрған жас ұрпағымыз, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан ұлылық әдет, ибалы салт-дәстүрге бір түкіріп тірлік кеше бастадық.

Қыздарымыз шаштарын жайып жіберіп, ауыздарына темекі, үлкеннен именуді білмей, кіндігін көрсетіп, балтыры мен сандарын елге көрсетпесе көңілдері көншімейтін болып барады.

Осылайша өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қасиеттерін тәрік етіп, өзгенің жылтырағына, тілдеріне, атыс, шабыс, төбелес, зорлық-зомбылық, ерлі- зайыптылар арасындағы қатынасты көре көзге бал-шағаның алдында көрсетуді модаға айналдырып, адам мен малдың айырмашылығын таба алмай жүрген жайымыз бар емес пе?

Европада білімді жұрт осы күнде,

Айырмасы хайуандықтан болмай мүлде.

Терең ойлап сезімнің түбін біл де,

Іштен жыла шырағым, сырттан күл де.

Ойлаңдаршы, осы ақылға жараса ма?

Көріп жүрсе ержетпеген бала - шаға?

Көріп адамдар болашақты болжамайды,

Қойдыруға осыларды бар ма шара?

III. Негізгі бөлім.

Осы кезде қыздырдың өз пікірлері айтылады.

Мұғалім: Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Жақсы адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінездерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек. Сендерге адалдықты, ақылдылықты, қарапайым - кішіпейілділікті, шыншылдылықты үлкендер үйретеді. Үйде ата-аналардың, мектепте мұғалімдердің сендер міндетті түрде орындайтын тәртіп ережелер бар.

Ол- «Ержетер ұл ережесі, бойжетер қыз ережесі» ережелерді толтыру, флип - чарт, ер балалар қыздарға, қыздар - ер балаларға тәртіп ережесін жасайды.

Өте жақсы, екі жақтың да ойларын тыңдадық, ендеше кезек 1 айналымға да келіп жетті, қыз балалар ер балалар арасындағы ережелердің ішіндегі ұнамаған ережені атап айтып, ереженің авторын ортаға шақырып шығарып салады, ал ер балалар қыз балалардан бір қызды шығарады.

Әр жасөспірім өзіне ұнаған әнші немесе басқа да танымал адамдарды өз өміріндегі арманы, идеалы, кумирі қылып алады, ол өзіне кездескен адам осы армандаған әншісіне ұқсаса ғой, шіркін деп ойлайды. Ал біздің бойжеткендер мен жігіттеріміздің армандаған адамы қандай?

Екінші айналым: Оқушылардың кумирлері тақтаға шығарылады, қыздар ер балалардың кумирлерінің ішінен бір адамды шығарып тастайды. Ер балалар бір қызды шығарып тастайды. (Себебін түсіндіреді)

Біздің әлем әртүрлі иістерге толы, өзімізге ұнамды

Үшінші айналым: Духилерді және одеколондарды қарап ішінен жағымсыз иісті одеколонды шығарып тастау. (Себебін түсіндіру, ішіндегі ең жақсысын атау)

Төртінші айналым: Тақтаға қолдардың суреттері шығарылады, ер балалар да қыз балалар да ішінен бір суретті алып тастайды.

Бесінші айналым: ер балалардың беторамалдары және қыз балалардың шашқа тағатын әшекейлері беріледі, ішінен бір затты алып тастау керек.

(Себебі мен ең жақсы бұйымды атау)

Алтыншы айналым: Жақсы көретін өлең жолдары көрсетіледі. Соның ішінен біреуін шығарып тастау керек.

Жетінші айналым: Әр қатысушының бір заты ортаға берілген, соның ішінен бір затты алып тастау керек. Қыз балалар (әшекей, бояу, аксесуарлар тапсырады), ер балалар (сағат, наушник, тарақ, ремень,қалам т.б.) заттарды тапсырады.

Сегізінші айналым: Сүйікті әндері тыңдалады. Соның ішінен бір әнді шығарып тастайды.

Тоғызыншы айналым: Алдарыңыздағы жүрекшелерде сіздерге арналған жылы лебіздер, тілектер жазылған. Солардың ішінен бір тілекті алып тастау керек.

Жүргізуші: Мінекей біздің алдарымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққан жұп анықталды, «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» деп өздерінің ақылына көркі сай жандар деп айтуға болады, қазіргі замандағы бойжеткендер мен бозбалардың талғамдары туралы көп нәрсе білдік деп ойлаймын. Абайдың он сегізінші қара сөзінде «Адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар, мінез» деген ой түйеді.

Естеріңде болсын.

Әдемі болыңдар , әсем болыңдар , сонымен бірге ақылды болыңдар.

Сұлу болыңдар , сымбатты болыңдар , сонымен бірге саналы болыңдар.

Сабырлы болыңдар , салиқалы болыңдар , сонымен бірге салауатты болыңдар.

Қорытынды.

Еліміздің ардақты азаматтары болу үшін үйдегі, мектептегі айтылатын ақыл - кеңестерді , үйреткен тәрбиені ақыл - кеңестерді , үйреткен тәрбиені бойларыңа сіңіріп , шебер , өнерлі, өнегелі, білімді , тәртіпті, батыл, байсалды азамат пен азаматшалар болыңдар.



Ембі қаласы

№2 орта мектебі




Тақырыбы:



10 қазақ класы



Өткізгендер:


Мектеп психологі: Курманова Г.М.

Класс жетекшісі: Казиханова Д.К.



2013 - 2014 оқу жылы

«Әдет - ғұрпын білмейтін ауылға әйеліңді апарма» - деп кетіпті аталарымыз. Сол мақалды ұмытып, батыс елінің жылтырағына қалай алданып екі жүзділердің ықпалына қалай ғана ерік беріп қойғанымызды байқадыңдар ма? Жақсы мен жаманның, пайда мен зиянның, ұят пен мияттың, қуаныш пен қайғының арасындағы шегараның тас-талқанын шығарып, періште өмірден, пері тірлікке қарай кіріп кеткенімізді байқамай қалдық емес пе? Ой-қиялы қорғасындай балқып тұрған жас ұрпағымыз, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан ұлылық әдет, ибалы салт-дәстүрге бір түкіріп тірлік кеше бастадық.

Қыздарымыз шаштарын жайып жіберіп, ауыздарына темекі, үлкеннен именуді білмей, кіндігін көрсетіп, балтыры мен сандарын елге көрсетпесе көңілдері көншімейтін болып барады.

Осылайша өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қасиеттерін тәрік етіп, өзгенің жылтырағына, тілдеріне, атыс, шабыс, төбелес, зорлық-зомбылық, ерлі- зайыптылар арасындағы қатынасты көре көзге бал-шағаның алдында көрсетуді модаға айналдырып, адам мен малдың айырмашылығын таба алмай жүрген жайымыз бар емес пе?

Европада білімді жұрт осы күнде,

Айырмасы хайуандықтан болмай мүлде.

Терең ойлап сезімнің түбін біл де,

Іштен жыла шырағым, сырттан күл де.

Ойлаңдаршы, осы ақылға жараса ма?

Көріп жүрсе ержетпеген бала - шаға?

Көріп адамдар болашақты болжамайды,

Қойдыруға осыларды бар ма шара?


© 2010-2022