Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат

Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата-анамен мектеп арасындағы байланысты нығайту;Оқушы бойына өз-өзіне деген сенімділік қасиетін күшейту. Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар,суреттер, интерактивті тақта, слайд. Тренинг бағдарламасы: 1. Таныстыру2.Бейнебаян 3. Ситуациялық сұрақтар4. «Қолынан танып біл!». Жаттығу5. Ана мен бала 6. Өз өнері Ендеше құрметті ата аналар осындай мейірі...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат"

Мақсаты:

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Ата-анамен мектеп арасындағы байланысты нығайту;

Оқушы бойына өз-өзіне деген сенімділік қасиетін күшейту.

Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар,суреттер, интерактивті тақта, слайд.

Тренинг бағдарламасы:

1. Таныстыру

2.Бейнебаян

3. Ситуациялық сұрақтар

4. «Қолынан танып біл!». Жаттығу

5. Ана мен бала

6. Өз өнері

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін 5-сынып ата-аналары арасында «Ана мен баланың арасындағы махаббат» тақырыбында тренинг-сайыс өткізгелі отырмыз. Қатысушы ата-аналар мен оқушыларға сәттілік тілейміз. Сайысымызды ашу үшін сөз мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------Мектеп психологы -------------------------------------------------------------------------------------------------беріледі. Ендеше құрметті ата аналар осындай мейірімді, жаймашуақ атмосферада ата ана махабаты деген тақырыпта емін еркін отырып әңгімелессек дейміз. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі . Иә, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ.Қадірлі ата ана! Біз сіздердің бауыр еті балаларыңызбен және баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін деп тұла бойы елжіреп, жүрегіңіз дүрсілдеп отыратын сіздермен бірнеше сұрақтар төңірегінде пікірлесеміз.

І кезең. Әр ата-ана өз отбасын, өзін таныстырады

ІІ кезең Бейнебаян

ІІІ кезең Ситуациялық сұрақтар

  1. Сіздің балаңыз үздік оқушы. Бірақ бүгін «2» алып келді. Сіздің әркетіңіз?

  2. Балаңыз үйге мұғалім ұрысты деп жылап келді. Сіз не істер едіңіз?

  3. Сіздің балаңыз мектепте тәртіпсіздік жасап инспектордың кабинетінде отыр. Сізді сонда шақырды. Сізді балаңыздың бұл әрекеті қатты ренжітті. Сіз қайтер едіңіз? Не айтасыз?

  4. Сіздің балаңыздың сынып жетекшілері жиі ауысады.Бұл жағдайға қалай қарайсыз?

  5. Сіздің балаңыз біреумен төбелесіп қалды. Бұл жағдайға жолдасыңыз ашуланып, мектеп әкімшілігін кінәлап, телевидение шақыру керек дейді. Сіз қалай ойлайсыз?

  6. Сіз балаңыздың үй тапсырмасын орындағанын тексересіз бе? Кеше қандай пәндерден, қандай тапсырмалар орындауға көмектестіңіз?

  7. Сіздің балаңыздың сабақ үлгерімі төмендеп бара жатыр.Оны қадағалауға сізде уақыт жоқ. Күнімен жұмыстасыз. Кеште шаршап келесіз.Балаңыздың өзі сабаққа дайындалып жүрмін, бәрі жақсы деп айтады.Жыл соңында балаңыз барлық пәннен бағасы «3», тәртібі де қанағаттанарлы деп бағаланып отыр. Неліктен былай болды деп ойлайсыз?

  8. Сіз балаңызды әртүрлі жағдайға байланысты сабақтан жиі қалдырасыз. Сынып жетекші бірнеше рет баланы себепсіз сабақтан алып қалмаңыз деп ескертті. Бұл жағдайда кімдікі дұрыс деп есептейсіз?

ІV кезең «Қолынан танып біл!». Жаттығу

Ананың кезі бар ма кекті болған,

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.

Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...

Адамның бауыр еті, жүрегі бала, - демекші көздері байлаулы аналары балаларын тауып алулары керек.

Талдау:

1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

Y кезең. «Ана мен бала».

  1. Балаңызға қандай түс ұнайды?

  2. Балаңыздың сүйіп тыңдайтын әншісі?

  3. Балаңыздың сүйікті тағамы?

  4. Қандай пәнді ұнатады?

  5. Қандай кино тамашалағанды ұнатады?

  6. Балаңыздың сыныптағы досы кім?

  7. Қандай қабілеті бар?

  8. Үйде қандай жұмыстарға көмектеседі?

  9. Үйдегі қандай жумыстарды унатпайды?

  10. Балаңызға жол ережесі туралы айтып отырасыз ба?

YI кезең. «Өз өнері». Ата-аналар өздерінің дайындап келген өнерлерін көрсетеді.

Қорытынды .

«Жүрек жылуы». Баласының ата-анаға, ата-ананың балаға деген тілегі. Бала - ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. -Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Әкем-біреу, анамда біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,

Олар барда - мереке. Көрген емен,

Қабақтарын шытқанын түнергенін

Әке-білек, саусағы-балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана-тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады.

Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.









Мұнайлы ауданы «№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ













"Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат"

5 «а», 5 «ә», 5 «г», 5 «д» сыныптар арасында өткізілген тренинг

сабағының жоспары





Өткізілетін орны: Мектеп кітапханасы

Уақыты: 11.02.2015ж.



2014-2015 оқу жылы







© 2010-2022