Сындарлы саясатымен танымал болған тұлға

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әлем картасынан ойып орын алған Қазақстан атты мемлекеттің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болып, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға.

«Атаның баласы болма,

Адамның баласы бол », - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып- өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпаққа, зиялы қауым , біздер үшін өнеге . Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын!

Ең әуелі анасын, ана тілін сүйген Елбасы былай деп толғанады: « Ана тілі бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы.» Сол үшін де Елбасымыз жарғақ құлағы жастыққа тимей, халқының қамы, тілінің тазалығы үшін талмай еңбек етіп келеді.

-Толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болуы мүмкін емес.Бұл да Елбасының туған тілі мен ұлты жайлы толғаныстан туған ойларының бірі.

Сонау Күлтегін, Тоныкөктей батырлардан бастап, әл-Фараби, Дулати,Әз- Жәнібектерден Тәуке ханға дейінгі ел басқарудың дәстүрлі жолдарын жете меңгерген тұлға- деп, бүгінгі замандастары ерекше бағалаған жан- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Теледидардан ана тілі мен қатар орыс тілінде бірдей ағылта сөйлеп, әл-Фараби ,Қожа Ахмет Яссауидың трактаттарынан үзінді оқып, тебірене жырлар жазуы Елбасымыздың ақынжандылық қырынан сипат бергендей емес пе?

Абылай салған ақ жолмен азат Қазақстанды болашаққа бастап келе жатқан бүгінгі берекелі күнге де оңайлықпен келмегеніміз анық.

Қазақ халқының қаншама жылдар , ғасырлар бойы ұлы арманы- тәуелсіздікке ХХ ғасырдың соңында қантөгіссіз, дау- дамайсыз қол жеткізгені әлемге аян. Айналадағы өзге мемлекеттерге, кешегі бауырлас делінген одақтас республикалардағы соғыстар мен қантөгістер күні бүгінге дейін жалғасып отыр.

Тәуелсіз Қазақстан көп ұлтты , кең байтақ жері бар, жерінің асты менен үсті байлыққа ие. Осындай алып та алуан түрлі ұлт, дін өкілдерінің басын бір шаңырақтың астына біріктіріп, оларды келешекке нық сеніммен бастай білу әрбір басшының маңдайына жазыла бермесі анық.

Халқымыздың арғы тарихын айтпағанда,Кеңес Одағы ыдырап, әрбір республика өз алдына шаңырақ көтерген кездегі Қазақстанның саяси хал-ахуалының да оңай болмағаны белгілі. Ғасырлар бойы отаршылдық саясат салдарынан өз жерінде ашаршылыққа ұшырап, тілі мен дінінен толық ажыраудың алдындағы байырғы ұлт қазақ халқының негізінде жеке мемлекет болып орнайды дегенге күмәнмен қарағандар көп болды. Бұндайлар өз ұлтымыздан да молынан табылып жатты. Осынау сындарлы кезеңде замана жүгін қайыспай көтеріп, тәуелсіздік көшін алға жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы: « Асықсақ асығайық, алайда ашықпайық .Бәрі де жөнімен келеді »- деп артынан ерген халқын сабыр мен салқынқандылыққа шақырды.Кезінде «ұлттар лабораториясы » атанған Қазақстандағы барлық ұлттарды татулық пен келісімге қол жеткізуі де Елбасының көреген саясаты деп білемін. «Көп ұлттылық -қоғамның кемшілігі емес,- артықшылығы »,-деп атап көрсетеді Елбасы.

Халық ауыз әдебиеті- ана тіліміздің бүгінге жеткен алтын қазынасы. Батырлар жыры, аңыздар мен әңгімелер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар- біздің өткен тарихымыз. Ана тілін шексіз сүйетін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің мына сөзін осы орайда еске сала кетейін: «Тарих пен тіл тамырлас». Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы , атадан балаға қалдырған асыл мұрасы. Бізді өзге халықтардан өзгешелеп тұратын ерекшелігіміз.

Қазақ тілі- ұлы Абайдың, Шоқанның, Мұхтар, Ғабит, Сәбиттің тілі! Менің тілім!

Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма , осы тіліммен болашақтың тізгінін ұстайтын балғындарды білім нәрімен сусындатып, еліме елеулі еңбек етіп жүргеніме қуанамын. Әйгілі ақын атамыз Әбділда Тәжібаев:

Туған елім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!,- деп жырлағанындай, кешегі социалистік дәуірде тарихи жағдайларға сай өз жерінде,өз елінде қысым көрген ана тіліміз өшіп кете жаздады. Қазақ мектептері мен балабақшалары жабылып, орысша оқыған заманның әсерінен бұл күндері қаншама «қара көздеріміз» ана тілінен жұрдай күй кешуде.

Бұған заман кінәлі дегенімізбен , еліміз егемендік алғалы ширек ғасырға жақындап қалды. Елбасы өзінің кезекті жолдауында «...қазақ қазақпен қазақша сөйлессін »- деп , өзі де үлгі көрсетіп, теледидардан қазақша сөйлегенімен , біздің көптеген замандастарымыз ана тілін әлі күнге менсінбейді.

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас- дегендей, ана тіліне жаны ашымаған адам өз Отанын жаудан да қорғамайды деп ойлаймын.

Қазіргі кезеңде өзін өзі сыйлайтын мемлекет ең алдымен тілінің тазалығына мән беретіндігіне күнделікті ақпарат көздері куә.

Тілімізді дамыту, оның күнделікті өмірде қолданылу аясын кеңейту- үлкен- кішінің , барлығының парызы.

« Көш жүре түзеледі » дейді қазақ мақалы. Көш орнынан қозғалғалы 25 жылдың жүзі болады. Осы уақыт аралығында атқарылған істер мол. Тәуелсіздікпен қатар туған ұл- қыздарымыз өз ана тілінде білім алып, болашаққа нық қадам басуда. Елбасы 2003 жылы 4- сәуірде Қазақстан халқына Жолдауында : «Біз өткен тарихымызға үңіле отырып, ақын- жазушыларымыздың жүз томдығын бастырамыз, сол арқылы тілімізді дамытамыз» деген болатын . « Ер жігіт екі сөйлемейді » -дейді қазақ мақалы . Иә, дініміз қуаттанып, халқымыз имандылыққа бас иіп, ақын- жазушыларымыз бен қайта қауышуда.

Биылғы жылғы 11 қарашадағы Президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы « Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» - деп аталады. Бұл Жолдаудың ең басты түйіні - алысты жақын ету.Елбасы: « Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс.

Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді.. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз.
Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы - осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.

Құрметті қазақстандықтар!

Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар - Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім - ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады - біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз.

Қадірлі халқым!

Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!
. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі.
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз », - деп баса айтты Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!



© 2010-2022