Коучинг тақырыбы: Жас ерекшелігіне байланысты тәрбие беру

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Мектеп директоры: К.Ө. Төлеева





Апта 1

Күні: 26 қараша 2014 жыл

Сабақ

Сабақ тақырыбы:

Жас ерекшелігіне байланысты тәрбие беру

Сілтеме

Бастауыш сынып журналы, Әлеуметтік педагог журналы, Мұғалімге арналған нұсқаулық /50-57 бет/. Интербелсенді әдістемені ЖОО қолдану мәселелері /А.Әлімов/

Педагогика №3/15/2006 /16-17 бет/

Мақсаты:

Мұғалімдерге, ата-аналарға оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты оқытуға бағыт-бағдар беру. Бала тәрбиесінде басты тәрбиеші ата-ана екенін түсінуге және мектеппен байланыста болуға шақыру. Бала тәрбиесіне көңіл бөлу.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқуды үйренеді. Мектеп пен ата-ана байланысы арқылы және баланың бос уақытын тиімді пайдалану, баламен тіл табысу керектігін түсінеді. .

Негізгі (шешуші) идеялар

Баланың тәрбиесіне басты назар аудару."Бұлақтың дер кезінде көзін ашу". Ата-аналармен мектепішілік және түрлі шығармашылық, зерттеушілік жұмыстарға қатынасу, оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыруды жолға қою мақсатында негіздемелер жасау.

Сабақта қолданылатын материалдар

Постер, презентация, сауалнама, бейнефильм, үлестірме материалдар, АКТ/интериактивті тақта, компьютер.

Уақыты

Кіріспе тапсырма:

Мұғалімдерге, ата-аналарға Кембридж 2 деңгейлік оқыту мақсаты, міндеттері туралы хабардар ету, отбасы мерекесі туралы бұйрықты таныстырып, құттықтау.

10 минут

Баяндама-презентация

«Баланың басты ұстазы- ата-ана» /қосымша №1/

Презентация /қосымша №2/

10 минут

Тапсырма №1

Проблемалық сұрақ: Баланы неше жастан тәрбиелеуіміз керек?

Жауаптар: 5 жастан,7 жастан т.с.с

Тәрбие бала тумай тұрып, дүние есігін ашпай тұрып басталуы тиіс.

Халық сондықтан да:

Отбасында шырақ болып жанады

Мейірімділік тарататын жанары.

Анасының тәрбиесін, тәлімін,

Сәби болса іште жатып алады.

Бала тәрбиесі басынан,

Еңбекке баулу жасынан. -деген екен.

10 минут

Тапсырма №2

«Жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелеу не үшін қажет?

(Әр топ өз ойларын айтады)

20 мин

Ширату жаттығулары

«Қара жорға» биін билету арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру

2 минут

Бейнекөрініс

XXІ ғасырда мені қалай оқытасыздар? /қосымша №2/

2-3 минут

Тапсырма №3

Бейнекөрініс жайында талқылау.

Өз ойларын айту. Заман талабына сай ата-ана да, мұғалімде өздері өзгеру керек.

10-15 минут

Тапсырма№4

«Тәрбие бағыттары» /

5 минут

Қорытынды рефлексия

«Отбасына тілек» /қосымша № 4/

5 минут

© 2010-2022