Разработка на тему СПИД - әлемдік дерт 9 класс

                                                                                                                           
Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «СПИД - әлемдік дерт »

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу , шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД- тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана - сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп, тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып

Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар

Салауатты өмір салтын сақтаңдар

Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

Кіріспе сөз: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан - 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.

Адамның ақыл - ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл - ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», - деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз өзімізге байланысты.

ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.

Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын » насихаттай отырып, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр - салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі тәрбие сағатының мақсаты салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.

Жүргізуші: Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек, республика бойынша ерлердің 57 пайызы , жасөспірімдердің 40 пайызы шылым тартса, ересек адамдардың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен.

Жүргізуші: Мектеп оқушыларының 29,5 пайызы нашақорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім , әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85 пайызы тірі жетімдер екенін көреміз.

Жүргізуші: Олай болса, « салауаты өмір салты » осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олрдың жан - жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.

1- оқушы: Темекі - әр түрлі ауруларды туғызатын, адамның еңбекке қабілетін кемітетін, адамзат тұқымын аздыратын, адамды іштен кеміріп жейтін жегі құрт.

2 - оқушы: Темекінің адам ДЕНСАУЛЫҒЫ үшін зардабы көп: бронхит, өкпе, рак ауруларына әкеп соқтырады. Тіпті ол адамның ақылдысын да , азғынын да өзіне бағындырып алады. Сондықтан ол қауіпті әдетпен жаппай күресуіміз керек.

3 - оқушы : Алкоголь - адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Ол адам өмірін 10 - 15 жылға қысқартады.

4- оқушы : Алькоголь - «нерв уы » деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс - қуысына өте тез жайылады да, содан соңғы орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады .

5 - оқушы: СПИД - ғасыр індеті. СПИД - Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам денесінде Т - лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазақстанда 4,5 мыңнан астам адам жүре пайда болған Иммунитет тапшылығы синдромы , яғни СПИД - ке шалдыққан.

6- оқушы: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18 мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да үгіт - насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп берді.

Бұл дерт, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді.
СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды.

Елімізде бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысында 3967 , ал Жезқазған қаласында 15 жағдай тіркелген.

1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады.

АҚТҚ - адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы - ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды.
ЖҚТБ - жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері. АҚТҚ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ - АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ-дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп ,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады.

СПИД қандай жолмен жұғады?

  • Қан арқылы (тікелей қан құйғанда инелерді ауыстырмай бірігіп пайдаланғанда)

  • Ауру ананың сүті арқылы;

  • Ауру әйелден туылған балаға;

  • Жыныстық жолмен жақындасқанда бір адамнан екінші адамға жұғады.

  • ЖҚТБ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды:

- Қол алысып, құшақтасқанда
- Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан
- Төсек жабдықтары мен киімнен
- Темір және қағаз ақшадан
- Су мен ауадан
- Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан
- Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан
- Жәндіктердің шағуынан
- Моншада, саунада, бассейінде
- Бой жазу, т.б.

Адамның ЖҚТБ -мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер - ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

Ауру қалай асқынады?

АҚТҚ жұқпасы - бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді.

Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

Адамның ЖҚТБ -мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер - ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

Ауру қалай асқынады?

АҚТҚ жұқпасы - бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді.

Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

Ситуациялық жағдай:

1.Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Көмек көрсететін адамға ұсыныс:

Жараны таза, қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қанның сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз. Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.

2.Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Біраз уақыт өте оның СПИД-пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым-қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?

3.Сіз ақшадан қатты қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз» десе не істер едіңіз?

Сергіту сәті

Мақал - мәтелдер - ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші

1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )

2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)

3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )

5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )

6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )

7. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)

8. Ішпеген, шылым тартпаған, (Денсаулығын сақтаған )

Би: « Гимнастика »

1.Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген

Жойылсын мәңгілік жойылсын.

Вируспен ауырған адамдарға

Ем - дәрі тезірек табылсын.

Қайырмасы:

Кел достарым, үн қосайық,

Көтеріп жаңғыртып.

Анасын бала

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік

2. Есірткі құрысын

Ішімдік жойылсын

Дені сау қазақтың

Ұл - қызы көбейсін.

Қайырмасы:

3.Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп.

Қазақтың сымбатты

Ұрпағы көбейсін

« Ғасыр уы »

СПИД деген - ғасыр уы , зобалаңы,

Сан адамға жазылмас жара салды.

Сан адамды өмірден алып кетті,

Мамандар да бір емін таба алмады.

Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!

Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!

Салауаттылық - жарқын өмір кепілі,

Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!








9 «Б» сынып жетекшісі

А. К. Хамзинаның «СПИД - әлемдік дерт »

тақырыбында өткізген тәрбие сағатының

ӨЗІНДІК ТАЛДАУЫ

1 желтоқсан - Бүкіләлемдік спидпен күрес күніне орай өткізілген тәрбие сағаты тәрбие жоспарының «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты» бағыты бойынша өтілді.

Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушыларды салауатты өмір сүруге, зиянды заттардың темекіғ ішімдік, нашақорлықтың, ЖИТС адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру,

Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, адамгершілігі мол, жан-жақты шығармашыл тұлға болып қалыптастыру;

Оқушылардың берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқаруын, ісшараға белсенді қатысуын ұйымдастыру.

Сабақта қолданылғын көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар, презентация, постерлер пайдаланылды. Тәрбие сабағының мазмұны оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылып жүргізілді. Сынып оқушылары топқа бөлініп, әр топ өздерінің тобының атын, ұранын, ережесін айтып өтті. Кіріспе сөзден кейін оқушылар СПИД жайлы ойларын ортаға салды. Берілген тапсырмаларды топпен жұмыс жасай отырып, постерлер құрып, тақырыпқа сай жобаларын қорғап,шығармашылықпен жұмыла жұмыс атқарды. Оқушылар өздерінің пікірлерін ортаға салып, сұрақтарына жауап ала алды.Тәрбие сағатына сынып оқушылары барлығы ұйымшылдықпен белсене қатысты.

Сабақ мерекелік көңілде, танымдық сипатта өтті. Тәрбие сағатының жоспарланған кезеңдері толық орындалып , мақсатына жетті. Оқушылар тәрбие сағатының жақсы деңгейде өткенін айтып, ризашылықтарын білдіріп, ойларын толық жеткізе білді.


дайынд. Хамзина А. К. 21-қараша, 2014жыл



Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№ 16 ЖОББМ» КММ



1 желтоқсан - Бүкіләлемдік СПИД -пен күрес күніне орай өткізілген

ісшараның тақырыбы:



Разработка на тему СПИД - әлемдік дерт 9 класс


9 «Б» сынып




Өткізген: Хамзина А. К.










Сәтбаев 21қараша, 2014жыл

Разработка на тему СПИД - әлемдік дерт 9 класс



Разработка на тему СПИД - әлемдік дерт 9 класс



Разработка на тему СПИД - әлемдік дерт 9 класс

Разработка на тему СПИД - әлемдік дерт 9 класс

© 2010-2022