Көше заңын сақтау-амандықтың бірден-бір кепілі

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТАҚЫРЫБЫ:

Көше заңын сақтау-амандықтың бірден-бір кепілі

Мақсаты:

1) оқушылардың өмірін кездейсоқ жол-көлікоқиғаларынан қорғау, жолда жүру ережелерін насихаттау;

2) оқушылардың жол ережесін әрқашан сақтап, жолдан өткенде сақ болуға, ұқыпты бола білуге тәрбиелеу;

3) оқушылардың жол белгілері туралы білімдерін кеңейту.

Көрнекілігі:

жол ережелері туралы карточкалар.

Барысы:


1. Кіріспе.

Тақырыпқа байланысты қысқаша мағлұматтар.

2. Негізгі бөлім.

а) Таным бөлімі (Бір-біріне сұрақтар қояды).

ә) «Кім тапқыр?» (Жұмбақтарды шешу).

б) «Кім көреген?» (Берілген белгілерді ауыстырып қойып табу).

в) «Белгіні білем бе?» (Тыйым салу ақпараттық көрсеткіштілік белгісі, сервистік белгі).

3. Бағдаршам ойыны. (Қызыл, сары, жасыл).

4. Өзіңді-өзің тексер. (Карточкамен жұмыс).

5. Қорытынды.

Мұғалім: Қазіргі таңда адам өмірінде көліктің пайдасы мен маңызы зор. Ертеде көліктің орнына ат пен түйені, үнділіктер пілді, өзбектер есекті, тау халықтары өгізді пайдаланған. Өркениетті дәуірде жануарлардың орнына қолайлы және тез арада жеткізетін көліктер мемлекеттер мен континенттердің бірігіп қатысуына қолайлы болып отыр. Бір сәтте барлық көлік тоқтап қалса не болар еді? Ауылшаруашылық өнімдері қала халқына жетпей қалар еді. Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Қала ішінде автобусқа, алыс жаққа баратын болсаңдар пойыз, ұшақ тәрізді көлік түрлеріне мінесіңдер. Көліксіз жүріп-тұру мүмкін емес. Ал, оқушылар, өздерің велосипед тебесіңдер. Біз дмократиялық құқықтық мемлекетте өмір сүретіндіктен әр адам құқықтарын білуі керек. Қарапайым көшені алсақ, оның өзі бір заңдылықтарға бағынады.

1) Әр бір жаяу жүогінші, әр бала жол бойында аса сабырлықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс.

2) Ұшқалақ бала ұрыншақ,

Ойлалық, соны ұғынсақ.

Машина алдын кеспесек,

Уайым-қайғы шекпес ек.

3) Балалар бағдаршам жарықтарын қалай пайдалануға болады?

1-бағдаршам: Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жол сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң

Мойыныңды бұр сол жақтан оң жаққа.

2-бағдаршам: Бейғам кісі - бейбақ,

Болбыр, бейғам болма.

Бас аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда.

Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де

Үйренесің біртіндеп,

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары жарық: Сары шамы жағылса,

Сақ, абай бол барынша.

Жасыл жарық: Жасыл жарық - жол ашық!

Зымырай бер бел асып.

1-жүргізуші: Жолда жүру ережелеріне байланысты сұрақ-жауапқа құрылған бөлім.

1-сұрақ: Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

Жауап: Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, бұл - қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады. Ал артынан қуып жеткен адамдарға сол жағынан емін-еркін өтіп кетуге мүмкіншілік жасалуы тиіс.

2-сұрақ: Топталып келе жатқан жаяу жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?

Жауап: Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек.

3-сұрақ: Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

Жауап: Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанымен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін.

4-сұрақ: Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?

Жауап: Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.

5-сұрақ: Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?

Жауап: Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін.

Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

6-сұрақ: Аялдамаға тоқтаған автобустың, троллейбустың, трамвайдың қай жағынан өтуге болады?

Жауап: Аялдамаға тоқтаған автобустың, троллейбустың, трамвайдың алдынан да, артынын да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту тиіс.

7-сұрақ: Жолаушылар автобусқа, троллейбусқа, трамвайға қалай мініп-түсуге тиіс?

Жауап: Аялдамаға келіп тоқтаған автобус, троллейбус, трамвай толық тоқтаған кезде ғана оған мініп-түсу керек.

2-жүргізуші: Келесі ойын - «Кім алғыр?». Берілген жұмбақтағы жол белгілерін табу және оны белгілердің ішінен көрсету.

1) Бір ғажабы - бұл жерде бір нәрсені ел күтеді.

Отырады біреуі, тік тұрады біреуі ...

Неғылған жер бұл өзі,

Айтыңдар, кім біледі?

(Автобус аялдамасы.)

2) Жол астында бір ін бар,

Не екенін кім табар?

Неге адамдар онымен

Арлы-берлі ағылар?

(Жер асты жаяулар өткелі.)

3) Ілулі тұрған не белгі?

Машинаға «Тоқта!» деп белгі береді.

Жол үстіне ақ бояумен

Жолақша боп сызылған

«Өтіңдер!» деп белгі береді.

(Жаяулар өткелі.)

4) Үлкендер де, кішілер де жол белгісіне қарады.

Мысықтар да, күшіктер де батыл жүріп барады.

Бірақ бұл жиек жол емес,

Құпиясын кім табады?

(Жаяулар жолы.)

Ойын «Бағдаршам».

Бағдаршамның жасыл жарығын жаққанда, балалар аяқтарын жүрген сияқты бір орында тұрып қозғалысқа келтіруге тиіс.

Сары жарықты жаққанда, ду қол шапалақтайды. Қызыл жарық жаққанда, бір орында қозғалмай тұрып қалады, бұл сәтте балалар көліктердің өтіп кетуін күтіп тұрады.

Көше заңы тым қатал орындау керек екенін үнемі есте сақтау амандықтың бірден-бір кепілі екенін білуіміздің мәні әбден зор.



© 2010-2022