Тәрбие сағаты: «28 қыркүйек – Бүкіл әлемдік Теңіз күні»

Оқушылардың танымдылық белсенділіктерін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.Юнеско және БҰҰ қолдаған халықаралық мерекелердің күндерімен маңыздылығын ұғындыру.Су адам өміріне маңызы,оны қорғау туралы білімдерін нығайту.«Сулы жер-байлық көзі» екені жөніндегі мағұлматтармен таныстыру.Туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Экологиялық тәрбие беру.Топпен жұмыс,сұрақ-жауап,картамен жұмыс,топтастыру.Бұл сайыс 6-кезеңнен тұрады.Әр кезеңде оқушылар өз белсенділіктерін көрсете білді.6-...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы: «28 қыркүйек - Бүкіләлемдік Теңіз күні»

Мақсаты: 1. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

2. Оқушылардың ЮНЕСКО және БҰҰ қолдаған халықаралық мерекелердің күндері мен маңызын ұғындыру.

3. Су, оның адам өміріне маңызы, оны қорғау туралы білімдерін нығайту. «Сулы жер - балық көзі» екені жөніндегі мағлұматтармен таныстыру.

4. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Экологиялық тәрбие беру.

Әдістері: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, топтастыру, картамен жұмыс.

Көрнекілігі: тірек сызба, теңіз суреттері, құстар мен балықтардың суреттері, карта.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

  • ................................

  • Сыныпта кім кезекші?

  • ..................................

  • Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • .................................

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • .................................

  • Жылдың қай мезгілі?

  • .................................

II. Оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Теңіз күні» деп аталады.

  • Оқушылар, осыған дейін Теңіз күні туралы естігендерің бар ма?

  • .............................

  • Бүгін, яғни қыркүйектің 28-і Бүкіләлемдік теңіз күні. Бүкіләлемдік теңіз күнін 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылдаған.Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын ластаудың, соның ішінде мұнаймен ластаудың алдын алу.

  • Тәрбие сағатымызды жарыс түрінде өткізетін боламыз. Ең алдымен сіздерді 2 топқа бөлеміз. 1 топ «Арал», ал 2 топ «Каспий».

1 кезең. Таныстыру кезеңі.

Шарты: әр топ өз араларынан топ басшысын сайласын және топтың ұранын ойластыруы керек. 1 - 5 ұпай аралығында бағаланады.

2 кезең. Сұрақ - жауап.

1. Қазақстандағы 2 ірі теңізді ата (Арал, Каспий)

2. Арал теңізінің ауданы (68 мың км2)

3. Арал теңізі әлемде нешінші орында болған болатын (4)

4. Құятын өзендер (Амудария, Сырдария)

5. қай жылдардан бастап Арал теңізінің суы азая бастады? (1960 ж)

6. Каспий теңізінің ауданы (3 млн 626 мың км2)

7. Каспий теңізіне құятын өзендер (Еділ өзені)

8. Каспий теңізінің ең бағалы балықтары (бекіре, шоқыр, қортпа)

9. Каспий теңізі неше мемлекеттің жағалауын шайып жатыр (5 Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түркменстан, Иран Ислам Республикасы)

10. Каспий теңізінде балықтың неше түрі мекендейді (500)

Шарты: әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

3 кезең. Жұмбақ шешу.

1. Кескен болам, кесілмейді, кесілсе де бөлінбейді. (Су)

2. Жылға қуып ағады

Ағып көлге барады.

Ішсең шөлің қонады

Шешуін кім табады (Бұлақ)

3. Құйрығы жерге тимейді

Жотасы күнге күймейді (Балық)

4. Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Өрінен мен түскенде,

Өңі кірер даланың. (Жаңбыр)

5. Күннің көзін жабады

Айдың бетін жабады.

Жаңбыр болып жауады

Шешуін кім табады. (Бұлт)

  • Дұрыс таптыңдар, енді сол суға байланысты кім тақпақ біледі.

  • Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Жусаң сен әрдайым

Аппақ бетің маңдайың.

6. Аяғы жоқ, қолы жоқ

Бірақ тыныш тұрмайды.

Санамасаң - қорын тек,

Барша тіршілік қурайды. (Су)

7. Тырс - тырс тамады,

Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

8. Қарасаң келбетіне

Тұмсығы найзадай.

Шығарып су бетіне,

Қанатын жайса жай,

Көрінер кемедей,

Мұхитта телегей. (Желкенді балық)

9. Өзі алып кемедей,

Дауылдан ықпайды.

Су шашып,

Телегей

Мұхиттан шықпайды. (Кит)

10. Шыққанда шығыны жоқ,

Жауса жауын бүйірі тоқ,

Қыста жылтыр қақ болар,

Түртінектеп тынымы жоқ. (Өзен)

Шарты: әр топқа 5 жұмбақтан жасырылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

4 кезең. Қызығушылығын ояту.

Шарты: суға байланысты мақал-мәтелдер айтып жарыстыру. 1 мақалға 1 ұпай.

1. Сулы жер - нулы жер.

2. Су - тіршілік көзі.

3. Су ішкен құдығына түкірме.

4. Судың да сұрауы бар.

5. Бір адам қазған құдықтан, мың адам су ішеді.

6. Су атасы - бұлақ.

5 кезең. Жағдаяттарды шешу.

Қазіргі уақытта толғандыратын мәселелердің бірі Арал теңізі мен Каспий теңізінің ластануымен су көлемінің азаюы екені бәріне мәлім.

1-жағдаят. 1 топ Арал теңізінің, ал екінші топ Касспий теңізінің мәселесін шешу бойынша өз араларынан бір эколог, бір геолог, бір саясаткер сайлап алуларын қажет. Әр топ өз тақырыптары бойынша теңіздердің экологиялық мәселесін шешу жағдайын қарастыру керек.

2- жағдаят. Қазақстандағы қандай экологиялық проблемаларды білесіңдер.Солар жайлы өз ойларынды айтыңыздар.Және Қазақстанда сондай экологиялық проблемалар орын алмауы үшін не істер едіңдер?

6 кезең. Қорытындылау. Ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты анықтау.

11. Ұпай сандары есептеліп болғанша, барлық топ болып, судың адам өмірі мен табиғатта маңыздылығына тоқталайық. Ол үшін Виенн диаграммасымен жұмыс істейміз.



Адам үшін табиғат үшін

Тамаққа, тазалыққа, тұрмыста, өндіріс үшін.









III қорытынды. «Су - тіршілік көзі». Ағзалардың бәріне тіршілік үшін су қажет. Егер су жоқ болса, онда өмір де жоқ. Егер су тартылып қалса, онда даладағы көгал, жасыл желек біткен бірден жойылады да, дала шөл тақырға айналады.

Судың да сұрауы бар дегеніміз маңыздылығына сай, суды үнемдеп пайдалануымыз, суды ластамауымыз, судың мөлшерінің азайып кетуінен сақтап, оны қорғауымыз керек.




© 2010-2022