Ер есімі тәрбие сағаты 10 кл

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін

мектеп - балабақшасы



Ер есімі тәрбие сағаты 10 кл









Сынып жетекшісі: С.С.Қиясова


Ер есімі-ел есінде.

Мақсаты.Ұлы жеңістің 64-жылдығына орай Ұлы отан соғысының ардагері Қиясов Сұлтанияр ағаның ерлігі мен еңбегі туралы мәліметтермен таныстыру, ерлігі үшін алған наградаларын насихаттау.

Көрнекілігі.Фото сурет,Ұлы жеңістің 20,30,40 -жылдығына берілген медалдардың куәлігі,орденнің кітапшасы,Берлинді азат еткені үшін,Германияда жеңіске жеткені үшін,Варшаваны азат еткені үшін,Ұрыстағы ерлігі үшін медалі, ССР Қарулы күштерінің 60-жылдығы, Еңбек ардагері медалдарының куәліктері.

Барысы . Қиясов Сұлтанияр 1917 жылы 30 тамызда Орда ауданы Жиекқұм ауылында дүниеге келген. 7 жылдық білім алғаннан кейін Ордада есепші маманы бойынша білім алып, ауыл шаруашылығы саласында есепші болып қызмет атқарады. 1942 жылы соғысқа алынып, Варшаваны азат етуге, Германияны азат етуге, Берлин ұрыстарына қатысқан. Осы үш қаланы азат етуге қатысқан ерлігі үшін жоғарыдағы медалдармен наградталған. Ауылға оралған соң ауыл шаруашылық саласында ферма меңгерушісі, ауылнай, завхоз қызметінде жұмыс жасап 1980 жылы Еңбек ардагері медалімен наградталған. Жанұя құрып, 9 бала тәрбиелеп өсірген соғыс ардагері 1987 жылы қыркүйектің 5-де қайтыс болған. Қазіргі уақытта марқұмның жанұясы Орда ауданына қарасты Мұратсай совхозының Әжен ауылында тұрады.




Жеңімпаздарға.

Сағынтай Бисенғалиев.

Артта қалды алапат жол, қанды асу,

Ата жаумен жағаласу, жандасу...

Содан бері алпыс көктем алаулап,

Артта қалды аспаны ашық алты асу.

Армысыңдар, арды қанмен жуғандар,

Жаны жалау, тілектері ту жандар!

Қатарларың сары алтындай сиреді-ау,

Келді алпысқа Жеңіс күні туғандар!

Бір бақытым- өздеріңмен елдеспін,

Сол арқылы дүйім жұртпен теңдестім.

Арыстардың аруағына мың тағзым,

Мініп кеткен «кемесіне келместің!»

Той мүбәрак болсын, тірі батырлар,

Тарихта тасқа жазған атың бар!

Ертегідей ертеңімді сыйлаған,

Өздеріңді өбектеуге хақым бар!

Сендерге арнап жыр жағайын от өріп,

Перзенттік бір парыз қалсын өтеліп.

Ардагерлер, арман ерлер- байрағым,

Болашаққа апарамын көтеріп!

Іші- сырға, сырты толып орденге,

Ессіздерге есік ашпас өр кеуде.

Кездесетін көктемдерің көбейсін,

Тарих мәңгі, тиіссіңдер өлмеуге!

Нарқын сезіп Жеңіс деген киенің,

Ағытты ақын жеті орам жыр тиегін.

Төр- ғасырды өздеріңе ұсынып,

Өр басымды алдарыңа иемін!!!

Ер есімі тәрбие сағаты 10 кл

Ер есімі тәрбие сағаты 10 кл

Ер есімі тәрбие сағаты 10 кл

Ер есімі тәрбие сағаты 10 кл

Ер есімі тәрбие сағаты 10 кл

Ер есімі тәрбие сағаты 10 кл

© 2010-2022