Сырғалым қыздар клубының жұмысы

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы, Талица ауылы
Талица жалпы негізгі білім беретін мектебінің Сырғалым қыздар клубының жұмысы

химия-биология пәнінің мұғалімі
Құдабаева Арайлым Бекбосынқызы


«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының

бағдарламасы

Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн.

Мақсаты: Мектептегі әрбір қыз баланы, ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.

Қыз балаларды тәрбиелеудің маңызы оларды қоршаған өмір, түрлі жынысты адамдар арасындағы өзара қатынас барысында, осы қатынастардың нормалары болып табылады. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл қыз балалардың қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығы, аяушылық білдіруге тән белгілі бір сезімдерді бастан кешіруіне жағдай жасауға байланысты ұйымдастырылуда. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды ұлттық киім үлгісін және шаш өруге, тігін тігуге үйрету ескеріледі.

Оқып-үйрену процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына төмендегідей қолайлы жағдайларды жасау барысында жағдайлар ескерілмек:

  • Мектептегі жаймашуақ орта;

  • Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;

  • Әрбір оқушы қыз баланың мүдделеріне көңіл қою;

  • Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;

  • Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.

Мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай әйел идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару қажет.

Сырғалым қыздар клубының жұмысыСырғалым қыздар клубының жұмысы

«СЫРҒАЛЫМ»

қыздар клубының мүшелері:


  1. Оразалина Инабат - 5 «А»сынып

  2. Сүндетханқызы Нұрай - 5 «А»сынып

  3. Горячева Дарья - 5 «Б»сынып

  4. Матухно Милена - 6 «А»сынып

  5. Бугасова Малика - 6 «А»сынып

  6. Суланова Аружан - 6«А»сынып

  7. Газезова Балжан - 6 «А»сынып

  8. Галанаова Александр - 7 «Б»сынып

  9. Грубова Оксана - 7 «Б»сынып

  10. Климова Алена -7 «Б»сынып

  11. Исабаева Аида -8 «Б» сынып

  12. Сүндетханқызы Тоғжан - 8 «Б» сынып

  13. Шевченко Татьяна - 8 «Б» сынып

  14. Айдынқалы Жандауа - 9 «А» сынып

  15. Демина Мария - 9 «Б» сынып

  16. Герцен Елена - 9 «Б» сынып

  17. Власова Александр - 9 «Б» сынып

  18. Кузичева Галина -9 «Б» сынып

  19. Жолдабекова Лаура - 9 «Б» сынып

  20. Чебачева Алина - 9 «Б» сынып

«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының жетекшісі:

Құдабаева Арайлым Бекбосынқызы












«Келісемін» «Бекітемін»

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Мектеп директоры:

_______________ _______________

Т.Т.Құсаинов А.И.Игентаев

«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының

2015-2016 оқу жылына арналған жылдық жоспары


Мерзімі

Жұмыстың мазмұны

Жауапты

1





Қыркүйек


  • «СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту

  • Бойжеткен ережелерімен таныстыру.

Клуб жетекшісі,

мектеп медбикесі

2

Қазан


  • «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» баяндама

Клуб жетекшісі,

мектеп медбикесі

3


Қараша


  • «Темекі, алкоголь ішімдіктері, нашақорлық» туралы тренинг өткізу

Клуб жетекшісі

4


Желтоқсан


  • Қоғамдық орындарда қыздар өздерін қалай ұстағандары жөн? Қыздарға кеңес

Клуб жетекшісі

5



Қаңтар


  • «Ажарлы, сұлу, ғажап тым қыздары қандай қазақтың» қыздары туралы дөңгелеу стол

Клуб жетекшісі, мүшелері

6


Ақпан


  • «Әдептен озбайық» тренинг

Клуб жетекшісі, мүшелері

7




Наурыз


  • «Жеке бас гигиенасы»

  • «Спид» ауруы, жұғу жолдары

Клуб жетекшісі, мүшелері

8


Сәуір


  • «Әсемдік әркімге жарасады» ұлттық киімдер үлгісі

Клуб жетекшісі, мүшелері

9





Мамыр



  • «Озар елдің қызы мінезді келеді» пікір алмасу

  • «СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының жылдық қорытынды отырысы

Клуб жетекшісі,

Мүшелері




Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы

Бала тәрбиесi - игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз -ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата -ана және қоғам.

Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

«Бала - басты байлығымыз


Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу - халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.

Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып

төгіледі.Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.



Өзін-өзі күтетін қыздың 10 ережесі

Өз-өзін күтетін, көркем, сәнді ару өзіне назар аудартпай қоймайды. Ал өзіңе назар аударту арқылы махаббатта да, жұмыста да, жалпы адамдармен қарым-қатынаста да үлкен жетістіктерге жетуге болады.

1. Күтілген шаш. Әдемі күтілген шаш - бұл әйел адамның әшекейі. Шашыңыздың саулығына аса назар аударыңыз және әрдайым таза болуын қадағалаңыз.

2. Жарасымды шаш үлгісі. Күнделікті күрделі шаш үлгісін жасамасаңыз да, шашыңызды түзеп немесе сәл бұйралап қойсаңыз жеткілікті.

3. Бет терісінің саулығы. Бет терісінің күтіміне жеткілікті түрде уақыт бөлсеңіз, макияж тегіс әрі мінсіз жатады. Таза сау тері - сіздің басты мақсатыңыз болуы керек.

4. Қолдар. Саусақтарыңызға әрдайым маникюр жасап жүріңіз. Қол - адамның болмысын сипаттайды, егер маникюр жоқ болса - сізді ханым деу қиын.

5. Аяқтар. Жылдың қай мезгілі болмасын депиляция мен педикюр болуы міндетті.

6. Тістер. Сау, ақ тістер әйелдердің ғана емес, кез келген адамның көркі. Тіпті аттарды да тісіне қарап таңдайды, ал сіз арусыз ғой! Қажет болса, тіс дәрігеріне баруды кейінге қалдырмаңыз. Сіздің күлкіңіз қашырып емес, жарқырап тұруы керек.

7. Макияж. Тым өрескел макияж бүгінде сәнді емес, сондықтан, макияж біркелкі, табиғиға жақын болғаны абзал. Екпін не ерінде, не көзде болуы тиіс.

8. Қастар. Салдыр-салақ қас сырт көзге бірден байқалады, бет пішінінің сәнін келтіретін де - осы қастар. Сондықтан қасқа әдемі пішін жасату маңызды және ара-тұра оны түзеп отыру қажет. Егер қалың қас белгілі бір мезгілде сәнді болып саналып, ал сіздің қасыңыз табиғатынан жіңішке болса, татуаж жасатып, бет пішініңізге сурет салудың қажеті жоқ. Мұндай пішін сізге тіпті жараспауы да мүмкін. Өз келбетіңіздің сұлулығын көріп үйреніңіз.

9. Жүріс. Әдемі, әсем жүріс - бұл әйел адамның қаруы. Жай ғана жүріп емес, өзіңді құнды заттай алып жүруіңіз қажет. Ебедейсіз жүріс - көптеген әйелдердің соры. Сондықтан, әсемдікке құштар болыңыз. Бүкірейіп, аяқпен тырпылдатып, жерді сүзіп жүруді доғарыңыз. Тербетіліп, әсем қозғалатын ару сырт көзге тартымды, өзіне сенімді көрінеді.

10. Сырт келбет. Бейнені баратын жеріңізге сәйкес таңдау қажет. Егер сіз өзіңізге киім таңдай алмай жүрген болсаңыз, талғамыңыз жоқ болса, сәнге байланысты кеңестер беретін бағдарламаларды қараңыз, біздің сайттан да сәнге байланысты көптеген мақалалар бар, бәрі тек қалауыңызға байланысты.



ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40-50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция,Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады. Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуалъдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3-4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70-75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдану-ылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, 6ұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр. Қазіргі таңда көптеген жұқпалы аурулар белең алып, халқымыздың денсаулығына зиянын тигізіп келеді. Мəселен, жас айырмашылығын талғамай, елімізге қауіпті дерт болып жабысқан - СПИД ауруы.Қауіпті ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы - СПИД) дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат. ЖИТС вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады: 1) Жыныстық қатынас арқылы; 2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.) 3) ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы. Бүгінгі таңда 16 миллионнан астам адам ғасыр дерті кесірінен көз жұмса, эпидемия белең алғалы бері 60 миллиондай адам осы вирусты жұқтырған екен. БҰҰ-ның берген дерегіне сүйенсек, ЖИТС әлемдік аумақта адам өлімінің себепкері ретінде төртінші орын алды, ал оның жұқпалы дерт екенін ескерсек, ертеңгі күні бүкіл адамзатқа қауіп болып төнері анық. Егер де 2001 жылға дейін дүниежүзінде күніне 8500 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1600 адам деп беріліп жүр. Қазақстанда осы дертке шалдыққандардың саны 2007 жылы наурызда 7709 адамға жеткен. Бұл - ресми мәлімет. Ал шын мәнінде, бұдан әлдеқайда көп. Дәрігерлердің жауапсыздығынан оңтүстік өңірдегі бей-күнә сәбилердің ВИЧ инфекциясын жұқтыруы, санының күн сайын артуы бәрімізді ойландырады. Ғасыр дертінің жас талғамайтыны, ең соңында ажал құрсауына алатыны бәрімізге сабақ болса екен. БҰҰ-ның есебі бойынша 15-24 аралығындағы жастардың 12 миллиондайы жыныстық қарым-қатынас арқылы ВИЧ инфекциясына шалдыққандар. Егер алдыңғы буын осы жабық тақырып аясында жастармен әңгіме өрбітсе, қатерлі дерттің алдын алар еді. Экономикасы дамыған Канада, Франция, Швеция сияқты елдерде осындай тақырыпта кеңінен ашық айтылғандықтан жасөспірімдер арасындағы жүктілік және жыныстық қатынастар арқылы берілетін түрлі жұқпалы аурулардың көрсеткіші азайған. Бірақ бірден-бір осы дертке шалдыққан жастарға көмек беретін де, арсыздықты тыятын да имандылық екенін ұғынуымыз керек. Өйткені, ислам дінінде некесі қиылмай жастардың жақындасуына тыйым салынады. Әрбір ұл-қыздарымыз ислам дінінің осындай тазалығын бойына сіңіріп, адал жолмен жүрсе, денсаулығымыз жақсы, отбасымыз берік болар еді.

МАСКҮНЕМДІК, ТЕМЕКІ ШЕГУШІЛІК

ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық қазіргі заманның әлеуметтік, экономикалық, психология-педагогикалық, медицина-биологиялық проблемалардың ең маңызды және өзектісі болып отыр. Ғалымдардың есептеуі бойынша маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық тек еркектердің ғана арасында емес, балалардың, жасөспірім, жеткіншектердің, әйелдердің де арасында ең басты дерт болып отыр.

Ішімдіктерді, нашаны қолдану және темекі шегуге құштарлық - әсіресе бала жасында қауіпті, ол баланың өзін-өзі билеу психикасы мен мінез-құлқын реттеу өзегінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Темекі, анаша, ішімдікке әуестік - тек қолданушының ғана денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, қоршаған ортадағы адамдардың да өміріне зиянын тигізеді. Темекі шегушілер өз жақындарының денсаулығын ойламайды, былайша айтқанда оларды да өзімен бірге «темекі шегулеріне» мәжбүрлейді, ал нашақорлар мен маскүнемдер өздерінің қылықтары мен әрекеттерін қадағалай алмай, жауапкершілік сезімдерін жоғалту арқылы қоршаған ортаға әлеуметтік зиян тигізулері мүмкін.

Темекінің түтіні арқылы асқынатын аурулардан жыл сайын әлемде 1,5 миллионға жуық адам өледі екен.

Шылым шегу адам иммунитетін төмендетеді, еңбекке жарамсыздыққа ерте ұшырауға әкеліп соқтырады. Темекінің жануынан туған көміртек тотығы адам ағзасына тамырдағы қан арқылы тарап, ағзаны оттегімен қамтамасыз етуші эритроциттердің өміршеңдігін төмендетеді, сол арқылы қанайналым жүйесі бұзылып, көптеген аурулар туады: қан ұйығы пайда болып, аяқ-қолдағы қан айналым жүйесін бұзады. Уақыт өте келе аяқтың ұстамалы ақсауы және буынның, тамырдың басқа да аурулары асқынады.

Темекені үнемі шегетін адамның сырт бейнесіне де өзгерістер енеді: тырнағы, тісі сарғайып, шашының талы жұқарып, сынғыш келеді, табиғи жылтырауын жоғалтады.

Темекі шегуші тек өзіне ғана емес, өз жақындарының да денсаулығына қауіп төндіреді. Темекі шегуші темекі түтінінің 25%-ын жұтатыны белгілі, ал қалған төрттен үш бөлігі сол түтінді жұтуға мәжбүр болғандарға бұйырады, осылайша олар «ырықсыз темекі шегушілер» қатарына жатады.

Ырықсыз темекі шегуші үнемі темекі шегілетін бөлмеде болса, бір сағаттың өзінде жарты темекі шеккенде алынатын зиянды заттарды қабылдайды екен. Осылайша ол да темекі шегушіде болатын денсаулық ақауларына ұшырайды. Сондықтан, темекі шегу жеке бастың ісі деп қана қарауға мүлдем болмайды.

Темекі шегу - адамның ең жаман әдеттерінің бірі. Соңғы жылдары темекі шегушілер саны артып отыр.

Нашаның адам ағзасына әсер етуі қолданылатын препараттың түріне, мөлшеріне және енгізілу жолына байланысты.

Әсер ету нәтижесі: масаңсудың қысқа фазасы, оның артынан ұйқыға тарту фазасы басталады; жүрек соғысы ақырындап, тыныс алуы бәсеңсиді; мидың жұмыс істеу қабілеті азаяды; тәбеті, рефлексі, жыныстық құштарлығы, ауыруды сезу қабілеті төмендейді.

Лас инені пайдалану, бір ине арқылы егілу нәтижесінде ЖҚТБ, гепатит, түрлі қан аурулары және бұдан да басқа қауіпті дерт тууы мүмкін. Сондай-ақ тазартылмаған героин, т.б. қоспалары жоғары нашаларды қолданғаннан кейін, көп мөлшерде қолданғаннан кейін адам бірден өліп кетуі де мүмкін. Героинге тәуелді болу, өз денсаулығына немқұрайды қарау, өз өмірін бағаламаудың салдарынан тәбет бұзылып, жұқпалы аурулармен жиі ауыратын болады.

Ішімдік - бір жағынан энергетикалық ыдыста, екінші жағынан - психоактивті зат, былайша айтқанда рұқсат етілген наша.

Халық арасында ішімдіктің арқасында бойды еркін ұстау, босаңсу, ширығу, мазасыздықтан құтылуға болады деген сияқты жалған түсінік бар. Алайда ол дұрыс емес. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңіл-күйдің уақытша көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық табиғаты бар жаңа залалға ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.

Жоғарыда айтылғандардың тобықтай түйінін айтатын болсақ, өз денсаулығын ойлаған, өзіне жақсылық тілеген, салауатты өмір салтын ұстанғысы келген, өзінің, туған-туыстарының, қоршаған ортаның жағдайын ойлаған адам өзінің зиянды қылықтарынан бас тартуы керек! Темекімен қоштасып, ішімдікке, нашаға бой алдырмай, оларды өз проблемаларын шешуші құрал ретінде қарамай, ішімдікті мүлдем қойып кетуі абзал.

Қоғамдық орындарда қыздар өздерін қалай ұстағандары жөн?


Қоғамдық орындарда қыздар өздерін аса сыпайы ұстағандары абзал. Ондай орындарға жалғыз барғандары келіспейді-ақ. Дос қыздармен немесе дос балалармен, туыстарымен баруына болады. Кино, театрдан кешігіп қалсаңдар, жұрттың мазасын алмай, кез-келген тақау тұрған орынға отыра салыңдар.

Залда тыныштық сақтау керек. Театр, концертте отырып, сылпылдатып тамақ жеп, немесе сытырлатып конфеттің қағазын ашу, конфет сорып отыру әдепсіздікке жатады. Қасында отырғандарға әрнені айтып мазалап, қол шапалақтағанда дауыс шығарып айқайлау, еденді тепкілеу - әдепсіздіктің белгісі.
Бикештер мен қыздар жоғары талғаммен өздеріне үйлесетін киімді және косметиканы дұрыс пайдаланғаны жөн.
Қыз баланың кіммен болса да билеуге немесе басқаның шақыруын қабыл алуға хақысы бар. Қыз билегісі келмесе, «басқа біреу шақырып қойып еді, дәл қазір көңіл қошым болмай тұрғаны» деген сияқты жылы сөзбен шығарып салғаны дұрыс. Ешуақытта да жігіттерді қорлап, олардың намысына тиетін сөз айтпаңдар, қазақ халқы ер адамдарды қорлауға ешуақытта жол бермеген. Олардың мәртебесін әр кез көтеріп отырған. «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деген сияқты мақалдар соның айғағы.

Жігіт пен қыз би кешіне уәделесіп бірге келсе, қыздың басқамен биге шығуы дұрыс болмайды. Кеш бойына сол жігітпен билеуі керек. «Тек қана қыздар» деп аталатын музыка ойналған кезде қыздар өз тілегімен қалаған жігітін биге шақыруға болады. Әрине, қыздар шақырғанда, ер жігіт еш уақытта да бас тартып көрген емес. Билеп жүргенде айналаға жалтақтап қарап, басқа біреулермен сөйлесу мәдениетсіздікке жатады. Айтарымыз осындай көпшілік орындарда қыздардың өздерін аса зор мәдениетті ұстанғаны абзал.



Сырғалым қыздар клубының жұмысы


ҚОСЫМША

МАТЕРИАЛДАР

Сырғалым қыздар клубының жұмысы

© 2010-2022