7 сыныпқа арналған сынып сағат жоспары Тақырыбы: Ұлы Абай, дана Абай, дара Абай қазақта

Сабақтың мақсаты: 1) Ұлы ақынның тұлғалық касиетінің қалыптасуымен, өмірі және шығармашылығымен танысу.2) Оқушыларды Абай ақын жөнінде білімдерін кеңейтуге,шығармашылыққа,ізденушілікке тарту.3) Ұлылық,даналық,даралық қасиеттерге ұмтылуға,имандылыққа тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,көрініс,іздену т.б.Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,ақынның портреті,слайдСабақтың барысы:1) Ұйымдастыру кезеңі: 2) Ақын өмірі мен шығармашыл...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлы Абай,дана Абай,дара Абай қазақта

Сабақтың мақсаты: 1) Ұлы ақынның тұлғалық касиетінің қалыптасуымен, өмірі және шығармашылығымен танысу.

2) Оқушыларды Абай ақын жөнінде білімдерін кеңейтуге,

шығармашылыққа,ізденушілікке тарту.

3) Ұлылық,даналық,даралық қасиеттерге ұмтылуға,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап,көрініс,іздену т.б.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,ақынның портреті,слайд

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі:

2) Ақын өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

3) Абай аудармалары

4) «Бала Абай» көрініс

5) Абайдың өлеңдерін (мәнерлеп оқу) , әндері

6) Абайдың қара сөздері ,шағын пікірлесу өткізу

7) Абайдың нақыл сөздері

Мұғалім: Алыстан сермеп

Жүректі тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиядан шауып

Қисынын тауып

Тағына жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.Оқушылар бұл кімнің өлеңі?Әрине Абай атамыздың өлеңі.Ендеше Абай кім?

Топтастыру.Әрбір оқушы атап шығады.

Ұстаз

Аудармашы

Сазгер

Ұлы ақын7 сыныпқа арналған сынып сағат жоспары Тақырыбы: Ұлы Абай,дана Абай, дара Абай қазақта


Тлеумаганбетова Жанар: Қашан бір бала ғылым-білімді махаббат пен көксерлік болса сонда ғана оның аты адам болады.(Абай)

(Абайдың өмірі мен шығармашылығын таныстырады)

Хожанепесов Бекзат: Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін - Шекспир, грузиндер үшін - Руставели... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс. - (Қайсын Кулиев)

Тлеумаганбетова Ж: Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.

Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. - деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай кезекті Абай аудармаларына береміз.

Хожанепесов Бекзат: ...әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз - Абай. - деп Міржақып Дулатов айтқандай, келесі кезек оқушылырымыз дайындаған «Бала Абай» көрінісіне береміз.

Хожанепесов Бекзат:

Білімді сол кісіден ізденелік!

«Әдейі іздеп біз келдік сізге»делік.

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге»делік.

Тлеумаганбетова Ж: Қуат алып Абайдың тіл-күшімен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден. - .

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық.

-дей отырып кезекті Абай өлеңдерін(мәнерлеп) оқуға береміз


Тлеумаганбетова Жанар: Білімдіден аяман сөздің майын,

Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын.

Ездің басы қаңғырсын,ердің көңілі

Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын.

Көкірегінде оты бар ойлы адамға

Бұл сөзімнің суреті тұрар дайын.

Хожанепесов Бекзат: Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйлі

Тыңдағанда көңілдің әсері бар.

Келесі кезек Абай әндері.

(Көзімнің қарасы) әнін орындайтын Сағынбаева Л.

Ән шашу. Абайдың «Сегіз аяқ» әнін бейнеклип арқылы тыңдыңдату.

Хожанепесов Бекзат:

Өлді деуге бола ма,

Ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына

сөз қалдырған. -деп Абай атамыз айтқандай, кезекті Абайдың қара сөздеріне береміз.

Тлеумаганбетова Ж:

Қуат алып Абайдың

тіл - күшінен,

Жыр жазамын Абайдың

үлгісімен.

Абай болып табынсам

бір кісіге,

Абай болып түңілем,

бір кісіден.

Мұқағали Мақатаев


Хожанепесов Б: Толғауы тоқсан

қызыл тіл

Сөйлеймін десең

өзің біл.

Өткірдің жүзі,

кестенің бізі

өрнегін сендей

сала алмас .

Келесі кезекті қарасөздерден, жиырма тоғызыншы сөзінен алған тағылым,үлгі алу мақсатында «Ата-анадан тәтті жоқ» тақырыбына шағын пікірлесу өткізу.

Тлеумаганбетова Ж:

Білгенге маржан,

білмеске арзан,

надандар бәһра

ала алмас.

Қиналма бекер,

тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ -

ойға олақ... дей отырып кезекті Абайдың ( достық,еңбек,адам,тіл мен сөз,білім мен ғылым) туралы айтқан нақыл сөздеріне береміз.

Хожанепесов Б:

Тлеумаганбетова Ж: Біреулерге болғанымен айдала,

Басын иіп тәу етеді бар дана.

Ұлы Абайды дүниеге әкелген

Құдіретіңнен айналайын сардала!-дей отырып бүгінгі Ұлы Абай,дана Абай,дара Абай атты ашық сынып сағатымызды аяқтаймыз! Қош сау болыңыздар!

«№8 жалпы білім беру орта мектеп» КММ



Ашық сынып сағаты.

Тақырыбы: Ұлы Абай,дана Абай, дара Абай қазақта

7 «Г» Сынып:

Сынып жетекшісі: Мухамедова К.

29.01.2015ж

7 сыныпқа арналған сынып сағат жоспары Тақырыбы: Ұлы Абай,дана Абай, дара Абай қазақта

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын...

(Абай)

© 2010-2022