«Кітап – рухани қазына»

1.Білімділік: «Кітап –рухани қазына» - дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.  2.Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.  3.Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.  Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар, сөзжұмбақ.  Тәрбие сағатының барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, мемлекеттік Гимнды орындату.  1-жүргізуші: Армысыңдар, құрметті ұстаздар және оқу...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Кітап - рухани қазына»

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: «Кітап -рухани қазына» - дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2.Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар, сөзжұмбақ.
Тәрбие сағатының барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, мемлекеттік Гимнды орындату.
1-жүргізуші: Армысыңдар, құрметті ұстаздар және оқушылар! «Кітап-рухани қазына» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген.Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ата - бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап - білім бұлағы,білім - өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. Кітап адам баласына бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін сырлас досы болады. Ендеше, құрметті ұстаздар 9 «А» сынып оқушыларының дайындаған « Кітап - рухани қазына» атты ашық тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
2-жүргізуші: Олай болса топтарымызбен таныстырып өтейін: 1- топ «Кітапсүйгіштер»

2- топ «Кітапқұмарлар».
1-жүргізуші: 1-кезең. «Кітап - рухани қазына.

Кітапсүйгіштер.
Берік: Кітап - адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым - білімнің көзі,өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап - адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.
Айдынай: Кітап - араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітап - көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз «Күш білімде, білім кітапта», «Кітап - ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Айтгүл: Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы кітапқа еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Заманбек: Кітап - адал пейіл, асыл дос.Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл - ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
Ерғали: «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген екен Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

2-жүргізуші:

Кітап - күш. Кітап - құдірет. Рухани дүниеңді байытатын, дүниетанымыңды кеңейтетін де кітап. Кітапта ғана шекара жоқ. Алғашқы алланың сөзі де адамзатқа кітап болып түскен. Кітап туралы сөз болғанда міндетті түрде автор мен оқырман арасындағы алтын көпір кітапхананың орны ерекше. Ендеше, рухани байлықтың алтын кені - кітапхана туралы балалардың біліміне құлақ асайық.

Кітапқұмарлар.

Ерсұлтан:Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге - деп, Абай атамыз айтқандай «Білімнің қайнар бұлағы - кітап». Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап арқылы баланың дүниетанымы кеңейіп, еңбекке деген саналы көзқарас қалыптасады, сабаққа деген ынтасы артады. Сондықтан біз жас кезімізден-ақ кітапты сүюге және оны күтіп, ұқыпты ұстауымыз керек.
Асхан: Білім көзі - кітапта, ал кітаптың мекені - кітапхана, яғни грек тілінен аударғанда «кітап сақтайтын орын» деген мағынаны білдіреді. Кітапханадан көптеген қызықты қажетті деректерді, ертегілерді таба аламыз, сондай-ақ «Балдырған», «Асыл сөз» сияқты газет-журналдар да бар. Кітапханада әрбір кітаптың тұратын өз орны бар.
Айнұр: Кітапхана - жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден - бір сенімді серігіне айналуы тиіс. Ата-бабамыздың өткен тамыры терең тарихтарын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз.
Әсел: Кітап - адамның досы, кітапты оқи отырып, көп қызыққа кенелесің, айналадағы өмірмен, табиғатпен танысып, көптеген достар табасың. Ал осы кітаптар үйінің, яғни кітапхананың да өзіне сай пайдалану ережесі бар. Кітапхананың ішінде шулауға болмайды. Кітапты кітапханадан кітапханашыдан жаздырып алуы керек. Кітапты жазып беретін орынды «абонемент» деп атайды.
Назерке: Кітапханада кітаптар тек қана сақталып тұрмайды екен, олар онда тұрғанмен өз оқырмандарына 10 күнге қонаққа барады екен, егер уақытында кітапты қайтармаса олар өздерінің үйін сағынып, мұңаяды екен. Сондай-ақ ол кітаптарды басқалардың оқығысы келіп күтіп жүргенін ұмытпауымыз керек. Кітап алушыны «оқырман» дейміз. Кітапханада кейбір өзіне қажетті деректерді кітапты үйге алмай-ақ отырып, жазып алуға арналған орынды «оқырман залы» деп атаймыз.


1-жүргізуші: Өте жақсы. Олай болса алғашқы кітапханалар қай жылы, қай жерде ашылғанын тыңдап есте сақтайық.
1838жылы - Өскеменде
1870жылы - Оралда
1883жылы - Семейде
1891жылы - Павлодарда
1892жылы - Қарқаралыда
1892жылы - Қостанайда
1906жылы - Верныйда ашылған.
2-жүргізуші: Би: «қазақ биі»
2- кезең. «Өлең - сөздің патшасы»
Өмір мәні - өнер менен білімде, айтайықшы кітабыңды жыр ете. Әрі ақылшың - әрі рухани қазынаң Құнды байлық баға жетпес бұл өте, - деп кітап туралы өлеңдерге кезек берейік.

Кітапсүйгіштер.
Нұржамал: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін, серпіп таста мұңды жүрек түндігін. Оқырмандар тойын тойла кітаптың, шаттанатын мерекелі күн бүгін. Кітапты оқымайды сыйламаған, білімге жанын қиып қинамаған. Өсірген кімнің болсын ой-өрісін, сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Кітаптар бейне жапырақ, жырлайтын сырын өмірдің. Оқисың кейде жатып ап, көтеріп күшін көңілдің.
Баян: Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, ерінбей оқы көруге.
Айдыны шалқар кейде бір, кітапты тұнған көл дерсің. Ауадай қажет бейне бұл, татпасаң нәрін шөлдерсің.

Кітапқұмарлар.
Дана:Оқулықты мектебің, берер саған теп-тегін. Білмейсің-ау сен бірақ қаншама еңбек кеткенін. Кітап деген бір теңіз, тұңғиыққа батарсың. Ішіне үңіліп қарау үшін, тарихыңа қарарсың. Кітап алма ағашы, жемісін бізге беретін. Тәтті алмаға балашы, кітабыңның әр бетін. Оқулығың - құралың,

жағар білім шырағың. Баса алмайсың ешқашан, онсыз алға бір адым.
Нұржанат: Саған білім жемісін Оқулығың береді. Талай адам сол үшін, Маңдай терін төгеді.
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп, Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп. Молайтып ақылыңа сан еселеп, Береді білім нәрін кітап көптеп.
Ән: «Алға Қазақстан! »
1-жүргізуші: 3- кезең. «Мақал - сөздің мәйегі».
Кітапсүйгіштер. Айтгүл: Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп. Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра. Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат.Ерғали: Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы. Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар. Білегі күшті бірді жығар, білімі күшті мыңды жығар. Кітап - ақыл ойдың айдыны. Білім іздеген өсер, бүлік іздеген өшер.
Кітапқұмарлар. Назерке: Кітапсыз үй - терезесіз бөлме. Оқу инемен құдық қазғандай. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ілім - жанып тұрған шырақ. Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.Кітап - жанашыр адал досың. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі. Кітап - алтын қазына. Әсел: Ақыл - тозбайтын тон. Білім - таусылмайтын кен. Кітап білім бұлағы - білім өмір шырағы.
2-жүргізуші: 4- кезең. «Өнерлі өрге жүзер».
Көрініс: «Науқас кітап». (Бір оқушының кітабы науқастанып қалып дәрігерге әкеледі.)
Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер!
Дәрігер: Амансың ба?
Оқушы: Дәрігер мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.
Дәрігер: Жарайды, алдымен ауруын анықтап алайық.
Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар алып, осындай күйге жеткізіпті.
Дәрігер: Мұңайма емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған.

Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін.

Көрген адам «кітабың кір» демесін.
Мен кеңестер жазып беремін, үнемі есте сақтап жүр.

- кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме;

- кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал;

- кітап беттерін жыртпа;

- кітапқа сурет салма, жазба;

- тамақ ішіп отырып кітап оқыма;

- кітап беттерінің арасына қалам салма;
Оқушы: Жарайды, дәрігер кеңестеріңді үнемі есте сақтаймын.
1-жүргізуші: 5- кезең. «Білімді - мыңды жығар»
Сіздерге берілген сұрақтарға мақалмен жауап бересіңдер.
Кітапсүйгіштер.
1. Жылан інінен қалай шығады?
Жылы - жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
Оқу инемен құдық қазғандай.
3. Ең тәтті не?
Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті.
4. Не қорқақ, не батыр?
Көз қорқақ, қол батыр.
5. Не адамның арқауы?
Ас адамның арқауы.
2 - жүргізуші: Кітапқұмарлар.
1. Кімнен кім жаман?
Олақтан салақ жаман.
2. Оттан да ыстық не?

Отан оттан да ыстық.
3. Ер қаруы нешеу?
Ер қаруы бес қару.
4. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
Отан үшін отқа түс күймейсің.

5. Түкіріктен көл болама?
Көп түкірсе көл болар.
1-жүргізуші: 6- кезең «Ойлан тап».
Жұмбақ шешу
1. Сандығым бар өзгеше
Қолыма алып жүремін. (кітап)
2. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
3. Оқытады жазда,
Оқытады қыста
Тілсіз дана ұстаз. (кітап)
4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (ұстаз)
5. Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (дәптер)
6. Көлемі шағын көп қырлы,
Қолдан қолға өтеді.
Өмірдің талай мол сыры,
Ішіне сиып кетеді. (кітап)
7. Оқу - білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы. (сөмке)
8.Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады. (кітап)
9. Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)
10. Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
2-жүргізуші: Ахметова Мариям «Әдебиет әлемі» өзінің шығарған өлеңін оқиды.

7 - кезең. «Білім көзі - кітапта »
Сұрақтарға жауап беру.
Кітапсүйгіштер.
1. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата. (Ә.Молдағұлова, М.Мәметова)
3. Жыл атауынан құр қалған жануар не? (Түйе)
4. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
5. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесің? (Қыс, Адам болам десеңіз, Жазғытұрым, Күз)
6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

1-жүргізуші: Кітапқұмарлар.
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Гимн)
3. Қазақ әліппесін жасаған, алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
4. «Кел, балалар, оқылық» өлеңі кімдікі? (Ыбырай Алтынсарин)
5. Қазақтың аты аңызға айналған батыры кім? (Бауыржан Момышұлы)
6. Қазақ халқының тұңғыш балуаны. (Қажы Мұқан Мұңайтбасұлы)
2-жүргізуші: 8-кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр»
Сөзжұмбақ шешу.
Кітапсүйгіштер.
1. Балалар журналы. (айгөлек)
2. Оқушының жанашыры. (мұғалім)
3. Қазақстандағы болған ашаршылық пен оның себебін Сталинге алғаш болып айтқан адам. (Тұрар)
4. «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол, адам болам десеңіз!» деген өлең жолын кім жазған? (Абай)
5. Адамның асыл досы. (Кітап)
6. Кітап басып шығарылатын жер. (баспахана)
7. Киелі құс. (аққу)
8. Қара алтын. (мұнай)
9. Ер қанаты. (ат)
1-жүргізуші: Кітапқұмарлар
1. Ананың перзенті. (бала)
2. Жердің серігі. (ай)
3. Қазақтың атақты үш биінің бірі (Төле би)
4. Ұлттық аспап. (домбыра)
5. Жыртқыш аң. (қасқыр)
6. 100 жыл (ғасыр)
7. Ат тұяғына тағатын зат. (таға)
8. Мектеп оқулықтары қай баспадан шығады? (атамұра)
9. Мейірімді жан. (ана)
Ұстаз ана - болашақтың анасы,
Ұстаз ана - ақыл-білім панасы.
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы, - деп келесі кезекті «Ұстазым» әніне береміз.
Ән: «Ұстазым».
Орындайтын: 9 «А» сынып оқушылары.
1-жүргізуші: Қорытынды.
Осымен тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті, ендеше сөз кезегін мектебіміздің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Сакабаева Сәуле Наурызбаевнаға береміз.








© 2010-2022