Жаңа форматтағы ата - аналар жиналысы 5 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата -аналар жиналысы.

Тақырыбы: «Балам қалай бағаланып жүр?»

Мақсаты

Ата -аналар бағалау түрлерімен (формативтік, суммативтік, критериалды ) танысады, критериалды бағалауды қолданудың тиімділігін біледі.

Күтілетін нәтиже

Ата - аналар бағалаудың түрлерімен танысады, мұғалімдер пайдаланатын бағалау түрлері туралы біледі.

Ата -аналар балаларының жаңаша бағалану түрлерін таниды.

Негізгі ұғым

- қуаныш сезімін ояту.Балаларының теріс әрекетке түрткі болатын жаман әдеттен арылту жолдарын қарастыру.

- ата-аналарға балаларына ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту,

- Балаларын бағыттау, бағалаудағы әдістер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Источники

Интернет-ресурстар, презентациялар, видеороликтар

Материалы и оборуд.

АКТ, маркерлар, плакаттар, бояу, слайд, видеороликтар.

Жұмыс кезеңі

Қатысушылардың іс әрекеті

Уақыт

1. Психологиялық сәт.

Мақсаты: Жағымды ахуал қалыптастыру.

2.Шаттық шеңбер




3.Жасырын тақырып. «Опять двойка»

4. Миға шабуыл.






5.Топқа бөлу.

«Школадного настроения, друзья!»

Шаттықшеңберге тұрады: Тренинг «Алма»

Сіздердің алдарыңызда тұтас үлкен әдемі алма тұр. Біздің арамызда ешқашанда түсінбеушілік болмасын деген тілек айтқым келіп тұр.

.

Алмадағы сандарды көрсетіп, сұрақ қоямыз.Сіздердің өмірлеріңізде бұл сандар қай жерде кездеседі?

2. Ата -аналар өз бетерімен жиналыстың тақарыбын анықтайды.

Жиналыстың тақырыбы «Бағалау»

4.Миға шабуыл. (2-3 минут)

1.Ойланып сұрақтарға жауап беріңіздер:

-Бағалау дегеніміз не?

-Бағалау не үшін қажет?

-Ал, білім не үшін керек?

Ал енді келесі сәтте өздеріңіздің балалық шақтарыңызды бір сәт еске алып көріңіздер. Ең алғашқы алған бағаларыңызды еске түсіріп көріңіздерші.

  • Сол кезде қандай сезімде болдыңыздар?

  • Ойлаңыздаршы, ондай сезім неден туындады.

  • Ата- аналарыңыз төмен баға алғанда қалай қабылдады?

  • Сіздердің кездеріңізде мұғалімдер қандай сөздер айтып, қалай ынталандыра білді? Осындай сөздерді естігенде

  • қалай сезіндіңіздер?

2.Мысалы мынадай мәселеге тоқталайық. Егер анасы баласына: «Сен өте әдемі сурет салдың.» немесе «сен төсекті дұрыс жинамадың»- дегенде ол баласының әрекетіне не берді деп ойлайсыз? Әрине ол бағалады.

5.Топқа бөлу: 3 түсті көмегімен топқа бөлу.

Топ ережелерімен таныстыру (слайд)

Жұмысқа кірісер алдында мен сіздерді мынадай ережелер мен таныстырып кетсем:

  1. Әр ата- ананың сөйлеуге құқы бар,

  2. Барлығымыз ортақ жұмыс істегендіктен, біздерде көрермендер жоқ.

  3. Балаларымыз бір сыныпта оқыған соң барлығымыз доспыз, тәрбиелі де мідениетті адамдармыз. Өзіміздің де өзгенің де құпияларын сақтай аламыз.

  4. Біз бір- бірімізге сенеміз.

3 мин





10 мин.



3 мин

3 мин

6.«Бағалау түрлеріне» презентация көрсетіледі.

«Балаларыңыз қалай бағаланып жүр?»

Презентацияны тамашалайды

7.Практикалық жұмыс





8.Сергіту сәті

Әр топқа тапсырма: Алдарыңызда жатқан ресурстарды пайдаланып үйдің суретін салыңыздар.

Өз суреттеріңізді бағалаңыздар.

Ендігі кезеңде суреттеріңізді бір бірлеріңізбен ауысыңыздар.

-Бағалаңыздар.

Топтар қойған бағаларды қорғайды.

-Неге осындай баға қойылды?

-Баға қойғанда неге көңіл бөлінді?

-Келесі сәтте тақтаға назар аударыңыздар.

Критериалдық парақты пайдаланып тағы бір рет баллдарды қоюларыңызды сұраймын.

Тақтада слайд

Дескриптор арқылы баллдарды бағаға аударығыздар.

Критериалдық парағы бойынша баға қойған оңай ма?

Сіздер суреттеріңізді бағаладыңыздар.Қандай бағалау түрлерін қолдандыңыздар?

Бұл бағалаулардың айырмашылығы бар ма?

Қай бағалауды таңдаушедіңіздер?

Слайд.

9.Постер жасау

7.Құрметті ата -аналар, бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы бағалау, осы бағалаудың бір неше түрлерімен танысып жатырсыздар . Осы түсінген ойларыңызды жинақтай отырап постер жасауларыңызды сұраймыз.

Әр топ постерларын қорғайды

10.Рефлексия.

Мектеп - кеме,білім -теңіз. Осы білім теңізіндегі кемеде әр қайсылыларыңыздың балаларыңыз бар екен. Әр ата-ана өз баласының біліміне алаңдаулы.Қай ата -ана болса да өз баласының болашақта білімді азамат болуын қалайды. Сондықтан, бәріміздің тілегіміз білімді тұлға қалыптастыру.Көптің тілегі - көл демекші, өзіміздің жүрегімізде,көңілімізде жүрген тілектерімізді балаларымызға жолдасақ. Жүрек- ол сезім, алақан - ол жылулық, күн - ол жарық сәуле.Олай болса алдарыңызда жатқан күннің,жүректің, бейнелеріне балаларыңызға тілектеріңізді жазып, білдірулеріңізді сұраймыз, «Күн шуағы» өздерінің тілектерін жазады.

«Бала» модельін құру.

Плакатқа «Бала» моделін жасау.



© 2010-2022