Баяндама Бала неліктен сөзге құлақ аспайды? 6 - сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақшұқыр мектеп - лицейі
















Баяндама



Бала неліктен сөзге құлақ аспайды?






Сынып жетекшісі: Кузекбаева А.









Бала тұйық болмас үшін ата-аналарға арналған ережелер

Кішкентай кезінен бастап, балаңыз өз қатарластарымен достасып, тіл табысып кететіндей мүмкіндік жасап отырыңыз. Баласы көп отбасында қонаққа барыңыз, көрші үйдің балаларын қонаққа шақырыңыз, мерекелі сәттерді ұйымдастырыңыз.

Балаға шектен тыс қамқор болмаңыз, не болмаса ерік-жігерін жасытатын сөздер айтпаңыз. Әр нәрсені өз ойымен өз бетінше шешетіндей жағдай тудырыңыз.

Көрші ұлдар немесе қыздар арасынан балаңызбен үнемі араласып тұратын , сөйлесетін бала табыңыз. Мұны ертерек іске асырғаныңыз жақсы.

Балаңыз ауладағы балалармен ойнап жүрсе, тек бақылаушының рөлінде тұрып қалмаңыз. Олар тоқтап қалса,араларына кіріп кетіңіз, ойынға қатысып, балаңызбен олардың достық қарым-қатынас орнатуына көмектесіңіз. Егер балалар бір-бірімен жанжалдасып қалса, онда татуластырыңыз. Ойын біткен болса, онда басқа қызықты ойын тауып жалғастырып жіберіңіз.

Баланы өз талаптарыңызбен, өз қызығушылығыңызбен, өз таңдауыңызбен мезі етпеңіз. Тек сіздің қолыңызбен жасалған ойыншықтар, сіз айтқан ойындар, сіз айтқан кеңестер баланы кейде керісінше мезі етеді. Өз қызығушылығы болмаған соң, тез жалығады, амалсыздан орындайды, соның нәтижесінде ерік-жігерсіз, өзіндік пікірі жоқ, басқаның ықпалымен жүретін балаға айналады.

Баламен ойнаңыз, көңілденіңіз, ән салыңыз, билеңіз!

Басты кейіпкер балаңыз және достары болып табылатын ойын ұйымдастырыңыз.

Сіз айтқан, сіз ойлап тапқан ойындарды ойлап табуына көмектесіңіз.

Өзінің ойын, пікірін ашық, анық айтуға айқайламай, ұрыспай үйретіңіз.

Балаңыздың ортасын жиі өзгертпеуге тырысыңыз. Мәселен, балабақшадағы өз тобына бой үйретіп қалған бала, жаңа ортаға қайтадан бейімделіп кетуі қиын, бала кенеттен тұйықталып қалады. Егер жағдайыңызға байланысты, басқа жаққа қоныс аударып, балаңызды басқа балабақшаға ауыстырған болсаңыз және ол көпке дейін өзге ортаға бейімделе алмай жүрсе, бір амалын ойлап табыңыз. Балаңызға достар табу үшін, басқа балалар оған көңіл аудару үшін оларға шай ұйымдастырыңыз. Үйде болсын, балабақшада болсын, өз қалауыңыз білсін.

Балаңыздың дос болғысы келген ниетін, талабын қолдаңыз, оған сенім ұялатыңыз. Әкесінің, анасының өзін мақтағаны балаға жақсы талпыныс тудырады.

Баламен көшеде жиірек болыңыз, ол өмірдің өзі адамдармен араласудан тұратынын аңғарсын, маңайының бәрі қаптаған адам екенін сезінсін және адамның күні адаммен екенін білсін. Бала кезінде көпшілік ортада жиі болған жан есейе келе де оның таныстары айналасында толып жүреді.

Анасының, әжесінің қасынан немесе үйден шықпайды деп баланы сөкпеңіз. Бір сөзді қайталай бермеңіз. Бұл да баланың тұйықталуына себеп болады. Одан дұрысы, аула ішіне шығарып оның балалармен ойнап кетуіне көмектесіңіз. Оларға үйреністі-ау дегенде жайлап қасынан алыстай беруіңізге болады.

Балаға адамдардың ізгілігі, достығы жайлы ертегі әңгімелер айтып беруді ұмытпаңыз. Бала мұны естіп, өсіп, әр адамның ең болмағанда нағыз бір досы болу керектігін зердесіне құйып алсын, ол доспен бірге ойнай алатынын, кейбір кезде сырларын айта алатынын, реті келгенде қол ұшын беріп көмектесе алатынын білгені дұрыс. Бала дос табу үшін айналасына сеніп өсуі керек.


Бала неліктен сөзге құлақ аспайды?

Бұл сұраққа жауап алу үшін алдымен өзіңіз мына сұрақтарға жауап тауып көріңіз; мәселен, бала айтқанды тыңдағысы келмейді, ендеше мұнымен не айтқысы келеді? Не ойлайды екен? Бұған не істеу керек, жазалау керекпе, жоқ алдандыру керекпе, әлде елемеу керекпе? Қит етсе баланы бір шыбықпен айдаймын деп шала бүлінуіңіз, жазалаймын деп қол жұмсауды әдетке айналдыру-бұл керісінше пайдаңызға шешілмейді. Біз жаңа туылған нәрестені жылап жатқаны үшін ұрып алу керек деп ойламаймыз ғой, дұрыс па? Сол себепті, бала үлкендердің өзіне не үшін шара қолданып жатқанын ұғынбайынша бәрібір ештеңе өнбейді.

Мына бір жағдайды мысал ретінде алайық, бала таңертеңгілік ас үстінде байқаусызда сүт төгіп алды. Шешесі қабағын түйді де, қолынан ыдысты тартып ала қойды. Түскі ас кезінде баланың бағанағы қылығы тағы қайталанады. Бұл жолы анасы үндеген жоқ, көңілді отырған болатын, керісінше бетінен сүйіп, сәбиіне күле қарады. Ал, кешкілік ше? Сол жағдай. Бұл жолы анасы терісіне сыймай ашуланып, үстел басынан қуып жіберді... Ал, нәтижесі не болады екен? Бұл жерде бала өкпелі. Ол өз қылығына үлкендер тарапынан екі түрлі жауап алып, оның қайсысы дұрыс екенін білмейді. Өзінің кінәсі неде екенін де ажырата алмады.

Психологтар бала не себепті айтқанды тыңдағысы келмейді, соның себеп-салдарын тауыпты. Олар мұны төртке бөліп қарайды.

Біріншісі, балаға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Яғни, ата-анасының баламен бірге ойын ойнауға, қасында болуға, әңгімелесуге уақыты бола бермейді. Бірақ, жазалауға, ұрысуға, жұмсауға келгенде олар уақыт табады және назар аудара алады.

Екіншісі, өзінің айтқаны болу үшін бала үлкендерді тыңдамайды. Яғни, бала әр басқан қадамын қадағалап отыратын, ескерту айтатын үлкендерден бөлектенгісі, өздігімен еркін ойнағысы келеді. Сондай жағдайда қырсық мінез танытып жатады.

Үшіншісі, бала үлкендерден кек алу үшін айтқанды орындамайды. Біз көбінесе, бала алдындағы өзіміздің қылығымызды, іс-әрекеттерімізді байқай бермейміз. Мысалы, қарбалас сәтте айтқан уәдемізді орындамауымыз мүмкін, әлдекімге өтірік сөйлеп жатқанымызды аңдап қалуы мүмкін. Кейде балаға «мұныңды ешкімге айтпаймыз» деп айтып аламыз да, телефонда бәрін де айтып саламыз. Осыдан соң бала ерегіс пайда болады.

Төртіншісі, ештеңеге сенбей өсу. Үлкендер өне бойы балаға сен топпассың, сенің қолың қисық, қолыңнан түк келмейді, сенен ештеңе шықпайды, ынжықсың деп нұқып отыратын болса, оған басқа таңдай қалмайды, ол расында мен сондай екнмін деп ойлады да, айналып соған келеді.

Бастысы, балаңыз бір нәрсені дұрыс істемесе, ол сізге ерегескеннен істемейді, оның міндетті түрде бір себебі бар. Мұның себебін зерделеп білу-ата-ананың жұмысы.

Балаға талап қояр кезде дауысыңыз шегелегендей нық, әрі анық болсын. Сабырлы түрде жеткізіңіз. Егер өктем дауыспен: «жүгірме!» «таста оны!» «тиіспе ол затқа!» деп айқайлайтын болсаңыз, онда айдалаға айтқанмен бірдей. Құр айқай баланың санасына түрткі бола алмайды, яғни бұдан бала ештеңе үйрене қоймайды, тек жүйке жұқартқаныңыз болмаса. Баланы түкке алғысыз етіп, айыптаудан абай болыңыз. Сіздің сын-ескертпелеріңіз оның бір ісіне ғана қатысты болуы керек, тапсырманы толық орындамадың деп оны бастан-аяқ сөгудің қажеті жоқ. Баланы үнемі тұқыртып отыратын болсаңыз, одан жігерлі адам шықпайды.


Бала мәселесіне «баланың мәселесі» деп қарамаңыз

Көбіне барлық нәрсе баланың сеніміне байланысты. Мәселен, бала үлкендерге, айналасына, өмірге сенбей өссе, одан сіз күткендей парасат-пайымы биік адам шығуы неғайбыл. Ендеше баланың үлкендерге деген сенімін қалай қалыптастыруға болады? Ешуақытта өзіңізді бала тәрбиесінде бірінен кеш қалдым, өтіп кетті деп өкінбеңіз. Сіздің балаңыз -сіздің байлығыңыз, ертеңгі келешегіңіздің жарқын болуының кепілі. Сондықтан балаңыз қанша жаста болсын, бәрібір мына төмендегі ережелерді естен шығармаңыз.

Ешқашан балаға өтірік айтушы болмаңыз.

Үлкендердің өтірік сөйлеуі бірте-бірте баланың үлкендерге сенбей өсуін қалыптастырады. Мысалы, анасы дүкенге кетті дейік, ал, әкесі баласына «мамаң саған қазір келеді, саған тәтті шоколод әкеліп береді» десе, бала міндетті түрде күтеді. Алайда, анасы үйге әлгі айтқанын әкелмесе, балада үлкен өкпе қалады. Осы өтірік уәде жиі қайталанатын болса, шешуі қиын шиеленіске бара жатырмын деп есептей беріңіз.

Балаға берген уәдеңізде тұрыңыз. Ол түсінбей қалады нем есе бәрібір түсінбейді ғой деп өтірік сылтаулар айта көрмеңіз. Керісінше, балаңыз бәрін түсіне алады. Тіпті, сіздің жалған айтып жалтарғаныңызға дейін біліп қояды. Мысалы, қалтаңызда тиын-тебеніңіз жетіңкіремей, тәтті печенье ала алмадыңыз. Мұны жұқалап түсіндіріп айтыңыз, жалақы алғанда міндетті түрде әперетініңізді ескертіп, уәде беріңіз. Сол уәдені орындаңыз. Бұл әрине, «ақша жоқ!» деп дүрсе қоя бергеннен немесе өтірік сылтаулар айтқаныңыздан әлдеқайда жақсы. Тек өзіңіздің шындықты айтып, түсіндіре білуіңізге байланысты.

Бала үшін өзінің қатарластарымен достасып ойнау өте маңызды.

Егер баланың өзі бір топ баланың ішіне бірден кіріп кетуге қысылса, оған көмектесуге тура келеді. Оның қолынан жетектеп, балалардың ортасына барыңыз. Сосын балаңыздың атын айтып таныстырыңыз, олардың қандай ойын ойнап жатқанын, ойынға тағы бір жаңа қатысушы керек емес пе, соны сұраңыз. Әдетте, сол балалардың арасынан жаңадан келген баланы ортаға тартатын бір бала табылды.

Егер айналасындағы бүлдіршіндер сәбиіңізді шеттететін, ренжітетін болса, бала кенеттен тұйықталып қалады, олардан бойын алыс ұстайтын әдет тауып алады. Бәлкім, ол абайсызда балалардың бірін қағып кетіп, бір-бірімен шекісіп қалған болар, ондай кезде де келесі жолы баланы көшеге шығару қиынға түседі. Тартыншықтай береді. Әсіресе, қазіргі ата-аналардың жұмысы қауырт, көбінесе біздер, ересектер, қызмет тауып кетеміз, тұрмысымыз оңалсын деп бірнеше жұмысты қатар алып жүреміз, міне, осындай кезде бала тәрбиесі екінші орынға ысырылып қалады. Әке-шешесінің жылы қабағын, махаббаттын сезінбей өскен бала іштей томаға-түйық қалатынына күмән келтірмей-ақ қойыңыз. Баланы жалғыз басты ана тәрбиелейтін болса, онда жауапкершіліктің қаншалықты үлкен екенін біліп отырған боларсыз. Осы жауапкершіліктің артында ертеңгі үлкен бір адамның тағдыры жатыр.

Бала тәрбиелеуге жақсы нәтижеге қол жеткіземін десеңіз, алдымен өзіңізді өзгертіңіз. Яғни, өзіңіздің көзқарасыңызды, әдет-қылықтарыңызды, жүріс-тұрысыңызды тексеріп көріңіз. Егер балаға үнемі айқайлап, бұйырып сөйлейтін болсаңыз, ол нені болса да сізден қорыққанынан орындайтын болады. Бұл әдетте баланы екіжүзділікке, өтірік айтып жалтаруға, қу болуға тәрбиелейді. Сонымен қатар басқа жаман әдеттер, мысалы, қорқақтық, жалтақтық, өзіне сенімсіздік, ашуланшақтық, кекшіл мінездер пайда болады. Сол себепті, балаңыз орындай алмайтын тапсырманы оның мойнына жүктеуден абай болғаныңыз абзал. Ол сіздің айтқандарыңызды орындай алмай қалған жағдайда, түсінуге тырысыңыз. Адамды түсіну деген сөз-оның жасаған істерінің, қадамдарының, тіпті қателіктерінің себеп-салдарына үңілу. Неліктен орындай алмады, не себепті осыған жетті? Сонда ғана сіз өз балаңыздың ой-өрісі қаншалықты деңгейде дамып-өсіп жатқанына талдау жасай аласыз.

«Тасбақа» ойыны

Мақсаты: Өз қимылын бақылауды үйрену

Мазмұны:

Тренер тренинг өтетін бөлменің қабырғасында, ал өатысушылар қарама-қарсы қабырғада тізіліп тұрады. Тренердің белгісі бойынша олар қозғала бастайды. Одан ары қарай тренер: «Көз алдарыңызға елестетіңдер, сіздердің барлығыңыз тасбақасыздар. Мен үлкен тасбақамын, ал сіздер кішкентай тасбақаларсыздар. Мен сіздерді өзімнің туған күніме шақырдым. Мен сіздерді қонаққа күтіп отырмын. Бірақ та мерекелік торт дайын емес.

Менің бұйрығым бойынша сіздер маған келулеріңіз керек. Естеріңізде болсын: сіздер тасбақасыздар, сіздер мүмкіндіктеріңіз келгенше ақырын жүрулеріңіз қажет, сонда сіздер келгенше торт та пісіп қалар».

Ешкімнің де тоқтап қалмауын және асықпағандықтарын тренер қадағалауы керек. 2-3 минуттен соң ол белгі берген уақытта, барлығының да «қатып» қалулары қажет. Туған күнін атап өтіп жатқан үлкен тасбақадан барлығынан да алыс тұрған қатысушы жеңіске жетеді.

Ойын бірнеше рет қайталануы мүмкін. Содан соң жүргізуші топтан шеңбер бойынша, оларға ақырын ғана қозғалу қиындыққа түсті ме, нұсқауды орындау үшін не көмектесті, осы сұрақтар көлемінде талдау жасайды.

«Үйсіз қоян» ойыны

Мақсаты: шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа, батылдыққа үйрену

Мазмұны:

Ойынға 3-10 адамнан қатысуға болады. Әр ойыншы-қоян-диаметрі 50см болатындай шеңберді өзін айналдыра бормен сызады. Шеңберлердің арасы 1-2метр болуы шарт. Қояндардың бірі-үйсіз. Ол ойынды жүргізуші. Қояндар одан жасырып бір-бірімен (көз қиығымен, ыммен) «үйлерін алмасу» туралы келіседі де бір үйден бір үйге жүгіріп кіреді. Ойынды жүргізушінің мақсаты-олар үйлерімен алмасып жатқанда, бір сәтке бос қалған үйге кіріп алу.

Кім де кім үйсіз қалса сол ойынды жүргізуші болады.


«Алтын балық» ойыны

Мақсаты: қимыл-қозғалыстың координациясын дамыту

Мазмұны:

Барлық қатысушылар шеңбер құрып, бір-біріне иықтарын, аяқтарын, мықындарын бірлестіре тығыз тұрады. Бұл-тор. Жүргізуші-алтын балық-шеңбердің ішінде тұрады. Оның міндеті-шеңберден қалай да болса шығу. Ал қалғандарының мақсаты-оны шеңберден шығармауға тырысу.


«Дауысынан таны» жаттығуы

Жүрісі: Орманда адасып қалмау үшін, біз бір-біріміздің дауысымызды жақсы білеміз бе, соны тексерейік.

Балалар шеңбер құрып тұрады, шеңберді жүргізуші теріс қарайды. Барлығы ыңылдап ән салады: «Алия, сен қазір ормандасың, біз саған «Ау» деп айқалап жатырмыз. Көздеріңді қатты жұмып, сені кім шақырғанын айт».

Ойыншылардың бірі жүргізушінің есімін атайды, жүргізуші оны танып, оның кім екенін айтады. Бұл ойын 2-3рет қайталанады.

© 2010-2022