Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»

            Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39  «Қызылөзек» орта мектебі                                      Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі                                    Абишева Дамеш         Сабақ тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Мақсаты: Халқымыздың сан мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы-бабалардың  өсиет сөздерін  ұғындыру;  үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге ізет көрсетуге баулу; оқушыларды өз ойларын жеткізе білуге,  пікір айту, тыңдауға үйрету.Түрі: кезд... 1м е к т е п          2б і л і м   3қ а ш ы қ       4і н і           5п а р т   а   6ә ж е         7б а й р а   қ     8к і т а п     9ө л к е         10д о с ы         11і з е т           12б і л і м д і           13т і л е к       14к ү й м е й с і ң  
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі» Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы,

39 «Қызылөзек» орта мектебі

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Абишева Дамеш


Сабақ тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»
Мақсаты: Халқымыздың сан мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы-бабалардың өсиет сөздерін ұғындыру; үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге ізет көрсетуге баулу; оқушыларды өз ойларын жеткізе білуге, пікір айту, тыңдауға үйрету.
Түрі: кездесу, пікір алысу, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, шарлар т.б

Барысы:

  1. Ұйымдастыру.

- Сәлемдесу

- Шаттық шеңбері

Балалар, сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жылу силайық.

2. Кіріспе сөз.

- Балалар, Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтау үшін тақтадағы берілген красвордты дұрыс шешуіміз қажет.

(Балаларды тақтаға кезектестіріп шығару, красворд шешу)

1м

е

к

т

е

п

2б

і

л

і

м

3қ

а

ш

ы

қ

4і

н

і


5п

а

р

т

а

6ә

ж

е


7б

а

й

р

а

қ

8к

і

т

а

п

9ө

л

к

е


10д

о

с

ы


11і

з

е

т


12б

і

л

і

м

д

і


13т

і

л

е

к

14к

ү

й

м

е

й

с

і

ң





  1. Білім ордасы?

  2. Оқу ________ бұлағы

________ өмір шырағы

  1. Алыс сөзінің синонимі?

  2. Өзіңнен кіші бауырың

  3. Сыныптағы жихаздың бірі

  4. Әкеңнің анасы

  5. Туды тағы қалай атаймыз?

  6. Қабат,қабат қаптама, ақылың болса аттама........

  7. Туған жер - туған ............?

  8. _________ көпті жау алмайды,

  9. Үлкенге - құрмет, кішіге - ..............

  10. Білекті бірді жығады, .............. мыңды жығады.

  11. Батаның бір түрі

  12. Отан үшін отқа түссең ........................., елің үшін соғыссаң өлмейсің.

Балалар красвордқа назар аударайық. Ерекше белгіленген тордағы әріптерді қосып оқысақ қандай сөз шығады?

- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің тәрбие сабағымыз кішіпейілділікке тікелей байланысты, яғни «Кішіпейілділік-кісінің көркі» деп аталады.

3. Сұрақ-жауап бөлімі. /Оқушыларға сұрақтар қойылады, сол сұрақтар төңірегінде оқушылар жауаптарын тыңдау/

Мұғалім: Балалар, үлкенге сый-құрмет, кішіге жол көрсет дегенді қалай түсінесіңдер?

Қабілет: Ол үлкенді сыйлай білу, кішілерге үлгі-өнеге болу деген ұғымды білдіреді.

: Үлкендерге сый-құрмет дегенге кішіпейіл, әдепті, сыпайы болу деген ұғым бар.

Мұғалім: Қане, балалар, осы тақырып төңірегінде пікір алысайық. Өмірлеріңде осы тақырып шеңберінде қандай жағдайлармен кездестіңдер? Көрген кино, оқыған кітаптарыңнан мысал алуға болады. Егер қанатты сөздер білсеңдер тіпті жақсы.

Қарақат: Қоғамда өмір сүрген адамдар үшін жалпыға бірдей тәртіп ережелері болады.

Нұрмахан: Адам баласы жолдастарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасағанда, оның таныс, таныс еместігіне, алыс-жақындығына, үлкен-кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай, кішіпейіл, әдепті болуы керек. Бұл - адамгершілік борыш.

Мұғалім: Кішіпейілділік, сыпайыгершілікке байланысты қандай мақалдарды білесіңдер?

Төлебек: Сыйлай білсең сыйланарсың.

Аружан: Сыйға-сый, сыраға-бал.

Айзере: Кішіпейілділік-кісінің көркі.

Айзере: Кішіпейілділікпен кішіреймейсің.

Мұғалім: Бұдан қандай қорытынды шығарасыңдар?

А.Нұрай: Адамдар бірін-бірі сыйлай білулері керек. Сонда оны басқалар сыйлайды.

Адамдар байқағыш, сезімтал, көреген болуы керек. Егер біз өз жеке басымызды ғана ойлайтын жаман қасиетімізді тастай алмасақ, бұл әдет бізді бірте-бірте дөрекі мінезділікке, бірін-бірі сыйлай білмеушілікке әкеп соғады. Бұдан шығатын қорытынды: мәдениетті болудың алғашқы қадамы-басқаны сыйлай білу.

Назерке: Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілер қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.

Мұғалім: Кішілерге жол көрсетуді қалай түсініңдер?

Нұрғиса: Олар кішілерге ақыл айтып, ағалық қамқорлық жасауы керек.

Мұғалім:Кішілерге жол көрсету үшін үлкендердің өзі қандай болуы керек?

Нұртілеу: Үлкендердің өз басында олқылық болмауы керек. Жоғары сынып оқушыларының ішінде бас киімдерін дәлізде киіп жүру немесе қоңырау арасында алысып ойнау сияқты кемшіліктер кездеседі. Оны көрген кішкене балалар: ағаларымыз не істесе, бізде соны істейік деген ойда болып, теріс қорытынды шығаруы мүмкін.

Мұғалім: Балалар, сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?

Аружан: Сәлеметсіз бе? Аман-есенсіздер ме?

Мұғалім: Жастар үлкендермен қалай амандасады?

Ақдидар: Үлкендерге жастар бірінші болып амандасады. Қол алысып амандасқанда, қолғапты шешу керек.

Ақерке: Үлкендерге бұрын сәлем беру керек. Сәлемдесуден қашу немесе көрген адамыңды көрмеген боп өтіп кету-өрескел қылық.

Нұртілеу: Амандасқанда, ұл балалар бас киімін шешуі керек. Егер таныс адамың алыстау тұрса, оған сәлеметсіз бе деп айқайлаудың қажеті жоқ. Егер, ол сені көрсе, басыңды иіп сәлемдес.

Нұрай :Үлкендермен, қыздармен сөйлескенде, түзу тұрып, дұрыс жауап беру керек. Екі қолды қалтаға салып шіреніп тұру немесе қиқалаңдап, қозғалақтап тұру дұрыс емес, ол-сыйламаушылықтың белгісі.

Асылжан : Қалыптан тыс айқайлап сөйлеу ұят боп есептеледі. Дауысты көтермей әдеппен сөйлеу керек.

Салтанат: Көшеде келе жатқан қарт әже затын байқаусызда жерге түсіріп алса, әдепті бала оны жерден алып береді де, ауыр нәрсе көтеріп келе жатса, оны көтеріседі. Баланың мұндай қылығына қарт риза болып, алғыс айтады. Оны өз балаларына, басқаларға үлгі етіп айта жүреді. Жақсы қарым-қатынас кімді болса сүйсіндіреді, жаман қарым-қатынас қынжылтады.

Мұғалім: Алғыс-ақ тілеу, ізгі ниет. Алғыс-адам сезімі. Оны тартып та, сатып та алуға болмайды. Оған адам өзінің сыпайы мінезімен, әдептілігімен, мінсіз қызметімен, қоғамға келтірілген ерен еңбегімен ғана ие бола алады. Алғыспен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер дейді халық. Сендер алғысты қалай түсінесіңдер?

Гүлімжан: Алғыс-асыл сезім. Оны ашып айтпай-ақ, көңілмен білдіруге болады.

Жұлдызай: Алғыстың өзі сыйластықтан туындайды. Ал сыйластық-біздің қоғамымызға тән қасиет. Дәл осындай ортада өмір сүріп отырған адамдар бірін-бірі сыйлап, біріне-бірі көмекке келіп жатса ел алғысына бөленер еді.

Мұғалім: Қыздар ұлдардан гөрі, ал төменгі сынып оқушылары сендерден гөрі әлсіздеу болады. Сондықтан ұлдар үнемі қыздарға, жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына қамқорлық жасаулары, көмектесуі керек. Ол қандай көмек?

Қарақат: Көліктерге, автобустарға кірерде қарттарды, кішкене балаларды, қыздарды бұрын кіргізу керек.

Анель: Түрегеп тұрған үлкендерге өз орнын босатып беру әдепті оқушының міндеті.

Тоқтар: Өз айналамыздарға құрметпен қарым-қатынас жасау адамның жеке басының беделін түсірмейді. Шамадан тыс еңбекті де қажет етпейді. Ол әбден әдетке айналған соң ешқандай жақсы әсер етуді ойламастан-ақ өзінен-өзі жүргізіле беретін болады.

Ситуациялық сұрақтар:

Үш топқа ситуациялық сұрақтар таратылады.

  1. Не істеуге болмайды?

  2. Не істеу керек?

  3. Тыйым сөздер?

Мұғалім: Балалар біз кішіпейілділік жайлы біраз әңгімелесіп, мақалдар айтып, красворд шештік. Енді тақтадағы диаграммаға назар аударыңдар. Әр стрелкаға кішіпейілділік жайлы не түсінгендеріңді бір сөзбен жазып шығыңдар.

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Кішіпейілділік кісінің көркі»

Мұғалім: Оқушылар бүгін біздің сынып сағатымыздың қонағы, __________________________________ ортамызға келіп отыр, сұрақтарың болса қоюға болады./Оқушылар келген қонаққа сұрақтарын қояды/

  1. Қорытындылау. «Кішіпейілділік-кісінің көркі»

Біз ашық тәрбие сабағымызды бір-бірімізге жылу силау арқылы бастадық. Енді шаттық шеңберіне тұрып, мына жүректі бір-біріңе ұсыну арқылы кішіпейілділікті білдіретін тілек тілеңдер.


© 2010-2022