Ашық тәрбие сағаты, сабақтан тыс шара тақырыбы Салауатты өмір салты - ғасыр ұраны

Тәрбие сағатының  тақырыбы  :  «Салауатты өмір салты-ғасыр ұраны».     Мақсаты:     Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты                        байлығы,денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-                       зиянды,жат қылықтардан аулақ болып,салауатты өмір сүру                         екендігін ұғындыру,денсаулықтың қадірін түсіне,сақтай білуге                        тәрбиелеу,ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген                        әлдеқайда тиімдірек екендігін тү...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы : «Салауатты өмір салты-ғасыр ұраны».

Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты

байлығы,денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-

зиянды,жат қылықтардан аулақ болып,салауатты өмір сүру

екендігін ұғындыру,денсаулықтың қадірін түсіне,сақтай білуге

тәрбиелеу,ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген

әлдеқайда тиімдірек екендігін түсіндіру,дене

тәрбиесіне,салауаттылыққа дағдыландыру.

Көрнекілігі: проектор, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, мақал-мәтелдер.
Сабақтың әдісі: Кездесу, призентация сабағы.

Уақыты: 45мин.

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың қатысуын түгелдеу,назарларын тақырып аясына шоғырландыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

1 Кіріспе сөз.

2. «Салауатты өмір салты-ғасыр ұраны»

Тақырыбы бойынша басты мәліметтер.

3. Слайд-шоу. «Нашақорлық және АИВТ, ЖИТС» .

4. Сергіту сәті.

5. «Мені жалғастыр» ойыны.

ІІІ. Қорытынды.

Қорытынды сөз.

«Чемпион» әні.

Сабақ барысы:

1. Уа,халқым назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда,

Денсаулық терең байлық деген сөзді.

Құр айтпаған кешегі бабамыз да.

Армысыздар, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 7 сыныбындағы «Салауатты өмір салты-ғасыр ұраны» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

«Қазақстаным алға» әнімен Ерсаинова Аэлита.

Қабыл алыңыздар.

Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар,ол оны қолынан шығарып алады,бұдан кейінгі күні «тар жол,тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға,ең қымбатты-ол оның мәнді де,сәнді өмірі сүруі. Ал,осы өмірінің мәнді де,сәнді өтуіне оның басты байлығы-денсаулығы

тікелей әсер етеді. «Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың-жаны сау»деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.Өкінішке орай,адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты.Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да,елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып,әр-түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.

( Осы сәтте нұсқаулық- буклеттері таратылады,)

Бүгінгі кешіміздің қонағы БҚ облысы денсаулыүқ сақтау басқармасы. Облыстық СПИД -тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығынан маман иелері Төлегенов Сакен Амангелді ұлы және

Қатысып отыр. Қош келдіңіздер.

2. Кешіміздің алғашқы бөлімін осы тақырыпта жан жақты мәліметке берейік................................... Сөз мамандарға беріледі. «Салауатты өмір салты-ғасыр ұраны» Тақырыбы бойынша басты мәліметтер.

3. Слайд шоу: «Нашақорлық және АИВТ, ЖИТС».

....................................................................................................................................

(Рахмет).

4. Күтін балам алдыңда өмір сүбелі,

Ақылды алсаң тиер саған көмегі,

Ешбір затпен уламай жас денеңді,

Бағытталған мол қозғалыс керегі.

Ендеше оқушылар,келесі кезекте сергіту сәтіне кезек берейік. Балалар, сіздердің де қалыс қалмай қатысқандарыңызды қалаймыз.

1-жүргізуші:

Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын.

2-жүргізуші:

Ертеңгі жаттығумен күнделікті айналысатындар оң қолын көтерсін.

1-жүргізуші:

Таңертеңгілік және кешке үнемі тісін тазалайтындар сол қолын көтерсін.

2-жүргізуші:

Арақты зиян дегендер екі қолын төмен түсірсін.

1-жүргізуші:

Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орнында тұрып жүгірсін.

2-жүргізуші:

Бақытты да,ұзақ жасағысы келгендер,алақандарын соқсын.

1-жүргізуші:

«Денсаулық-басты байлық»дегенді қолдайтындар орындарына отырсын.

(Рахмет).

5. Өмірің болсын десең,сенің сәнді,

Ойланып айналаңа қара мәнді,

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан,

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағат сөздердің жалғасын табатын «Мені жалғастыр» ойынына кезек берейік.

жүргізуші:

Ауырып ем іздегенше,........................................... жол ізде.

жүргізуші:

Арақпен достасқаның,..............................................қоштасқаның.

жүргізуші:

Шылымды әр тартқаның,.........................................темір шеге қаққаның.

жүргізуші:

Есірткі тартса баласы,................................................ата-анасы.

Жүргізуші:

Есірткімен достасқаның,..............................................қоштасқаның.

жүргізуші:

Шылымқор өзін ғана емес, ...................................... (өзгелерді де улайды)

жүргізуші:

Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)

жүргізуші:

Ішпеген, шылым тартпаған - (Денсаулығын сақтаған)

жүргізуші:

Жасында темекісін будақтатқан - (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

жүргізуші:

Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)

жүргізуші: Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)

жүргізуші: Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)

жүргізуші:

Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

(Рахмет).

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда мәнді, салауатты өмір сүргенге не жетсін! Бұл біздің қолымызда ағайын. Еліміз егемендік алып, енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқанда осындай СПИД қатері, темекі, ішімдік, нашақор деген пәлекет жағамыздан алмасын деп тілейміз.

Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдыра отырып:

Айналайын жастарым,

Өн- бойыңды әрдайым,

Дәл осындай кеселден,

Сақтай жүрші ылайым!-дегім келеді.

Ал енді балалар бүгінгі кенштің қонағына қояр сауалдарыңыз, айтар сөздеріңіз болса, жалпы бүгінгі бағыт бағдар боенша түйген ойларыңыз қандай ...

Құрметті 1.Сәкен Амангелді ұлы және 2.

уақыт тауып біздерге келіп, оқушылардың сұрағтарына жауап беріп, салауатты өмір салтын сүру үшін бағыт-бағдар бергеніңіз үшін көп-көп рахмет, жұмыстарыңызға табыс тілейміз . (Рахмет).

Бізден сізге деген кішкене сыйлығымызды қабыл алыңыздар.

Қорытынды: Міне оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгінен бастап қамқор болыңыздар. Жастық шақтарыңның тамырына анаша, ішімдік, темекі балта шабылмасын. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды ұлы түтінге әуес, құмар болмайық дей келе, ашық тәрбие сағатымызды « Чемпион» әнімен Ерсаинова Аэлитаның орындауында қорытындылайық.

( Осы сәтте нұсқаулық- кітапшалары таратылады,) .

(Рахмет).





© 2010-2022