Білім күні Тәрбие сағаты (6 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.

Мақсаты: Бұл сабақ жас ұрпақты елінің тәуелсіздігін, егемендігін және азаттығын құрметтеуге үйретіп, бойларына адамгершілік пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Көрнекіліктер: Слайд, өлең жолдары, мақалдар, мемлекеттік рәміздер.

Кіріспе: Әнұранды орындау.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, ата-аналар сіздерді ең алдымен 30 тамыз- Қ.Р Конституция күнімен және еліміздің жарқын мерекелерінің бірі- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің мектебіміздің табалдырығын аттаған алғашқы қадамдарыңызға гүл бітсін деген тілектемін!

Сабақтың барысы:

1.Қ.Р-ң мемлекеттік рәміздері.

2.Қазақ хандығына - 550 жыл.

3. «Ойлы болсаң - озып көр» - сұрақтар қою.

4.Отан туралы мақалдардан жарыс.

5.Тақырыпқа байланысты өлең жолдарын құрастыру.

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы не біліміз?

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім Әнұран,Ту ,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Мемлекеттік рәміздерге жеке-жеке тоқталып, әрбіреуіне сипаттама беру.Оқушылар мен ата-аналардан сұрау.

2. «Қазақ хандығы» слайдын көрсету. Сұрақтар қою,оқушылардың ойларын ортаға салу.

3. «Ойлы болсаң, озып көр»- атты ойынымызды ойнайық.Оқушыларды екі топққа бөлу.

І-топтың сұрақтары:

1.Қ.Р-ң тәуелсіздік күні.

2.Қ.Р-ң астанасы.

3.Төл ақшамыз.

4.киіз үйдің төбесі.

5.Қазақтың үш биін ата.

6.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім.

7.Қ.Р. Президентінің толық аты -жөні кім.

8.Абай Құнанбаевтің әжесі.

9.Қ-ғы мем-к тіл.

10.30 тамыз қандай мереке.

ІІ-топтың сұрақтары:

1.Білім күні

2.15 қараша қандай күн.

3.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

4.Қ.Р-ң Әнұранының авторлары.

5.Ұлттық теңге айналымға қашан енгізілді

6.Мұсылмандардың діні.

7.Биыл Ата Заңға неше жыл.

8.Қазақ хандығының негізін салушылар.

9.Қарияның жастарға берер тілегі.

10.Абылай ханның шын есімі.

4. Отан туралы мақалдардан жарыс.

5.Тақырыпқа байланысты өлең жолдарын құрастырып, оқу.

Тақырыптары: «Ата Заң», «Білім күні» бұл тақырыптар оқушыларға арналған.

«Лицейдегі білім күніне арналған мерекеден алған әсерім»- атты тақырыпта ата-аналар қысқаша өз ойларын жазу.

Сабақты қорытындылау.

Кең байтақ көз жетпейтін, жерім менің,

Таулы орман,жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің.

Желбіресін байрағың желді күнде

Биіктесін мәртебең, елдігіңде.

Таныта бер, Қазақстан , бар әлемге

Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де!

Еліміздің тәуелсіздігі, еркіндігі мен тыныштығы ұзағынан сүйіндірсін дей отырып сабағымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022