Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны. Ұялы телефонның зияны

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны.

Мақсаты:
- ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру,
- ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу,

- ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу,
- баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, осы тақырыпта әңгімелесуге даярлау;

Күтілетін нәтиже:
- Қазақ қыздары мен жігіттерінің қазіргі заманға лайық техникалық құралдарды пайдалануда ақпараттық мәдениетті болуын қалыптастырады.
- Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зиянын біледі.

Жоспары

Әлеуметтік желі.

2. Ғаламтор мен ұялы телефонның шығу тарихы.

3. Сауалнама қорытындысы.

4. Ғаламтор мен ұялы телефонның пайдасы мен зияны.

5. Ұялы телефонды пайдалануға байланысты кеңестер.

6. " Ой түю, өз ойын білдіру " қорытынды.

Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбейтей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса , таң қалуға болмайды.

Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде.

Қазіргі " ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады " - деп Елбасымыз айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауда. Соның ішінде интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр .

Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және әлеуметтік желілердің ұялы телефонның алатын орны жоғары көрсеткіште тұр.

  • Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.

Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.

Ең үлкен желілер

Шетелде:

Facebook

Last.fm

LinkedIn

MySpace

Қазақстанда:

Zhelide.kz

kazlife.com

Ресейде:

ВКонтакте

Мой Круг

Мой Мир@mail.ru

Одноклассники.ru

Живой Журнал

видео

  • Интернет (оқылуы [интернет]; ағылш. Internet - International Network) -Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

  • 1991 жылы Бүкіләлемдік тор интернет пайда болды.

Қазіргі таңда «ҚазСат-2» ғарыш аппараты штаттық режимде жұмыс жасауда. Жер серігінің қазіргі атқарып отырған жүктемесі 69 пайызды құрайды.

Ұялы телефонның жасалған алғашқы байланыс тарихы 1973ж 3 сәуірінен басталды. Motorola компаниясының қызметкері, алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан өнертапқыш Мартин Купер

Өндіріле бастаған алғашқы телефон салмағы 1,15 келі болған. Әрі бағасы 4000 доллар болған.

2000 жылы Қазақстанда ұялы телефон кеңінен қолданыла бастады. 2005 жылы ауданда ұялы телефонды кеңінен қолданды.

2012 ж сәуір айынан бастап ауылда ұялы телефон кеңінен қолданды.

Интернет желісіне қосылған кез келген адам осы әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы әлемнің түкпір түкпіріндегі тұрғындармен пікір алмасып хабарлама арқылы тілдесе алады. Сондай ақ иртернет арқылы сөйлесу адамды шынайы өмірден алыстатады. « Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталайық »

Әлеуметтік желілердің, ұялы телефонның қандай пайдасы бар ?

«Техниканың жетілгені сонша, адамның да қажеті болмайды.»

Е.Лец

«Ұялы телефон бізге ешқашан бос отыруға мүмкіндік бермейді»

М.Ларни

Сауалнама жайлы қорытынды.

Видео


« Таяқтың екі ұшы бар » дегендей әлеуметтік желілердің, ұялы телефонның жақсы жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой пікірімізді таразыға салып көрейік.

Сұрақтар

Ұялы телефонды мектепте ұстаудың қажеті бар ма?

Интернеттің пайдасы қандай ?

Ұялы телефонның электромагниттік сәулесі адам ағзасына қалай әсер етеді ?

Ұялы телефонның бала денсаулығына қаншалықты зияны бар деп ойлайсыз ?

1. Ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығын білесіз бе?
2. Адам қанша уақыт ұялы телефонмен сөйлесе алады?
3. Ұялы телефон қандай ауруларға душар етуі ықтимал?
4. Ұялы телефон қандай дене мүшелеріне зиянды әсер етеді?
5. Ұялы телефонның зияндылығын қалай білуге болады?

Ұялы телефонның зияны жайлы не білесің ?

Электромагнитті ұялы телефонннан шығатын электромагниттік өрістер ол адам ағзасына біраз жиналып барып, «комулятивный действие» дейді, оның әсері 5-10 жылдан кейін бірақ пайда болады. Ол мүмкін ісік ауруы, жүйке ауруы, қан ауруы болуы мүмкін. Сондықтан, ұялы телефонды қолданғанда өте сақ болу керек.

Ғалымдар, әсіресе, «3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды» дейді. Өйткені, электромагнитті өріс, өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлатады. Сондықтан, мамандар радиотехникалық нысандардан бөлінетін зиянды толқындарды тығыздық ағымын өлшейтін аспаптармен ұдайы тексеріп отырады. Айтуларынша, антенналар мен ұялы телефондардың шегі 10 микроватт шаршы сантиметрден аспау керек.

Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.

Ұялы телефон мен көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.

Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.

Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.

Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.

Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.

Ғаламтор мен ұялы телефондағы тәуелділіктің апаратын жолы:

Зорлық-зомбылық

Қылмыс

Жыныстық бұзылу

Діншілдік

Суицид

Жүйке жүйесінің тозуы

Әртүрлі аурулар (денсаулыққа зияны)

Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді.

Әлеуметтік желі және ұялы телефон жастардың « індеті » ма немесе уақыт талабы ма ? Осы туралы ой пікірді тыңдайық.

SAR (ағылш. Specific Absorption Rates) - ұялы телефон пайдаланған 1 секунд ішінде адам ағзасына жұтылатын ең жоғары меншікті қуатты көрсететін меншікті коэффиценті. Оның өлшем бірлігі 1Вт/кг.
Еуропада рұқсат ету мәні 10 граммға 2 Вт/кг
АҚШ-та 1 граммға 1,6 Вт/кг
Ресей, ТМД-да 1Вт/см22о
SAR неғұрлым төмен болса, ұялы телефонның сапасы жоғары.
Өз ұялы телефоныңыздың SAR білу үшін нұсқаулықты оқу керек. cnews.ru/reviews/phones/sar.shtml
ask.li/sar.html



Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуальды қарым қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым қатынастардың зияның шегетін оқушылар. Сондықтан қосылыңыз әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін.

Қазіргі жастар « ұялы телефоны бардың күні жарық,

ұялы телефоны жоқтың күні қаріп » дегеннің кебін киіп отыр. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай ұялы телефонға тәуелді болып қалғандары бар. Осы тәуелділік дегеніміз не ?

Ұялы телефонды пайдалануға байланысты кеңестер.

Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.
2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен сөйлескеніңіз дұрыс.
3. SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс.
4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.
5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.
6. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.
7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс.
8. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.
9. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.
10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.
11. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.
12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.
13. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.

" Ой түю, өз ойын білдіру "

  • Қорытынды сұрақтар
    1. Сіз ұялы телефонды пайдалануыңызға өзгеріс енгізу керек деп ойлайсыз ба? Әлде сіздің қазіргі пайдалануыңыз денсаулығыңызға зиян келтірмейтініне сенімдісіз бе?
    2. Сіздің туыстарыңыз бен жолдастарыңыздың арасында ұялы телефонды уақыт өткізу үшін, музыка тыңдау үшін, жол қысқарту үшін, т.с.с. қажеттіліксіз пайдаланатын жағдайларын байқайсыз ба? Мұндай жағдайдағы сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
    3. Сіздің ұялы телефоныңыздың SAR-ы жоғары болса, коэффицент төменіне алмастырар ма едіңіз?
    4. Ұялы телефонды пайдалану ережелері немесе әдебі бар ма? Сіз құрбыларыңызға қандай кеңестер бересіз?

  • Қорытынды тұжырымдау.

  • Адам ағзасына ұялы телефон қандай зиян келтіреді?

  • Телефонмен ұзақ сөйлесу біз үшін зиянды ма?

  • Өйткені тіпті ғалымдар да бір шешімге келген жоқ. Бірақ біз осындай мәселелердің бар екенін білеміз, әрқайсысымыз қауіпсіздік жұмыс шараларын қолдануымыз керек.Балаларға, ата-аналарға мәселелерді түсіндіріп айту қажет.

  • Адамның, жасөспірімдердің денсаулығын ешқандай ақшаға сатып алуға болмайды .

  • « Бес саусақ бірдей емес » демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл қыздары көп болсын дейік . Әрине бәрі де Айтуға оңай деп бүгінгі бағдарламаны аяқтаймыз.



© 2010-2022